Экология мәселесі бүгінде дүниежүзі бойынша өткір күйінде тұр. Өйткені жұмыр жерде жұпар ауамен тыныстап, жайбарақат отырған мемлекет жоқтың қасы. Бүлінген атмосфера әлем халықтарын тұншықтырып жатыр. Бұл экология туын көкке ұстап, құр аттан салмай, нақты іске көшетін уақыттың жеткенін көрсетеді. Өкініштісі, экологиялық дімкәсіміз жағынан біз де басқа елдерге есе жібермейміз. Әсіресе, мемлекеттің ірі мегаполисі - Алматыдағы ахуал күн өткен сайын шиеленісе түсуде. жалғасы »
Ежелгі Қызылқұм шөлі қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихы мен мың сан сырларын ішіне бүгіп жатыр. Бұл киелі жерді ұрпаққа аманат ету үшін бабаларымыздың қаншама қаны төгілді?! Шүкір қазір сол бабалардың қанымен қорғалған киелі жерде қамсыз тірлік кешудеміз. Қамсыздығымыз сонша кең байтақ жерімізге кеңпейілдік танытып, қалаған ұлттың игілігіне ұсынудамыз. жалғасы »
Таяуда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жексенбай Дүйсебаев пен Виктор Киянский Қытай Халық Республикасында іссапармен болып қайтты. Депутаттар Қытайдың Нанкин қаласында өткен «Дүниежүзі парламентарийлері елді мекендерді дамыту жолында» атты парламентаралық тобы өткізген қалалардың дамуы жөніндегі Төртінші Дүниежүзілік форумның жұмысына қатысты. Сапар барысында қозғалған мәселелер төңірегінде кеңірек білу мақсатымен депутат Виктор Киянский мырзаны аз-кем әңгімеге тартқанбыз. жалғасы »
Өткен жылдың ақпан айында Сан-Франциско қаласында өткен конференцияда бір топ астроном, бұрынғы астронавтар және инженерлер бірлесіп ерекше жұмыс тобын құрды. Олар 2009 жылға дейін жұмыс істеп, Біріккен Ұлттар Ұйымының жанынан жерге қауіп төндіретін аспан денелеріне қарсы күресетін арнайы қызмет түрлерін ашу туралы ұсыныс жасамақ.
жалғасы »
Жеті қазынаның бірі саналатын ит қадым заманнан бері адамның сенімді серігі болып келеді. Үйінің төріне шығармаса да қарғыбау тағып, төрт аяқты досын қазақ қашанда жақсы көреді. «Итің ұры…» деген адаммен ұстаса кететін қызық мінезі тағы бар.
жалғасы »