Күнделікті жұмыс пен үй тіршілігінен қолы босаған сәтте адамның жан дүниесі қалайтын, содан рахат-ләззат алатын іспен айналысуы бір ғанибет. Жалпы, ермекке баланатын осындай қарекет кейде оның өмірінің мәніне айналып жатады. Ақтөбелік Әсия Ойнарованың балық сүйегінен түрлі бейнелер жасауы бұл сөзіміздің дәлелі болады. Әйтпесе, ол – есепші. Қаладағы тағдыр қатыгездігін тартқан мүгедек жандарға көмек көрсететін мекемеде қызмет істейді. Өзі де туа мүгедек бұл кісі адамдарға жаны ашып, қолдан келген бар жақсылығын жасауға дайын тұрады. Қазақ мұндай адамдарды жүрегі үлкен деп жатады.
жалғасы »
Соңғы уақыттарда саясаткерлердің хоббиі туралы жиі айтылып жүр. Бұл кейде тіпті олардың имиджінің бір бөлігі ретінде қарастырылады.
жалғасы »
Бұл кісіні жұрттың көбі біледі. Әдемі киініп алып, жалаңаяқ келе жатқан адамға әуелде тосырқай қарайтындар көп. Үстінде ақ көйлек, мойнында галстук, бет алысы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Профессор Нұрғали Қойшыбаевты Эйнштейн теорияларына ден қойған, физиканы қазақша сөйлеткен үлкен ғалым ретінде танитындар оның бұл жүрісіне көп мән бермейді.
жалғасы »
Біздің түсінігімізде, полиция қызметкері тек адамдардың құқығын қорғайтындай ғана көрінеді. Оның жеке өмірі, ермегі барын ұмытып кетіп жатамыз. Шымкент қалалық Ішкі істер бөлімінде учаскелік инспектор болып қызмет істейтін полиция подполковнигі Нұрғали Исаховтың саяжайда алуан түрлі гүл өсіріп, оны суарудан ләззат алатынын әріптестері де, өзге жұрт та біле бермейді. Қызметтен шаршаған кезде оның бұл ермегі миын тынықтырып, сергек жүруіне көмектеседі екен.
жалғасы »
Н.В.Гоголь атындағы көркемсурет училищесін бітірген торғайлық азамат Мұқаметқали Рахалиев кәсіби суретші ретінде қылқалам құдіретін әбден меңгерген. Салған суреттері көрген жанды қапысыз толғандырады. Соңғы жылдары карикатуралық суреттері талай басылымдарда жарық көрді. Өмірдің ащы шындығын қылқаламымен түйіндеп, келеңсіздік атаулыны өткір түйрейтін суретші «Суретім менің – құдіретім» атты кітап та шығарды.
жалғасы »