1995 жыл. Шілде айының 22-сі. Ташкент. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровпен кездесу сәті. «Түркістан» сарайының төрт мың адам сиятын, ашық аспан аясындағы жазғы театрында ине шаншар орын жоқ. Халық қол соғып, кездесудің басталуын тағатсыздана күтіп отыр.
Алайда, сахна жақ жым-жырт, тыныштық. Қазаққа қатысты іс-шара болып жатқандықтан, республикалық қазақ мәдени орталығының мүшесі ретінде сол жаққа қарай бет алдым. Барсам, тұңғыш ғарышкердің Өзбекстанға келуін ұйымдастырып жүрген азамат (есімін ұмытып тұрмын) маған жақын келіп: «Гүлнәр, не істерімді білмей тұр едім, сенің келгенің қандай жақсы болды! Мына кездесудің ашылуын жариялап жіберші, өтініш… Дайындаған адамымыз келмей қалды, өзіңнен басқа ешкімнің ыңғайы жоқ. Халықтың сарылып күтіп отырысы мынау!» - деді абыржыған кейіппен. жалғасы »
немесе «майшелпек саяхатпен» айналысуға Қазақстанның мүмкіншілігі бар ма?
Біздің білетініміздей, ертедегі адамдар діни түсінік бойынша ғарышты «құдайлар» немесе «періштелер» мекендеген деп түсінген. Өткен ғасырда осы түсініктің ойран-топанын шығарып, Кеңестер Одағының ұшқыш-ғарышкері Юрий Гагарин адамзат тарихында тұңғыш рет ғарышқа көтеріліп, оны игіліктеріне игеруіне және танып білуіне жол ашқан еді. Сол тарихи сәттен 40 жылдан кейін «ғарышкер» болу тек кәсіби мамандық қана болып қоймай, барша жұрттың қол жеткізер жетістігіне айнала бастады.
жалғасы »
«Қазақ ғарыштың есігін ашты» деп бөркімізді аспанға атқалы он жеті жыл болды. 1991 жылы қазанның екісі күні Сарыарқаның сары даласын атойлатып, қазақ баласы тұңғыш рет шексіз әлемнің биігіне көтерілді. «Союз ТМ» ғарыш кемесінде Қазақстан ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Ресей азаматы Александр Волков және Австрия азаматы Франц Фибекпен бірге ұшып, «Мир» ғарыш кешенінде жұмыс істеп, 7 күн 22 сағат 13 минут ғарышта болып қайтып оралды.
жалғасы »