Амангелді АЙТАЛЫ, Философия ғылымдарының докторы, профессор: Тәуелсіздіктен ұтылатын ел болмайды
Бөлімi:
Ұлт&тәуелсіздік |
Пікірлер (3) » | Автор:
Редакция
18.12.2008
- Құдайға шүкір, Қазақ елінің тәуелсіздік алғанына да он жеті жыл толды. Басқалай айтар болсақ, кәмелеттік жасқа толған Қазақстанның қазіргі әлемдік кеңістіктегі орны қандай? Қайсы қарекетіміз көңіл сүйсінтеді? Қай жағынан кемшін түсіп жатырмыз? Әуелі осыны бір таратып берсеңіз?
- Мемлекетті адамның өмірімен өлшеуге болмайды. Өйткені мемлекеттің тарихы пәленбай мыңдаған жылмен өлшенеді. Сол тұрғыдан алып қарағанда, Қазақстанның 17 жылдық тарихы қас қағым сәттей ғана. Әйтсе де, осы уақыт ішінде біраз шаруа атқарылды. «Алаш қайраткерлерінің арманы ойдағыдай іске аспай жатыр» деген кейбір басылымдарда басылып жүрген пікірге өз басым қосылмаймын. Шындығына келгенде, Алаш ардақтылары Ресейдің бір автономиялы республикасы болуды ғана армандады. Дербестік алу жайын екінші кезекке қойды. Неге? жалғасы »
Шетелде тұратын қандастарымыздың сағынышы ерекше. Олар қазақ даласына көшіп келіп, өсіп-өнуді армандайды. Бұл - ата-бабасының кіндік қаны тамған туған топырағына деген аңсар. жалғасы »
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ақтөбеде Әйтеке биге ескерткіш ашылды. Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне облыста іссапармен жүрген Премьер-Министр Кәрім Мәсімов қатысты. жалғасы »
15 миллионнан астам халқымыздың қатары азаматтық құжаты бар тағы 24 мыңға көбейеді. Осынша адам Қазақстанның азаматы атанатын күн алыс емес. жалғасы »
Атажұрттан алыста жүрсе де ұлтымыздың тілін, салт-дәстүрі мен мәдениетін айрықша қастерлеп жүрген қандастарымыз аз емес. Солардың бір бөлігі Түркияда тұрады. Әрбірінің жүрегінде туған елге деген сүйіспеншілігі мен сағынышы тулап жатқан Түркиядағы қазақтарды жақында тағайындалған жаңа елшінің іссапары бір серпілтіп тастаған-ды. Өйткені, ол шалғайдағы қандастарымызға мәдени-рухани қолдау мен оқу-білім жағынан жәрдем беруді Қазақ елінің ұмытпағандығын айғақтай түскендей. жалғасы »