Еліміздің әлем мойындаған ерекше институты — Қазақстан Халқы Ассамблеясы Астанада ХV сессиясын өткізді. Бейбітшілік және келісім сарайына лық толған қазақстандықтар Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлттық бірлік — біздің стратегиялық таңдауымыз» атты баяндамасын үлкен ықыласпен тыңдады.
