
Анардың туындыларынан тәтті мұңның лебі есіп тұратын тәрізді. Кенеп бетіндегі бояулар бедерінен автордың ойын оқи алмайсыз, сюжеттік желі де таппайсыз. Оның орнын мұң мен үміт ұштасқан нәзік эмоция, көңіл күй толтырып тұр. Біз сурет өнеріндегі сапарын жаңа бастап келе жатқан қылқалам шебері Анар Әбжанованың шығармашылығы туралы әңгімелеп отырмыз.
жалғасы »
Өз заманының ойшыл-философы, зерттеушілердің басшысы, ғұлама ғалымдардың патшасы, әзірет қажы Омар ибн Хаййам әл Ибрахим (Алладан оған саламат болсын) былай деген:«Кәміл ақыл тұрғысынан зерделеп қарағанымда сөзден асыл, сөзден асқақ ешнәрсені таба алмадым, өйткені, сөзден артық әлдене болғанда, Алла тағала оны пайғамбарына білдірген болар еді. Араб тілінде: өмірдегі ең жақсы сұхбаттас - кітап делінген .
Омар ХАЙЙАМ жалғасы »
Жер бетіндегі ат төбеліндей қазақ дейтін халықтың болмысы мен тарихын картиналар галереясына айналдырған бір адам болса, сөз жоқ, ол - Әбілхан Қастеев. Сурет салуды «Таудың бұлағынан, қойдың құлағынан, апамның киізінен, ешкінің мүйізінен үйрендім» деген Қастеев ақиқатында ұлттық бейнелеу өнеріміздің бәйтерегі екендігін иісі қазақ мойындайды. Қастеевтің шапанынан шыққан Ж.Шарденов, Ү.Әжиев, Қ.Телжанов, С.Айтбаев, кейінгі буын Ағымсалы Дүзелханов, Ерболат Төлепбай сынды саңлақтардың өзі осы бір томашадай қара шалдың құдіретін сезініп, қылқаламының киесіне бастарын игені - осының дәлелі болса керек. Сонда, ғұмырында кәсіби білім алып көрмеген, аузымен құс тістеген классиктермен бой таластырамын деп мойнын көкке созбаған қазақ суретшісінің ұлылығының сыры неде? жалғасы »
Жаннат ҚУАНЫШЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі: Өзім экраннан көруге ұялмайтын рөлдерімнің бәрі ыстық
Бөлімi:
Мәдениет&әдебиет |
1 пікір жазылған » | Автор:
Редакция
25.12.2008
Актриса Жаннат Қуанышева киносүйер қауымға «Айдай сұлу Айсұлу», «Гауһартас», «Қараша қаздар қайтқанда» фильмдері, «Тоғысқан тағдырлар» сериалы арқылы жақсы таныс. Ал оны халық сүйіспеншілігіне бөлеген ең алғашқы рөлі «Гауһартас» фильміндегі Салтанат бейнесі екендігі шүбәсіз. Көрермен көкейінде қазақ аруы Салтанаттың кейпінде сақталған актриса қазір қайда? Не істеп жүр? Жеке өмірінде қандай өзгерістер бар? Осы сауалдардың жауабын актрисаның өз аузынан естісек.
жалғасы »
Кино - әр ұлттың табиғатын танытушы, мәдениетін насихаттаушы идеологиялық «қару». Алғашында француздық ағайынды Люмерлердің «Пойыздың келуі» атты әуесқойлық фильмінен басталған кино өнерінің таралуына да жарты ғасырдан астам уақыт өтіпті. Осы аралықта әр мемлекет өз фильмдері арқылы әлемдік көрермен арасында қолтаңбасын қалыптастыруға күш салды. жалғасы »