Әбдулқайым КЕСИЖИ, Саясаттану ғылымдарының докторы, Еуропа қазақ қауымдастығы федерациясының төрағасы: Түбінде түгелдей атажұртқа ораламыз
Бөлімi:
Тұлға&тұжырым |
Пікір жазылмаған » | Автор:
Редакция
26.03.2009
- Әбдулқайым аға, сырттағы есімі елге белгілі зиялы қандасымыздың бірісіз. Дегенмен, жалпақ жұртқа өзіңізді тағы бір таныстырудың артықтығы жоқ-ау…
- Саясаттанушы ретінде Түркиядан бастап, Батыс елдерінің бірқатарына барып, зерттеулер жүргіздім. Өзім Стамбул университетінің журналистика факультетін бітіріп, кейін халықаралық қатынастар, саясаттану саласында білімімді жалғастырдым. 1995 жылға дейін Германияда «Азаттық» радиосында жұмыс істедім. Түрік университетінде кафедра меңгерушілігін атқардым. Біраз уақыт неміс университеттерінде дәріс оқыдым.
Германияның Мюнхен қаласында тұрамын. Қазірде қоғамдық жұмыстармен айналысудамын. жалғасы »
- Ұлттық мүддемізді алдыңғы орынға шығару үшін ұлт жанашырларына не кедергі болып жүр?
- Ашығын айтайық, кешегі отарлау саясаты кезінде толық ұлт ретінде қалыптаса алғанымыз жоқ. Әрине, Ресей бізге біраз нәрсені беріп кетті. Бірақ алғаны одан да көп. Кеңес өкіметі орнаған бойда әрбір ұлт өз-өзін басқару ұранын көтерді. Алаш қайраткерлері сол Кеңес өкіметін орнатқандардан ешбір кем болған емес. Олар бастысы - ұлтын жан- тәнімен сүйді. Сондықтан да оларды «ұлтшылдар» деп жазалады. Шын мәнінде, ұлтшыл деген жақсы ұғым. Дегенмен, ол кісілердің ешқайсысы да өзге ұлтты өз ұлтынан кем көрмеген, ешуақытта да өз ұлтын басқа ұлттан артық санамаған.
Кеңес өкіметі кезінде «мазмұны - социалистік, түрі - ұлттық» деген идеология болды. Сонда мазмұны бір бөлек те, түрі бір бөлек қандай идеология? жалғасы »
Қазақстан тарихы тағы да екі кітаппен толықты. Жақында Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «На изломе: Алаш в этнополитической истории Казахстана» және «Присоединение Казахстана и Средней Азии к России (XVІІІ-ХІХ века)»деп аталатын кітаптардың тұсаукесері өтті. жалғасы »

Небір сөздер болады!
Өз өртіне өзі өртеніп кете жаздап тұратын да сөздер болады.
Доспамбет жыраудың соңғы демі жарық дүниенің ең соңғы бір сабақ жібіндей болып үзілгелі жатқан сәтте, бұ дүния мен о дүния ақын көкірегінде түйісіп қалған сәтте, ақынды ала қашуға келген ажалдың алдынан жасын жырлар от шашқан сәтте ажал да адамға тәуелді болып қалған сияқты. Отты жырлар ақынның оққағарларындай ажалды аластап, оны көпке дейін өз иесіне маңайлатпағандай әсер береді.
Ақынның қысқа ғана өмірбаянында оның соңғы сөздері делінетін өлеңдері ажал алдындағы адамның асыққан сөздеріндей емес, ғұмыр философиясының теориялары болып тереңнен, дәуірдің деректерін екшегендей баппен, жүз жасаған адамның сөзіндей байсалдылықпен айтылады. Бұл сөздер – өз иесінің өмірін ұзарта түсуге қызмет еткен киелі сөздер.
Жарық дүниеден озарында соңғы сөзін айтып қалуға мүмкіндігі болған адам Жаратушы иеміздің аса зор рахымшылығы түскен адам шығар. Егер солай болса, мұндай рахымшылыққа бөленген жанның бірі –Доспамбет жырау. Ол 1523 жылы қазіргі Астрахань маңында ұрыс үстінде опат болған көрінеді. Доспамбет жырау сонда отызға да жеткен жоқ екен.
жалғасы »
– Бақытжан Ертайұлы, «Халық қаһарманы» мәртебелі атағына ие болуыңызбен!
– Рахмет! Алдымен Ауған соғысы ардагерлерін құттықтағым келеді. Бұл Ауғанстанда от кешкен қаракөз қазақ жігіттерінің қаһармандық ерлігін бағалап берілген награда деп білемін. Екінші, әскери қызметте жүргенде сіңірген еңбегімнің ескерілгені шығар. Бейбіт кезеңде Отан қорғау сапында тұрған сарбаздар мен Қорғаныс министріне дейін құттықтаймын. Бұл жалпы еліміздің болат қалқаны – әскеріміздің қызметін бағалағандық…
…Ол кезде Отанымыз тыныштықта өмір сүріп жатты. Ал 18-ден асқан жастар Ауған жерінде соғыста болды. Әрине, мұның көп қиыншылықтары бар еді. Біреудің баласы үйленіп, мәре-сәре той жасап жатса, көршісінің ұлы Ауғанстанда қару асынып, қанды шайқастардың ішінде жүрді. Ата-анасы күніне мың қайтара құдайға сыйынып, «баламды аман-есен сақтай гөр» деп жалбарынумен уақыт өткізді.
жалғасы »
« Алдыңғы пікір