ҚазТАГ тілшісінің хабарлауынша, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы «Бұрғылау» жекеменшік компаниясының басшылығына наразылық ретінде 20 наурызда аштық жариялаған 16 жұмысшының төртеуі ауруханаға жатқызылған. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігіне акцияға қатысушылардың бірі - Қарлыбай Бұтанбаев телефон арқылы хабарлаған. жалғасы »
Басы ашық мәселе - қаржылық дағдарыс қос бүйірден қысқан қысылтаяң шақта мемлекет үнсіз қалмай, дағдарысқа қарсы бағдарламаны қабылдап үлгерді. Жұртқа белгілі болғанындай, осының негізінде шағын және орта кәсіпкерлік пен ипотекалық несиені, инвестициялық жобаларды қайта қаржыландыру мақсатында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорынан қосымша қаржы бөлінген-ді.
Өткен сейсенбі күні «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаевтың басқаруымен Партияның бақылау комитеті және Дағдарысқа қарсы бөлінген мемлекеттік қаржының пайдалануын бақылау жөніндегі комиссияның бірлескен отырысы өтіп, онда мемлекет қоржынынан бөлінген қомақты қаражаттың нақты қайда, қандай мақсатқа жұмсалып жатқандығы талқыланды. жалғасы »
Осыдан екі-үш жыл бұрын көпшілік арасында еліміздегі құжат-тандыру жұмысына наразылық басым болғаны белгілі. Жеке басты куәландыратын құжаттарды рәсімдеу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, жылжымайтын мүлікті есепке қою, тұрғын үйдің мемлекеттік актісін алу деген шаруаларды тындыру үшін талай-талай табалдырықты тоздыруыңызға тура келетін.
Оған қаншама уақытыңызды сарп етіп, сосын қажетті құжаттың дайын болуын айлап күтетінсің. Бұл машақат «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) жұмысы жолға қойылғаннан кейін жеңілдеді.
Бүгінде елімізде 260 ХҚКО жұмыс істесе, елордада олардың саны жетеу. Солардың бірі - Астана қаласындағы №1 «Алматы» аудандық ХҚКО-да күнделікті 700-800 азаматтың өтініштері қанағаттандырылады. 19 құжат қабылдау терезесіне тұрғындар осында көрсетілетін қызметтердің барлық бағыттары бойынша жүгіне алады. жалғасы »
Қазақстанның алдында ЕҚЫҰ-ға 2010 жылы төрағалық етуіне байланысты ел ішінде шешілуге тиісті бірқатар маңызды мәселелер бар. Беделді ұйымға басшылық ету мерзімінде ұпайымызды да түгендеп, өз кезегінде оның жұмысына да серпін беру миссиясын абыроймен атқаруымыз қажет-ақ. Осы бағыттағы жоспарға Үкіметтің сейсенбідегі кезекті мәжілісінде талдау жасалды. жалғасы »
«БТА банк» Директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әбілязов қазақтың ен байлығын сыртқа сатудан түскен, бірақ өзге елдің банктерінде шөгіп жатқан мол қаржыны өзімізге қалай қайтарудың жолын біледі. Заңды тұлғалардың корпоративтік депозиттерінің сақталуына мемлекеттің кепілдік беруі - шикізат экспортының нәтижесінде шетелдік банктердің есебінде жатқан 10 млрд. доллардан астам ақшаны Қазақстанға қайтара алады. Мұхтар Әбілязовтың пікірі осындай. жалғасы »