Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Григорий Васильевич Пинчук облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Г.Пинчук «Қайнар» университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. 1992 жыл мен 2000 жылдар аралығында бизнес құрылымдарында жұмыс істеген. 2000-2002 жылдары Семей қаласы әкімінің орынбасары, 2002-2007 жылдары Бородулиха ауданының әкімі қызметін атқарған. 2007 жылдың наурыз айынан - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. жалғасы »
Мемлекет басшысының Өкімімен Мүслім Тайырұлы Өмірияев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды.
* * *
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Серік Сақбалдыұлы Әбденов облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Серік Сақбалдыұлы 1977 жылы Қарағанды облысында туған. Ол жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде департамент директорының орынбасары, департамент директоры, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.
жалғасы »
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы болып тағайындалды.
Қ.Қожамжаров А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін тәмамдаған. 1987 жыл мен 1995 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы прокуратура органдарында қызмет еткен. 1995-1998 жылдары кеден саласында жұмыс жасаған. 1999 жылдан қаржы полициясында қызмет етеді. Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде басқарма бастығы, Алматы қаласы бойынша департамент бастығының орынбасары, Ақтөбе облысы бойынша департамент бастығы лауазымдарында болған. 2007 жылдың қаңтарынан - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары. Қаржы полициясының генерал-майоры.
*** жалғасы »
Мемлекет басшысының Жарлығымен Тілеухан Самарханұлы Қабдырахманов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы, Финляндия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды.
***
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.
***
Үкімет қаулысымен денсаулық сақтау вице-министрі болып Тамара Вощенкова тағайындалды.
Т.Вощенкова Қарағанды мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған. Қарағанды қаласы №2 арнайы емханасында педиатрия бөлімшесінің меңгерушісі, Қарағанды қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бас балалар дәрігері болып қызмет істеді. 1999 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас балалар дәрігерлігіне тағайындалды. 2005 жылдан - Медициналық технологияларды дамыту мемлекеттік бағдарламасын үйлестіру, дәрі-дәрмек саясаты және лицензиялау бөлімінің бастығы. 2006 жылдың маусымында Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
жалғасы »
Мемлекет басшысының Жарлығымен Анатолий Владимирович Смирнов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Ғазизұлы Ысқақов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметінен, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарудан босатылды. жалғасы »