Заман ағымына сай қазіргі студенттің өмірі үнемі қозғалысты қажет етеді. Ал таңертеңнен сабаққа асығатын Астана студенті оқу орны жақын болса ақшасын үнемдеп, жаяу жүгіреді. Институт немесе университет алыс болса, қимай-қимай қалтасындағы барын қағып, немесе бірі екіншісінен қарыз алып, жолақының толық құнын төлеп, автобусқа мінеді. Сөйтіп, оқу орнына әупірімдеп жетеді. Ол ол ма, елордадағы жоғары сынып оқушыларына да жеңілдік жасалмаған. Ау, еліміздің бас қаласы, бөтен ел-жұртқа мақтанышпен көрсететін әсем астанамыз студенттер мен жоғары сынып оқушыларына неге мұнша қатыгездік танытады? Қазақстанның өзге қалаларында жолақының жарты құнын төлеп жүретін құрбы-құрдастарынан астаналық студенттердің несі кем? Онсыз да жартықұрсақ студент жастарға қала басшылығы жеңілдік жасауға неге қарсы? Неге бұл мәселеге келгенде халық қалаулылары да жұмған ауыздарын ашпайды? «Астанада студенттер жолақысын жеңілдетуге болмайды, олай етсе, жолаушылар тасымалымен айналысатын автопарктердің жағдайы нашарлап, шығынға батады» деген қатып қалған догманы ел ағалары қолға алып, саралап, тұйықтан шығудың жолын неге іздемейді? Айта берсе сауал көп.
жалғасы »
Табыл Құлияс – өткен ғасырдың елуінші жылдарынан республикалық, облыстық басылымдарда фельетон, очерк, әңгімелерімен оқырмандарынан орынды бағасын алған. Сатирик, жазушының «Кесілген бұрым», «Қоңыраулы күлкіграмма», «Сауда сақал сипағанша», «Жалмауыз» атты фельетондары, сықақ әңгімелері жинағымен қатар «Қара терең», «Ши оқ», «Құйын» роман, повестері де қазақ сатирасына өзіндік үлес қосты. Соңғы жылдары «Ақмылтық», «Жегі» атты төрт томдық таңдамалы шығармасы да оқушы қолына тиген болатын.
Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Б. Қыдырбекұлы атындағы сыйлықтың иегері Табыл Құлияс шығармашылығының тағы бір қыры очерк, публицистика болса, Ресей мұрағат, мұражайларынан, әсіресе Омбы, Орынбор, Барнаул, Кемерова, Қазан қалаларындағы елімізге қатысты тарихи құжаттар бойынша «Қан жоса ғасыр», «Қырғын», «Қан кешу» кітаптарын жазып бітірді. Бұл шығармаларында сталиндік зұлмат кезеңде ел басына туған ауыртпалықтың тарихымызда бұрын-соңды кездеспеген деректері жетерлік. Біз осы кітабына енген үзіндісін жазушының 75 жылдығымен құттықтап жариялап отырмыз.
Редакция
жалғасы »
Заман ағымына сай қазіргі студенттің өмірі үнемі қозғалысты қажет етеді. Ал таңертеңнен сабаққа асығатын Астана студенті оқу орны жақын болса ақшасын үнемдеп, жаяу жүгіреді. Институт немесе университет алыс болса, қимай-қимай қалтасындағы барын қағып, немесе бірі екіншісінен қарыз алып, жолақының толық құнын төлеп, автобусқа мінеді. Сөйтіп, оқу орнына әупірімдеп жетеді.
жалғасы »
Редакцияға Астана қаласының тұрғындары Мұхамедия Қонысов пен Раушан Кәрібаевадан хат келді. Олар полиция мен 1-ші сот инстанциясы қызметкерлерінің алдын ала тергеу және қылмыстық істі сотта қарау барысында қылмыстық-процессуальды заңдылық талаптарын өрескел бұзуы салдарынан балалары Талғат Қонысов пен Еркебұлан Сқақовтың жапа шегіп отырғанын жазады. Және елордадағы Сарыарқа аудандық прокуратурасы қызметкерлерінің салғырттығына налиды.
жалғасы »
Міне, жадырап жаз айлары да келіп жетті. Дәп осы кез жасөспірімдер арасындағы қылмыстың да белең алатын шағы. Өйткені, оқушылардың сабақтары аяқталып, жаппай жазғы демалысқа шығады. Сөйтіп, олар мектеп пен ата-ана бақылауынан аз да болса «бостандық» алады. Қолы бос, қыдырыстап жүрген балаға «әй дейтін әже, қой дейтін қожа» азаяды. Міне, осындай кезде жасөспірімнің қылмысқа ұрыну қаупі мол. Ал, оларға бас-көз болып, басу айтып отыратын ата-ана мен ұстаздар қауымы да бұл кездерде жазғы еңбек демалысында жүруі әбден мүмкін. Болмаса жұмыста. Жаз айлары мың сан мәселенің қоздап, шаруаның шаш етек шағы емес пе?!
жалғасы »