жаңалықтар

«Бала – Алланың берген аманаты»

Ережесіз жекпе-жектен Әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров пен танымал тележүргізуші Маржан Болатханқызы – өз саласында көпшілікке көзайым болып жүрген жастар. Бір қызығы, бүгінде ерлі-зайыпты болып, сәби сүйіп үлгерген Ардақ пен Маржанның сұхбат барысында бір-біріне сыпайылық танытатынын аңғардық. Сұрақтарымызға тиісінше ұлтымызға тән ізет, һәм ибалылығымен жауап қайтарған жас жұбайлардың әңгімесін назарларыңызға ұсынып отырмыз. 

– Алдымен қалай танысқандарыңызды айтып өтсеңіздер.

Аға буын қашанғы адасады?

Сайлауда Мәжіліс депутаттарын партия-партия ғып бөліп, «құтты орнына» қондырғанымызбен, артында шұбатылған шаңдай түйдектеліп, жауабы көп сауалдар қалды. Жеңгендер мен жеңілгендер дауы күні бүгінге дейін жалғасуда. Таяуда, белгілі қоғам қайраткері Амангелді Айталы ағамыздың «Абай kz» сайтында жарияланған сұхбатына көзіміз түсті. Сонда ол кісі алдағы мүмкін болатын жаңа қаржылық дағдарыс туралы айта келіп, былай дейді:

Саркози мен Путин тыңдайтын рэп қазаққа да жат емес

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Нью-Йорк көшелерінде пайда болған рэп бағыты (ағылшын тілінен rap – тарсыл, дүрсіл, соққы) тұтас хип-хоп мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, дүниежүзілік деңгейге көтерілді. Рэптің маңдайы жарқырап, дәрежесі өскені соншалық, миллиондаған жастарды артынан ертті, тыңдармандар тарапынан үлкен қолдауға ие болды.

Арғынбай Бекбосын: Қонаевқа араша түскенімді мақтан тұтамын

Биыл қазақтың біртуар перзенті, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 100 жыл толып отыр. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен соң ол кісінің басына қара бұлт үйіріліп, жағылмаған күйе қалмап еді. Міне, осындай ауыр күндерде айтулы тұлғаға араша түсіп, қарша бораған жаладан қорғаған азаматтар да болды. Солардың бірі – Арғынбай Бекбосын ағамыз (суретте сол жақта). Елге танымал тұлғамен жасаған сұхбатымыз осы төңіректегі әңгімеден басталды. 

Айгүл Иманбаева: «Лексусқа» «махаббатым» басылмай жүр

– Әншілер мен әртістердің көпшілігі уақытының тығыздығына байланысты оқымай-ақ, жүргізуші куәлігін сатып алады дегенді естиміз. Шыныңызды айтыңызшы, сіз де сөйттіңіз бе?
– Білгендей айттыңыз ғой… Иә, осыдан 8 жыл бұрын автомектепті оқымай-ақ «правалы» болғаным рас. Алайда, сатып алудан аулақпын, достарым туған күніме сыйлаған.

london: Әнұран қанша рет шырқалады?

Биылғы жылдың басты сайысы Лондон олимпиадасы екені сөзсіз. Бүгінге дейін Қазақстан «тұманды Альбионда» өтетін дүбірлі жарысқа 51 жолдама алып үлгерсе, оның саны алдағы уақытта да көбейе түспек.