Елбасы Н.Назарбаев Білім күні қарсаңында «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенінде болып, ондағы ҚР Ата заңының 15 жылдығына арналған жаңа «Мыңжылдықтар тоғысындағы Қазақстан» диорамалық павильонын аралап көрді. Диорамалық павильон – этно-мемориалды кешеннің экспонаттары арасында өзіндік айшықты орынға ие. Грек тілінен аударғанда «диорама» термині – «көрініс», «оқиға» деген мағынаны береді. Диорамаларда Қазақстан территориясында алғашқы адамның пайда болған және қазіргі тәуелсіз Қазақстанның, оның ішінде еліміз жылнамасының жарқын бетіне айналған елордамыз Астананың қалыптасуы мен дамуы сынды ел тарихындағы маңызды кезеңдер көрсетілген. Жарты шеңбер түрінде иілген картина көрерменге оқиғаның тап ортасында жүргендей әсер қалдырады. Павильонға Ә. Қастеев, А. Дүзелханов, К. Әжібек, К. Ахметжанов секілді Қазақстанның жергілікті суретшілері мен Қ. Ақышев, Б. Аяған, А. Төлеубаев секілді еліміздің көрнекті тарихшы, археолог, этнографтарының еңбектері қойылған.
жалғасы »
Батыс Қазақстанда нұротандық бақылау бекеттері көбеюде. Олардың саны бүгінде 175.
жалғасы »
Жуырда елордада Ата заңымыздың 15 жылдығына орай «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Парламент депутаттары, Конституциялық кеңес өкілдері, орталық билік органдарының басшылары, шетелдік Парламенттердің, Конституциялық бақылау және сот органдарының өкілдері, танымал құқықтанушы ғалымдар атсалысты.
Алқалы жиынның ашылу салтанатында Мемлекет басшысы еліміздің соңғы 15 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерін саралай келіп, осы игіліктердің барлығы Конституциялық заңнамалардың аясында қабылданған нақты әрекеттердің жемісі екендігін атап өтті.
– Ата заңымызда нақты заң тілінде барлық халыққа түсінікті, жалпыға ортақ құндылықтар қамтылған. Бұл – достық пен келісімде жүзден астам этнос, қырық алты діни бірлестік өмір сүріп жатқан қасиетті Қазақстан жерінің біртұтастығы. Бұл – жынысына, нәсіліне, ұлтына, дініне, тіліне қатысты және басқа да ерекшеліктеріне орай кемсітушіліктерге тыйым салынғаны, – деді Елбасы өз сөзінде. Халықаралық конференция барысында Қазақстан басшысына құқықтық мемлекеттің және азаматтық қоғамның институттарын дамытуға зор үлес қосқаны үшін Халықаралық Заңгерлер одағының «Фемида» жоғарғы заңгерлік сыйлығы берілгенін айта кеткен жөн. Фемиданың мүсінін Елбасына Халықаралық Заңгерлер одағының төрағасы Андрей Требков табыстады.
Жуырда Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы және «Қазақстан Жастар конгресінің» ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық саябағында республикалық «Тау фестивалі» өткізілді. Шараның басты мақсаты – жастар саласындағы қазақстандық патриотизм мен азаматтық құндылықтарды дамыту, жас-тар қоғамдық ұйымдары мен қозғалыстарының өзара тәжірибе алмасуына көмек көрсету.
Осы орайда, еліміздің белсенді жастарының және жастар қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясаты» Заңының жүзеге асырылуы тақырыбында «дөңгелек үстел» де өткізілді. Күн тәртібі аясында Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясаты туралы заңның жүзеге асырылу тетіктері талқыланып, аталған тақырыпқа сәйкес қарар қабылданды.
Сондай-ақ фестиваль күн тәртібіндегі жастар саясаты төңірегінде пікір алмасу, тәжірибе бөлісу мақсатында семинар-тренингтер кешені ұйымдастырылды. Тренинг барысында мемлекеттік жастар саясаты заңының іске асырылу тетіктері: жастардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау; оларға тәрбие беру мен жан-жақты білім алуларына жағдай жасау; әлеуметтік-экономикалық жағдаймен қамтамасыз ету; Жастардың денсаулығын қорғауын қамтамасыз ету; салауатты өмір салтын сақтау; болмысы мен мәдени және рухани тұрғыда дамуын жетілдіру; жас отбасыларды қолдау сынды 7 бағыт бойынша қарастырылды.
Фестиваль аясында, сондай-ақ, бұқаралық спортқа қатысты өзара сұхбаттар жүргізілді. Бұдан әрі шағын футбол, волейбол, баскетбол, гандбол сияқты түрлі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.
«Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалының заңгерлері «Жол картасы» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан істерді бақылауға а
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасы бойынша партия өкілдері Шарын, Шонжы ауылдарында «Жол картасын» жүзеге асыру барысында бірқатар кемшілікке жол берілгендігін анықтады. Жүргізіліп жатқан құрылыстарды және мектептердегі жөндеу жұмыстарын тексеру барысында күрделі жөндеу жұмыстарына қажетті құрылыс материалдары өз мезгілінде әкелінбегендігі, жұмыс кестесі сақталынбағандығы мәлім болды. Мәдениет үйінің ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына, мәселен, облыстық бюджеттен 14 259 912 теңге қаржы бөлінген. Келісімшарт бойынша 2 881 113 теңгенің жұмысы жүзеге асырылуы тиіс болатын. Бірақ «Құмжота» ЖШС тарапынан ол талаптар орындалмай отыр. «Келісімшартқа сәйкес, бюджетке 117 672 теңге айыппұл төлеу туралы талапхат жіберілді» дейді «Нұр Отан» ХДП Ұйғыр аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Б. Бахтахунов. Бүгінде Азаматтық кодекстің 5-тармағына сәйкес, серіктестіктің құжаттары облыстық экономикалық сотқа жіберілуге дайындалуда.