Негізгі бет Таңдаулыға үстеу
Бөлімдер
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Барометр
  • Сайыпқыран
  • Әлеумет
  • Иман
  • Жиһанкез
  • Айбын
  • Аймақ
  • Инновация
  • Мәссаған
  • МҰРАҒАТ 2008-09
  • Қолтаңба
  • "Шпаргалка"
  • Ғибрат
  • Стиль
  • Күйтабақ
  • Армандастар
  • Аудитория
  • Темірқазық
  • Электронка
  • Зерде
  • Бизнес
  • NON-STOP!
  • Акция
  • Ракурс
  • Күлтөбе
  • Жиын
  • НОУ-ХАУ
  • Тағзым
  • Патриотизм
  • Жаңғырық
  • Премьера
  • Карьера
  • Мінбер
  • Ән-ғұмыр
  • Баспасөз
  • Елорда
  • Драйв
  • Шаңырақ
  • Кеңес
  • Эксклюзив
  • Кейіпкер
  • Параллель
  • Атажұрт
  • Ғылымхал
  • Қоңырау
  • Тұсаукесер
  • Ғаламшар
  • Ашық әңгіме
  • Ынтымақ
  • Тікелей тілдесу
  • Жаһан жастары
  • Алдыңғы толқын
  • Хобби
  • Замандас
  • Үндеу
  • Түнгі қала
  • Сұрақ-жауап
  • Сырласу
  • Шабыт
  • Ойсара
  • Ізбасар
  • Басты бет
  • Сөзіңіз аузыңызда…
  • Отаншылдық
  • Тағдыр
  • Атамұра
  • Ата Заң

  • Қыркүйек 2010
    Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    «    
     12345
    6789101112
    13141516171819
    20212223242526
    27282930  

    Газет меншік иесі:
    "Рауан баспа үйі" ЖШС
    Мекен-жайымыз:
    Астана қаласы,Сол жағалау
    Тәуелсіздік көшесі, 12/1,
    5-қабат, 515-бөлме
    Байланыс телефондары:
    49-69-17 (Бас директор)
    49-69-27 (Бас редактор)
    49-69-19 (Бас редактордың орынбасары)
    50-07-27 (тілшілер)
    факс: 50-07-28
    50-07-29 (бухгалтерия)
    E-mail: nur_astana-rauan@mail.ru

    Қуандық Мәшһүр-Жүсіп, филология ғылымдарының докторы, профессор: Мәшһүр-Жүсіп мұраларын жүйелеу бір ізге түсті


    Бөлімi: Ғылымхал | Пікір жазылмаған » | Автор: Редакция
    27.08.2009

    Мәшекеңнің өзі хатқа жазып кеткеніндей, оның жеті-сегіз жасынан бас-тап ауыз әдебиеті мен фольклор үлгілерін қағазға түсіре бастағандығы белгілі. Ерте бастан білімге, сауат ашуға бой ұрған. Тоғыз жасында «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» лиро-эпос дастандарын жатқа айтқан. Қара өлең, қайым өлең, жар-жар, шешендік сөздердің неше алуан түрлерін жастайынан жаттап өскен ақын он бес жасынан өзі де өлең жаза бастаған. Оның ақындығымен қатар асқан әулиелігі де аңыздай болып, ел арасына кеңінен тараған. Және бір ғажабы, Мәшекең жалаң ақындықпен, не ел арасындағы ауыз әдебиетінің жауһарларын жинаумен ғана шектелмеген. Оның қарымы кең, құлашы үлкен, қазақ даласының кеңдігімен сәйкес келетін ой ағымдары, аспан әлемі, жан-жануарлар дүниесі, далалық медицина, салт-дәстүр, адамның мінез-құлқы, жүріс-тұрыс ерекшелігі, қазақтың шығу тарихы, көшпенділік… бір сөзбен түйіндегенде, ол сана сүзгісінен өткізген ой-пікірлерін кез келген жерде елеусіз қалдырмаған. Сірә, Мәшекеңнің «Он бесте шабыттандым жүйрік атша, Кеудеме өлең толды сызған хатша…» деуі бекер айтылмаса керек. Ақын он бес жастан кейінгі өмірінің бәрін өлеңмен сөйлеген. Өзінің ерекше дүниетанымын, адамдармен қарым-қатынасын, нені сүйіп нені жек көретіндігін, кімнен үйреніп, кімнен жиренетіндігін де қағаз бетіне түсіруден жалықпаған. Толысып, ел көріп, жер көріп, көкірегіне біраз дүние жинақтаған ақын былайғы өмірінің әрбір күнін жазусыз өткізбеген деген де шындық бар. жалғасы »


