Лев Толстой: «Мені мейірімді мұсылман деп санаңыз…»
Бөлімi:
Иман |
Пікір жазылмаған » | Автор:
Редакция
19.08.2010
Лев Толстойдың қай шығармасын оқысаңыз да одан гуманизм идеясының исі аңқып тұрады. Әсіресе, ұлы жазушының тәуелсіздік алғысы келген кіші халықтарға деген махаббаты шексіз болған. Мүмкін сондықтан шығар, әлі күнге шейін Ресейде ұлы жазушының талантын мойындағанымен, оның айтқандарын күстаналайтын сыншылар аз емес. Ал ХХ ғасырдың басында Швед академиясы ұлы жазушыға, тіпті, Нобель сыйлығын бергізбей тастады. Толстойдың мұндай үлкен сыйлықты ала алмауына христиан дінінің қағидалары қанағаттандырмағандықтан, шіркеуден қол үзуі әсер етті. Осы оқиғадан кейін орыс шіркеулерінің бәрі Толстойға қарғыс жариялап, қоғамнан шеттетілді.
жалғасы »
Садақа ғибадатының түрлері өте көп. Солардың бірі – Рамазан айында берілетін пітір садақасы. «Пітір» сөзі – «жаратылыс», «ауызашар» деген мағыналарды береді. Сонымен қатар Рамазан айының оразасынан шығу белгісі және осы айда біліп-білмей істеген қате-кемшіліктеріне кәффәрәт болу ретінде берілетін садақаны шариғат «пітір» деп атайды. Пітір садақасы һижраттың екінші жылында Аллаһ тағаланың: «Әлдекім тазарса және Раббының атын еске алып, намаз оқыса, ол арманына жетеді» («Ағла» сүресі, 14-15 аяттар), – деген аяттары арқылы мұсылмандарға әмір етілді.
жалғасы »
Астана қаласындағы «Нұр Астана» орталық мешітінде Рамазан айының әр күні 500 кісіге арнап ауызашар дастарқаны жайылады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының наиб мүфтиі, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Қалижан қажы Заңқоев мәлім етті. Шындығында, мұндай көп кісіге ай бойы Астана қаласында бұрын-соңды ауызашар берілмеген. Сүйікті пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисінде: «Ораза ұстаған кісіге ауыз аштырғанға ораза ұстаған кісінің сауабындай сауап жазылады. Бұдан ораза ұстаған кісінің сауабы кемімейді», – делінген. Ауыз аштырудың сауабынан үміт етіліп, осындай игі қадам жасалуда. Алайда, осы дастарқанға ауыз бекіткен адамдарды күн сайын жинау да оңай мәселе емес. Сол себепті ораза ұстаған елорда тұрғындары мен қонақтарын Рамазан айының әр күні «Нұр Астана» орталық мешітінде берілетін мерекелік ауызашар дастарқанына шақырады.
Аллаға шүкір, Рамазан айымен аман есендікте қауышып, Алланың берген денсаулығының арқасында ораза ұстап, кешкі екі-үш сағатты Алланың ғибадатына арнап, тарауих намазын оқуға мешіттерге келіп Құран хатымға қатысып жүрген жамағатымыз бар. Алла сауаптан жазсын. Қасиетті Құранда: «(Ей, Мұхаммед!) өзіңе уахи етілген кітаптан (яғни, Құраннан) оқы және (рүкіндерін толықтап) намаз өте! Намаз, расында, жиіркенішті істерден және жамандықтан тыяды. Алланы еске алу (басқа құлшылықтың бәрінен) – ұлы. Алла сендердің барлық істеріңді біліп тұрады» («Әнкабут» сүресі, 45-аят), – делінген.
жалғасы »
Гүлнәр АДАМОВА: Полигамиялық некеге қарсылығым жоқ
Бөлімi:
Иман |
Пікір жазылмаған » | Автор:
Редакция
17.06.2010
Жақында тұңғыш рет қыз-келіншектерге арналған рухани-танымдық «Салнұр» журналы жарық көрді. Аталмыш журналдың бас редакторы Гүлнәр Адамовамен болған сұхбатты оқырман назарына ұсынып отырмыз.
жалғасы »