Алдымен саңырауқұлақ тере барған бір кісінің шалғын арасында бет-аузы адам танығысыз күйде мәйітті тапқаны туралы жедел хабар келіп түскен. Оқиға орнына келген Астана қалалық ІІБ жеке тұлғаларға қарсы күрес бөлімінің уәкілдері «мылқау өлімге» кез болғандарын пайымдады. Мәйіттің қалтасынан жеке басын куәландыратын бірде-бір құжат табылмаған. Табылған мәйітке ұқсас адамға іздестіру де жарияланбаған еді.
Өлім қасақана жасалғаны көрініп тұрды. Кездейсоқ өлім болса, мәйіттің мойнындағы қылдай сызықтың сыры қандай?
жалғасы »
Ақтөбе облысына қарасты Хромтау ауданының тұрғыны Ермек Төлегеновтің іс-түссіз жоғалып кеткеніне алты айдан асып барады. Ермектің анасы Гүлзада облыстық ішкі істер департаментіне шағымданған еді, азаматты іздеуге кіріскен құқық қорғау саласының жауапты өкілдері жоғалған жанның облыс аумағында жасырынып жүргендігін айтады. Ал ана көңілі алаң. Ол ұлын шарқ ұрып өзі де іздей бастады. Бұл құқық қорғау органдарына деген сенімсіздік пе, әлде ана жүрегінің әмірі ме? Қалай дегенмен де жұмбағы басым бұл істің артында адам тағдыры тұр емес пе?! Сондықтан екі жақтың пікіріне де құлақ қоя отырып, бүгінгі қоғамда жиі кездесетін келеңсіз жағдайлардың себеп-салдарына зер салғанды жөн көрдік. жалғасы »
Өткен жылдың қазан айында «Мәскеу» тұрғын үй кешенінде 15-қабаттан ашық лифтік шахтаға Ш.Мұқышева деген азаматша құлап, оқиға орнында мерт болды. Осы оқиғадан соң Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне бұқаралық ақпарат құралдарынан түрлі сауалдар келіп түсіп жатты. Солардың негізгісі - «Лифт қауіпсіздігіне жауапты кім?» деген сұрақ. жалғасы »

Құрметті редакция!
Сексенге келіп, селкілдеген шағымда сіздерге шағымдануға тура келіп тұр. «Арқада күн жылы болса, арқар ауып несі бар» дейді ғой. Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданына қарасты Көкдөнен ауылы әкімдігінің істеп отырған заңсыз әрекеті болмаса газетке арыз жазып нем бар. Бірақ құқым мен мүддем аяқ асты етілген соң, еріксіз осылай істеуге тура келіп тұр.
Мен 1942 жылдан 2003 жылға дейін Отаныма адал қызмет еттім. 11 бала тәрбиелеп, жеткіздім. Бұрын-соңды мұндай дау-дамайға қалмаған едім, сондықтан да бәрін басынан бастайын.
Қазіргі мекен-жайым – Көкдөнен ауылы Қ.Сүлейменов атындағы көше, №63 үй. Бұл баспананы 1959-1966 жылдар аралығында өз қолыммен салдым. Ол кезде ауылдық кеңестің төрағасы Жармұхамет Әуелбаев деген азамат еді. Сол кісі екі шаруашылықтың арасында бос жатқан жерден колхоз жарғысына сәйкес жер берді. Бірақ екі жақ қатарға орналасқан үйлер қаптатып қаратал егіп тастаған екен, не ексем де көлеңке түсіріп шығармайтын болды. Бұл екі арада ауылдық кеңестің бұрынғы төрағасы зейнеткерлікке шығып, орнына Рапылбек Сұлтанов деген азамат келді. Жағдайымды айтып барып едім ол: «Ешнәрсе шықпаса, оны таста да үйіңнің жанындағы жерді тегістеп ал», деп рұқсат етті. Содан бастап, шұңқыр-шұңқыр, ойдым-ойдым жерді тегістеп, пайдаланып келемін.
жалғасы »
Кеше Парламенттің төменгі палатасында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселесіне қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды. Мәжіліс депутаттарының алдында осы құжат бойынша баяндама жасаған Туризм және спорт вице-министрі Қайырбек Өскенбаев: жалғасы »
« Алдыңғы пікір