Ұлттың ұлы болмағы - ұрпағынан
Бөлімi: "Шпаргалка" | Пікір жазылмаған » | Автор: Редакция
Сайым БАЛМҰХАНОВ, академик
…Үкіметтің емханасында кеңесші болып жүргенде үлкен кісілердің көбін мен қарайтын едім. «Ертең бір ауруды көріп берсеңіз», - деді басшылар. Таңғы сағат 8-де бардым. Ай маңдайы жарқырап Мұхаң тұр алдымда. Толық, мығым кісі еді ғой жарықтық. Бұлшық еттері темірдей. Қарнын алақаныммен сипап көрдім, қол жетпейді, саусақ батпайды. Рентгенге салғанда іш-құрылысынан дөңгелек түйін секілдіні көрдім. Ол кезде бүгінгідей тап басып айтатын техниканың құдыреті шамалы. Әлгі жерді алақанмен сипалап отырып: «Мұха, осы арада ісік бар сияқты. Толық анықтай алмай отырмын. Бір-екі айдан кейін қайта қарайын», - дедім. «Қайта қарауға уақыт жоқ. Асқынып кетіп жүрер», -деді де кетіп қалды. жалғасы »
