Қазақстанда «Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» Заңды, атап айтқанда құжаттың «Адам органдары мен талшықтарын трансплантациялау туралы» бабын қайта қарау керек. Белгілі құқық қорғаушы Евгений Жовтис журналистермен кездесуінде осылай деп санайтындығын жеткізді.
Е.Жовтистің сөзіне сенсек, біздің елдің тиісті заңы халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді және азаматтардың құқықтарын бұзады. Әсіресе, қаза болған адамның ішкі органдарын трансплантациялау үшін оның туыстарының келісімін алу мәселесінде өрескелдіктер көп.
- Өкінішке қарай, осы мәселе заңда толық айқындалмағандықтан іс жүзінде дәрігерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға мүмкіндік жоқ. Сондықтан бұл құжатты жетілдіру қажет. жалғасы »
Соңғы жылдары еліміздің медициналық жоғары оқу орындарына барғысы келетін түлектер саны азайып кетті. Бұл денсаулық сақтау саласындағы таусылмайтын проблемаларға, дәрігерлердің әлеуметтік жағдайына мемлекет тарапынан лайықты көңіл бөлінбей келгенінің әсері болса керек. жалғасы »
Соңғы кезде бар жақсылық ана мен балаға бағытталған. Дұрыс-ақ. Дегенмен дүниеге ұрпақ әкелу мәселесінде басты рөлде ойнайтын еркектердің жайын мүлде естен шығарғандаймыз. Оларды күйзеліске түсіріп отырған заманның ауыртпалығы ғана емес, еркектерге деген дұрыс көзқарастың жоқтығы. Соңғы кездері еркектер белсіздігі мәселесі бой көтере бастады. жалғасы »
Парламент Мәжілісінде халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстің жобасын әзірлеу үстінде. Мәжіліс депутаты, жобаны талқылауға байланыс-ты құрылған жұмысшы тобының төрайымы Гүлнәр Сейітмағанбетовадан құжат жобасындағы өзгерістер жайлы сұраған едік.
- Халық денсаулығына қатысты құжат жоба-сының мұның алдындағы заңдардан айтарлықтай өзгешелігі бар ма?
- Денсаулыққа қатысты халықтың құқығын реттейтін бізде 12-ге жуық заң бар екен. Кодекс соның бәрінің басын біріктіріп, бір жүйеге келтіру мақсатын көздейді. Әуелі бұл халыққа тиімді. Мәселен, денсаулық сақтау саласында қандай заң бар деген кезде бір құжаттың төңірегінен бәрін тауып алуға болады. Екіншіден, медицина қызметкерлерінің өзіне де тиімді. жалғасы »
Жақында селекторлық кеңесте Үкімет еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамыту мәселесін қарастырды.
Қазақстанның денсаулық сақтау саласында әлеуметтік маңызды аурулар мен одан туындайтын өлім-жітімді азайту, ана мен бала денсаулығын қорғау, медициналық қызметтің сапасын жақсарту - күн тәртібінен түспейтін түпсіз тақырыпқа айналған сыңайлы.
Үстіміздегі жылдың 7 қарашасында Мемлекет басшысы Шымкент қаласында денсаулық сақтау мәселесі бойынша республикалық кеңес өткізіп, осы саладағы күрделі проблемаларды атап-атап көрсетті және Үкімет пен әкімдердің алдына бұл кемшіліктерді жою міндетін қойды. Осыған орай, Елбасы белгілеген алты міндет мынадай: бірінші - қаржылық тәртіп мәселесін жүйеге келтіру. Екінші - дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің бірыңғай дистрибуциясын енгізу. Үшіншіден, аса қатерлі саналатын негізгі әлеуметтік ауруларға, әсіресе, туберкулез бен ВИЧ сырқатына қарсы күресті күшейту. Төртінші тапсырма - ана мен бала өлімін азайтудың арнайы жоспарын әзірлеу. Бесіншісі - пациент құқығын қорғауды нақты қамтамасыз ету. Алтыншы тапсырма - денсаулық сақтаудың үлгісін экономикалық стимул мен қаржылық тиімділік негізінде құру. жалғасы »