Қайрат КЕЛІМБЕТОВ, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының Басқарма төрағасы: Банктердің жауапкершілігі жоғары болуы тиіс
Бөлімi:
Ашық әңгіме |
Пікір жазылмаған » | Автор:
Редакция
19.11.2009
Әлемді шарпыған экономикалық дағдарыс Қазақстанды да сырт айналып кеткен жоқ. Банктердегі тұрақсыздық, қаржы тапшылығы… көпшіліктің көңілін алаңдатты. Осы ретте ел Үкіметі қабылдаған бағдарламалар экономикада оң нәтиже бере алды ма? Отандық банктердің ендігі тағдыры қалай қалыптаспақ? Дағдарысты еңсеру үшін Үкімет қандай шараларды жоспарлауда? Әр апта сайын «Астана» телеарнасынан берілетін Арманжан Байтасовтың «Ашық әңгімесі» осы тақырыпта өрбіді. Студия қонағы – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының Басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов.
жалғасы »
Мұсабек Әлімбеков, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы: Әділеттіліктің басты кредосы – жариялылық
Бөлімi:
Ашық әңгіме |
Comments Off | Автор:
Редакция
12.11.2009
Елімізде сот жүйесінде қандай реформа жүзеге асырылып жатыр, алқа билер сотының тиімділігі қандай, судьялардың біліктілігі қалай бағаланады? Осы сауалдар төңірегінде апта сайын «Астана» телеарнасынан берілетін Арманжан Байтасовтың «Ашық әңгіме» бағдарламасында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Мұсабек Тұрғынбекұлы Әлімбеков ой қозғады.
жалғасы »
Иоган Меркель, ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары: Мақсатымыз – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау
Бөлімi:
Ашық әңгіме |
Пікір жазылмаған » | Автор:
Редакция
05.11.2009
Бұл жыл көпшіліктің есінде мемлекеттік деңгейдегі сан түрлі қылмыстардың ашылуымен, лауазымды тұлғалардың түрмеге тоғытылуымен есте қалар. Заң бәріне бірдей. Ол ешкімге аяушылық танытпайды. Кейбір министрлер мен шенеуніктерге қатысты қылмыстық істің қозғалуы содан. Ал мұндай атышулы істердің үстінен қарайтын – Бас прокуратура. Олай болса, еліміздегі заңнама қалай жүзеге асып жатыр? Дағдарыс кезінде заңды айналып кеткісі келетіндер неге көбейді? Апта сайын «Астана» телеарнасынан берілетін Арманжан Байтасовтың келесі әңгімесі осы төңіректе өрбіді. Студия қонағы – Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Давидович Меркель.
жалғасы »
Денсаулық сақтау министрлігі жаңа реформа ұсынуда. Бұл өзгерістер Қазақстан халқының тұрмысына қандай өзгерістер әкелуі мүмкін? Қазақ медицинасы нарықтың талаптарына жауап бере ала ма? Дәрігерлердің беделі мен жалақысы неге төмен? Шетелдік медицинаға жүгіретін қазақстандықтар неге азаймай отыр? Жаңа жүйенің артықшылығы неде? Ол қандай қажеттіліктен туды? Міне, осы мәселелерге қатысты көпшілікті мазалап жүрген сауалдар Арманжан Байтасовтың «Ашық әнгімесінде» қозғалды. Студия қонағы – Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев.
жалғасы »
Биыл елімізде 21 миллион тонна астық жиналды. Қазақстан әлемдік астық экспорттаушы он елдің қатарындағы орнын дәлелдей түсті. Науқан кезінде халықтың жартысынан көбі агроөнеркәсіптік кешенде еңбек майданын қыздырды. Алайда, дүкен сөрелерінен отандық өнімдерден гөрі шетелдік өнімдерді жиі көреміз. Неге бұлай? Жағдайды қалай түзеуге болады? Мемлекет 2008-2009 жылдарға агрөнеркәсіптік кешенді дамытуға қыруар қаржы бөлді. Өзгеріс бар ма? Осы және басқа да мәселелер жөнінде «Астана» телеарнасынан шығатын Арманжан Байтасовтың «Ашық әңгімесі» осы тақырыпта өрбіді. Кезекті студия қонағы – «ҚазАгро» ұлттық қоры басқармасының төрағасы Асылжан Мамытбеков.
жалғасы »