Ұлт руханиятын биік белеске көтерген тұлға
Бөлімi: Білім&ғылым | 1 пікір жазылған » | Автор: Редакция
Бүгінгі қазақ Әлихан Бөкейхан десе, ойланып һәм тебіреніп қалады. Өйткені қазір бізде білтенің жануға шығарылған бөлігіндей зиялылық болса, соның негізін Әлихан мен Ахметтер қалағанын іштей сезінеді…
Қазақ қауымын жаңарту қозғалысының басында тұрған Әлиханның қызметін бірыңғай саясатпен шектеуге болмайды. Алаштық кезеңнің күллі зәрулігін сезінген ол: «Білгенді қылам дегенге жұрт қойып жатыр ма? …Мен сыншы (руханият жанашыры деп түсініңіз) фарызын өткеруге құл болдым», - деп жазды. Бұл - бір. Екінші, А.Байтұрсынұлы сынды мәдениет серкелері өмір сахнасына шығу үшін оларға мұрындық болар тыңнан түрен салған қаламгерлер керек еді… жалғасы »
Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында оқып жатқан жастар әлемдік еңбек нарығының нақты жағдайлары мен қажеттілігі, мемлекет тарапынан оқу үшін бөлінген қаржы көлемі, өз білімдерінің сапалық деңгейі туралы жан-жақты білуі керек. Қазақстанның тұрақты дамуы жағдайында бәсекеге қабілетті кадрлар даярлап шығаруға бағытталған жоғары мектепті жаңғырту ісі - үлкен стратегиялық міндет. жалғасы »
Ақпараттық технология жаңа сатыға көтереді
Бөлімi: Білім&ғылым | Пікір жазылмаған » | Автор: Редакция
Бүгінде әлемдік педагогика саласында білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеудің инновациялық технологиялары өмірге еніп жатыр. Қоғамда түрлі ақпаратты меңгеруге бірінші кезекте жастарды тарту қажеттілігі туындайды. Осыған орай, еліміздің білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы қарастырылған. Сондағы негізгі міндеттердің бірі оқушылардың ақпараттық даярлығын жетілдіру болып табылады. жалғасы »
Қазақстандағы саяси тұрақтылық білім беру жүйесінің дамуына тиімді әсерін тигізіп отыр. Қазір жаңаша білім беру ісі гуманитарлық және гуманистік парадигманың қалыптасуына әкелді. Соңғы кездері ғалымдар білім беру үдерісінің жаңа педагогикалық парадигмасын құрудың ғылыми алғышарттарын қарастыруда. жалғасы »
