Пәтердің қоңырауы қағылды. Ашсам, қазақтың өрімдей екі бойжеткені. Өздері тым сыпайы. Қазақша еркін сөйлеп тұр, тілдері жатық. Амандық-саулық сұрасқан соң қолыма жылтыр ақ қағазға басылған шақыртуды ұсынды. Онда отбасымызбен бір діни сектаның семинарына шақырылыппыз.
- Ағай, міндетті түрде қатысыңыз, апайды да ертіп келіңіз. Өкінбейсіз. Оқу тегін. Қайта адам басына мың теңгеден төленеді. Қызықты кітаптар тегін таратылады, - деп тақылдап тұр. Мұндайда не деуге болады?..
жалғасы »
Мен шетелден тарихи Отанына шынайы сүйіспеншілігін арқалап жеткен көп қазақтың бірімін. Жат елдің тілін үйреніп, тарихын оқып, әнұрандарын әуелетіп жүріп ержеттік. Өз ұлтын сүюдің өзі қылмыс болып, әлдекімдердің адырайған қабағына, едірейген мұртына қарап, іштен тынып жүрген кездерді бастан өткердік. Есейген сайын өзіміздің біреу үшін қарға құрлы қадіріміз жоқ екенін сезіне бердік. Сонда «шіркін, менің қазағымның тәуелсіз елі, ай маңдайы жарқыраған көсемі, зеңгір көкте желбірейтін мемлекеттік туы, асқақтата шырқайтын әнұраны, нұр шашқан елтаңбасы болса!..» дейтін бір арман кеудені кернегенін жасыра алмаймын. Бұл менің ғана емес, сол кездегі бүкіл дүниежүзі қазақтарының асыл арманы еді.
жалғасы »
Кезінде Астана әкімі Асқар Маминнің шешімі-мен шаһардағы Орталық базар қаланың сырт жағына көшірілген болатын. Базарды көшіруге қарсылық танытқан көпшілікке әкімдік тарапынан «бұл қаланың тазалығы үшін қажет. Әрі көлік тығыны мен қым-қуыт айқай-шу азаяды…» деген сыңайлы уәждер айтылды.
жалғасы »
ШЕТЕЛДІК КИНОЛАРҒА ҚАРЫҚ БОЛАСЫҢ
Аргентиналық, бразилиялық «ырду-дырдуы» мен орыстың «братвалары» бізге не үлгі берерін қайдам, әйтеуір біздің Қазақстан телекеңістігін билеп тұр.
Соңғы 15 жылда қазақ киносы көш соңында келе жатыр десек қателеспейміз. Өйткені, 1995-2000 жылдарда Қазақстанда 45-ақ фильм түсіріліпті. Рас, қазақ киносы экраннан жарқ ете қалса, оған аса қызығушылық танытпай, керісінше Ресейдің «братваларына» көрермен көп қызығады.
жалғасы »
Мұғалім оқушыларға психологиядан сабақ беруде: - Адамды ашуландыратын 3 фаза бар. Оны мен қазір дәлелдеймін, - дейді де, телефоннан кез келген сандарды теріп: - Алло, кешіріңіз, Болат үйде ме екен? - деп сұрайды. - Жоқ, сен қате терген боларсың, бұл Болаттың телефоны емес, - деген жауап келеді. Мұғалім: - Көрдіңдер ме, ол әлі ашуланған жоқ. Енді 2-фазаға көшеміз, - дейді де, әлгі нөмірге қайтадан қоңырау шалады. Тағы да Болатты сұрайды, бұл жолы арғы жақтағы адамның «Мұнда Болат тұрмайды! Сен түсінбейтін неғылған адамсың!» - деген зілді үні естіледі. - Әне, оның жүйкесі тоза бастады! - деп мәз болады оқытушы өз ісін қызықтап. - Қазір 3-фазада ол сорлының жан даусы шығатын болады.
жалғасы »