Ақын Несіпбек Айтовтың айтары бар. Балалық шағы мен бозбала күндерінің естен кетпес әдемі суреттерін бізге қапысыз жеткізді.
Ақындық дәні
Ауылым Тарбағатайдың бөктерінде еді. Шағын ғана, жиырма-отыз үй бар елді мекен. Ойын-той, шілдеханаларда ауылдың үлкендері, текеметті жайып қойып, ән айтып, айтысып жататын.
Жездем Ниязбек есік жақта сығалап, ойнап жүрген мені қызық көріп кішкентай қыздармен айтыстыратын. Ауылда Ыдырыш деген кісі болды. Көне жырлар мен діни қиссалардың түр-түрін білетін. Зарқұм-Сал-сал, Шәкір-Шәкірат сияқты жырларды жатқа соғады.
жалғасы »
– Балалар жазушысы Әнуарбек Дүйсенбиевтің шығармасын білмейтін балдырған жоқ. Үлкен-кіші болсын, әлі күнге оның өлеңдерін жатқа соғады. «Тілге жеңіл, жүрекке жылы» тиетін өлеңдердің есте сақталуы да тез…
– Иә, әкемнің өзі де бала сияқты болатын. Жайдары, әрдайым ашық-жарқын мінезімен айналасына қуаныш сыйлап жүретін. Жора-жолдастарымен бас қосқан кезде бәрін күлдіріп, қалжыңдасып отыратын. Әдебиетке деген құмарлығы ерекше болатын. Бала күнімізде бізге де «кітап оқыңдар» деп үнемі қадағалаушы еді.
жалғасы »
Әркімге асыр салған балалық кезеңі қымбат. Әйтпесе, Мұқағали ақын да «Сәби болғым келеді…» деп жырламас еді. Ал бүгінде ел ағасы атанған танымал тұлғалардың балдәурен шақтары қалай өтті екен? Осыны білмек ниетпен елімізге танымал бірнеше кісіні сөзге тартып, бір сәтке «балалық шақтарына саяхат» жасатып көрген едік.
жалғасы »
немесе жарты ғасырдан кейінгі кездесу
Жақында Қарағанды облысы Жәйрем кентінде мектепті 1960 жылы бітірген түлектердің кездесуі болып өтті. Сыныптарында 22 оқушы болған екен. Сол 22 оқушының алтауы өмірмен ерте қоштасыпты. Кездесуге қалған 16 оқушы түгелдей қатысты. Сыныптастар әбден сағынысқан екен. Бір-бірінің мектептегі қызық қылықтарын еске алып, күлісіп жатты. Дас-тархан басына жиналған сыныптастар кездесуді ұстаздары Әбдікәрім Әбдірайымұлының үнтаспаға жазылған ақ тілекті сөзімен ашты.
Сыныптастар ең алдымен, бақилық ұстаздарын еске алып, дұға етті. Алғашқы ұстаздары Қиясбек Ақшолин жайында сөз қозғап, шер тарқатысты. Содан кейін сөз алған түлектер бірі-бірінен соң баталы тілектерін айтып, оқушы кездегі қызықты әңгімелерін еске алды. Алпысты алқымдаған кісілер болса да, балаша би билеп, ән салды.
жалғасы »
– Асқаралы алпысқа келдіңіз. Мұнан көп жұрт бейхабар сияқты. Мерейтойды неге бұлайша елеусіз өткізіп жатырсыз?
– Менің туған күнім – мамыражай мамырдың жиырма бесі. Құжатымда туылған күні маусымның бірі деп көрсетілген. Әрине, алпыс деген жан-жағыңа қарайлап, өзіңе, халқыңа есеп беретін уақыт. Не істедім, не бітірдім, еліме қандай еңбек сіңірдім? Осы сауалдардың бәріне жауап беретін кезең. Соған қарамастан, ешқашан туған күнімді дабырайтып тойлаған, әспеттеген, оған соншалықты мән берген адам емеспін. Көбінесе туған күнімде гастрольдік сапарларда, концерттерде жүретінбіз.
Оның үстіне, алпысқа келдім деп несіне құлшынам?! Он алтыға толып жатсам, қарызданып-қауғалансам да той жасар едім.
жалғасы »