Қадырбек Бөрібеков, Білім және ғылым министрлігі Кәсіби және техникалық білім беру департаментінің директоры: Инновацияны кәсіби мамандар жасайды
Бөлімi:
Инновация |
Пікір жазылмаған » | Автор:
Редакция
26.11.2009
– Қадырбек Қозыбайұлы, бүгінде инновациялық экономика үшін қажетті маман дайындау туралы жиі айтылады…
– Инновациялық даму үшін техникалық кадр, орта кәсіптік маман дайындау стратегиялық маңызды болып отыр. Елімізде техникалық және кәсіби білімді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданған. Дегенмен бүгінгі күні экономика маманға ділгір, орта кәсіптік білімді жұмыс күшіне зәру, техникалық кадрға мұқтаж. Кадрлар дайындау жүйесін реформалау қажет. Осы арқылы елдің экономикалық қуатын арттыруға болады.
жалғасы »
Осы аптаның басында Астанада «KazEnergy» қауымдастығының мұрындық болуымен Қазақстанның энергетикалық апталығы басталды. Негізгі іс-шаралары Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан алқалы жиынға төрткіл дүниеден энергетика саласының төңірегінде жүрген мүйізі қарағайдай қонақтар ат басын тіреді.
жалғасы »
Жастарға қоршаған орта мутагенезінің генетикасы, токсикология генетикасы және адам денсаулығын қорғау бағытындағы ғылымның жетістіктерін таныстыру. Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде басталған курстың басты мақсаты осындай.
жалғасы »
Өткен аптада Италияда Қазақстанның 12 жоғары оқу орны Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. Оны Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Гүлзада Мұқтарова мәлімдеді.
жалғасы »
Арыстан Ғазалиев, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА академигі: Жастар қос дипломға қол жеткізеді
Бөлімi:
Инновация |
Пікір жазылмаған » | Автор:
Редакция
20.08.2009
– Еліміз инновациялық-индустрияландыру көшіне бет бұрған тұста Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті қандай іс тындырып жатыр?
– Мемлекетімізде азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында Конституцияның шешуші ережелеріне сүйене отырып, ел тағдыры үшін маңызды қайта құрулар жүргізілді. Нарықтық экономиканы құрдық және демократиялық қоғамның негіздерін қаладық. Соның арқасында бүгінде әлемдік аренада елімізді танымал және іскер серіктес ретінде қабылдайды. Қазір Қазақстанда индустриялық-инновациялық даму үрдісі жүріп жатыр. Әрине, оның жемісін болашақтан күтеміз. Ал жарқын болашақ үшін бүгін тер төгіп, бүгін еңбек ету қажет екені айтпаса да түсінікті. Осы орайда біздің мойынымызға артылған басты міндет – өндірісі мен құрылысы жақсы жолға қойылған индус-триялы Қазақстанға инновацияны меңгерген, сапалы маман дайындау. жалғасы »