Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Интеллектуалды қоғамсыз еліміздің келешегі болмайды
Бөлімi: Тікелей тілдесу | Пікір жазылмаған » | Автор: Редакция
Өткен аптада елі мен Елбасын байланыстырған тікелей эфир өтті. Екі апта бұрын жалпы жұртқа жария етілген телефон нөмірлері мен интернет желісіндегі мекен-жайға жолданған сұрақтардың жалпы саны 34 мыңға жеткен. Егер екі жыл бұрын 7 маусымда Мемлекет басшысына интернет-конференция арқылы 4,7 мың сұрақ түссе, осы жолы тек интернет желісіне жолданған сұрақтардың саны одан үш есе асып түскен. Үш сағатқа созылған тікелей желі кезінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев 50-ге тарта сұраққа егжей-тегжейлі, толыққанды жауап берді. Ол «Қазақстан», «Хабар», «Астана» телеарналары және «Қазақ радиосы» арқылы таратылды.
Ал «Нұр Астана» басылымы жастар апталығы болғандықтан, сол сауалдардың арасынан жастарды толғандырған тақырыптарды ұсынуды жөн көрді.
