Жаз айы басталысымен сусын мен сыра сатушылардың саудасы қыза түседі. Сыраның денсаулыққа кері әсері туралы айтпаса та түсінікті. Ал сусынды зиянды дегенге ешкім сене қоймас. Бірақ бар гәп оның қандай судан дайындалғанында. Көпшілігіміз «Кока-кола», «Спрайт» сияқты түрлі бояғыштар мен концентраттар қосылған сусынды ішеміз. Медицина оның денсаулыққа зиянын дәлелдеген. Бірақ соны біле тұра, одан бас тартқандар байқалмайды. Ертеде ең таза сусындардың қатарына квас, компот, лимонадты қосатынбыз. Алайда, бүгінгі кейбір кәсіпкерлер зауыттан арнайы шығарылған концентраттардан квас өндіріп, көпшілік көп жүретін орындарға тізіп қойған. Тіпті санитарлық талаптарды сақтамаған қожайындар заң талабынан да оңайлықпен ыға қоймайды. Осыдан кейін тұтынушылар тарапынан квастың сапасына наразылықтар туындап жатады. Ал біздің айтпағымыз табиғи квас жайлы.
жалғасы »
Психолог мүгедек балалардың жан дүниесінің қалыптасуына қалай көмектеседі?
Жаны жабырқаулы, жанары мұңлы мүгедек-балалардың өмірге бейімделуі өте қиын. Бірінің аяқ-қолы икемге келмесе, бірінің ақыл-есі жетілмеген, енді бірі өмір бойы төсекке таңылған. Мұндай сәбилердің қоғам қалтарысында елеусіз қалып жататыны рас. Статистикалық деректерді сөйлетсек, Қазақстанда түрлі деңгейде 386,2 мың мүгедек тіркеліпті. Олардың 211 мыңы әйелдер болса, 49,8 мыңы – 16 жасқа дейінгі жеткіншектер. Ал туабітті мүгедек болып қалғандар – 58,8 мың. Соңғы жылдары кемтар сәбилердің саны артқанын дәрігерлер де жасырмайды.
жалғасы »
Келесі аптада Елбасының қатысуымен ІV Азаматтық форум өтеді. Астанада өткізілгелі отырған форумның ұйымдастыру мәселелерін талқылауға байланысты қоғамдық кеңес құрылған болатын. Бірер күн бұрын сол кеңес БАҚ өкілдері мен үкіметтік емес ұйым мүшелерінің басын қосып, дайындық жұмысын талқыға салды.
жалғасы »
Жуырда Астанадағы ҚР Ұлттық Академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясы және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бастамасымен халықаралық ғылыми семинар аясында этносаралық төзімділіктің қазақстандық үлгісінің тұсаукесер рәсімі өтті. Сонымен қоса Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) жанындағы сарапшы-журналистер клубының жобасымен таныстыру шаралары да өткізілді.
жалғасы »
Бүгінгі қоғамның көрінісі осы ма, әлде жат жұрттан жеткен сұмдық па, соңғы кезде жас балаларды зорлау оқиғасы қаптап кетті. Биыл 3 қарашада Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы ІІБ кезекші бөлімінен қалалық ауруханаға мас күйінде және дене жарақатын алған Ғайрат ауылының 19 жасар тұрғыны жеткізіледі. Тексеру кезінде оған оқ атылғаны анықталған. Неге?
жалғасы »