    Ислам Жеменей, шығыстанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті: Ұлттық мүдде жоғалған жерде тонау оңай болады


    Бөлімi: Ғылымхал | Пікір жазылмаған » | Автор: Редакция
    06.08.2009

    (Соңы. Басы өткен нөмірде)

    – Парсы, араб, ағылшын, түрік, өзбек, ұйғыр, түркімен, әзірбайжан тілін білесіз. Көне парсы тілінде оқуда қиындықтар болды ма?
    – «Тарихи Рашидидің» қолжазба нұсқаларын, соған қатысты зерттеулерді сегіз мемлекеттен бес жыл бойы жинадым. Одан кейін барып, ішіне ендім. Ерекшелігі барлық жұмысымды түпнұсқадан жасадым, парсы тілінде болса парсы тілінде, шағатай тіліндегісін шағатай тілінде, өзбекшесін өзбек тілінде. Әуелі сөздіктер дайындап алдым. «Парсыша-қазақша сөздік» осы тұста жазылды. Сөздік бар, бірақ қазақшасы жоқ, тек парсыша-орысша ғана. Сөйтіп, 30 мыңға жуық сөзді қамтыған парсыша-қазақша, қазақша-парсыша сөздік жаздым. Әрі парсы тілін үйренушіге тілашар есепті бұл. Абай, Шәкәрім, Бекет ата жайлы парсыша мәтін берем, соны қазақшаға аудару керек. Құндылығы сонда. Бұл – тәуелсіздіктің жемісі. Әрбір ғалым өз саласында мемлекетшілдік, ұлтшылдық міндетін адал атқаруы керек деп ойлаймын. жалғасы »


    Ислам Жеменей, шығыстанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті: Ұлттық мүдде жоғалған жерде тонау оңай болады


    Бөлімi: Ғылымхал | Пікір жазылмаған » | Автор: Редакция
    30.07.2009

    – Төл тарихымызға қатысты тың дерек-мағлұматтың ізін Шын-Машын мен Қытай, Үндістаннан табамыз деп жүрсіз…
    –Қазақтың түркілік дәуірінен сыр шертетін қолжазбаны түпнұсқадан оқу арқылы тарихты зерттеуде кенже қалып отырмыз. Ресейдің шығыстанушы ғалымдары бізге қарағанда көш ілгері. Олардың дерек жинаудағы ұқыптылығы таңғалдырады. Ертеде саудагеріне дейін әрбір кітаптың құнын білген ғой. Саудалап, бұлдап, қадір-қасиетін біліп, ұстап жүрген. Кітаптың қадір-қасиетіне жету – отырықшылық мәдениетке ерте бейімделудің арқасы. Көшпенді өмірдің де жақсы жағы бар. ХVII-XVIII ғасырларда әбден орнығып, қалалық мәдениетті бойымызға сіңіруіміз қажет еді, сол кезде көптеген деректер қолымызда болды. Соларды ұстап қалар едік. жалғасы »


    Билік&қаржы
    «Бұрғылау»-дың қарызы бастан асады

    ҚазТАГ тілшісінің хабарлауынша, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы «Бұрғылау» жекеменшік компаниясының басшылығына наразылық ретінде 20 наурызда аштық жариялаған 16 жұмысшының төртеуі ауруханаға жатқызылған. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігіне акцияға қатысушылардың бірі - Қарлыбай Бұтанбаев телефон арқылы хабарлаған.

    Мәдениет&әдебиет
    Үміт және тәтті мұң

    Анардың туындыларынан тәтті мұңның лебі есіп тұратын тәрізді. Кенеп бетіндегі бояулар бедерінен автордың ойын оқи алмайсыз, сюжеттік желі де таппайсыз. Оның орнын мұң мен үміт ұштасқан нәзік эмоция, көңіл күй толтырып тұр. Біз сурет өнеріндегі сапарын жаңа бастап келе жатқан қылқалам шебері Анар Әбжанованың шығармашылығы туралы әңгімелеп отырмыз.

    КреслоТАҚ
    Кресло - ТАҚ емес, кім келіп, кім кетпейді…

    Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Григорий Васильевич Пинчук облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
    Г.Пинчук «Қайнар» университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. 1992 жыл мен 2000 жылдар аралығында бизнес құрылымдарында жұмыс істеген. 2000-2002 жылдары Семей қаласы әкімінің орынбасары, 2002-2007 жылдары Бородулиха ауданының әкімі қызметін атқарған. 2007 жылдың наурыз айынан - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік [...]