Байқасаңыз, қасиетті жерлерде дарынды тұлғалар көп туылады. Сірә, қазақта Түркістаннан киелі, одан өткен танымал һәм қасиетті шаһар жоқ та шығар. Оның өзі секілді исі қазаққа мәшһүр оғландары өте көп. Сондайлардың бірі – киелі топырақтан нәр алып өскен, Түркістанның тумасы Райымбек Сейтмет еді.
жалғасы »
Атыраудан ағайындар телефон шалып, «сәрсенбінің сәтіне Пыштанай батырдың басына баруды ойластырып отырмыз, өздеріңіз жол бастап бірге жүрсеңіздер» деп қолқа салғаны. Осыдан сәл бұрынырақта кезінде атағы одаққа жайылған «Гурьев» қой зауытының танымал түйешісі болған жершіл, ізшіл азамат Тарас Сермұқанов ұрпақтан-ұрпаққа жалғанып, бүгінге дейін жеткен аңыз-әңгімелердің желісімен Қызылқоға ауданының аумағындағы Алабие Шортанбай, Беріштам өңірінен Пыштанай батырдың жерленген қауымын іздеп тауып, басына ертіп апарған.
жалғасы »
Сейіт Кенжеахметұлы, этнограф: Ұлт дәстүрін ұлықтай білсек…
Бөлімi:
Ғибрат |
Пікір жазылмаған » | Автор:
Редакция
05.08.2010
Дана халқымызда «өнерді үйрен де жирен» деген мән-мағынасы өте терең салиқалы сөз бар. Өз басым өнерді және оның әр саласын бала кезімнен бастаған едім. Сурет салу, саздан мүсін соғу, жалпақ қоғадан, ағаштан шана, арба, садақ, қылыш, найза жасау сияқты нәрселерді ермек ететінмін. Екінші класта оқып жүргенімде сықақ өлең жаза бастадым. Бабам Нұрет 1921-22 жылдың аштық пен жұтында көз жұмған. Атам Құтыгелді 1931-32 жылдың аштығында о дүниелік болған екен. Әкем Кенжеахмет 1942 жылы Ұлы Отан соғысында шейіт болыпты. Мен әкем өлгенде 3 жаста екенмін және жалғыз ұл бала екенмін. Менен бірі үлкен, бірі кіші екі қыз болған. 1946-47 жылдың қызылша деген індетінде үшеуміз де қатар ауырып, есімізді білмей жатыппыз. Анам жылап «е, құдіреті күшті Құдайым, мына екі қызымды жалғыз Сейітімнің жолына құдайы деп атадым» деп екі қызды менің екі жағыма жатқызған екен. Таңертең екі қыз да оянбай қалыпты. Мен аман қалыппын.
жалғасы »
Қазақ оқулығы бұрын-соңды болмаған тағы бір қазынамен толықты. Сан жылдар бойы саясат сызының астында жатса да тот баспаған алтынымыз аршылды. Ұлыларымыздың ұлт үшін жасаған ұлық істері ұрпағына жетті. Ол – қазақтың даңқты перзенті, Қазақстан ғылым академиясының негізін қалаған академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың небәрі 25 жасында жазып бітіріп, баспаға тапсырған «Алгебра» пәнінің оқу құралы. Тарихтан мәлім, дана ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы Халық ағарту комиссары (министрі) болған 1920-21 жылдары оқығандарға әр саладан оқулық жазу туралы тапсырма берген. Осы «Алгебра» оқулығы сол бастаманың жемісі. Бірақ ол түрлі себептермен баспа бетін көрмеген. Арада 85 жыл өткеннен кейін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары осы тарихи мұраны халықпен алғаш рет қауыштырып отыр.
жалғасы »
Мұқтарбай ӨТЕЛБАЕВ, академик: Шетелге кетіп қалу — мақтаныш емес
Бөлімi:
Ғибрат |
Пікір жазылмаған » | Автор:
Редакция
01.07.2010
– Мәскеу университетін тәмамдағаннан кейін үш жылда ғылым кандидаты, сегіз жылда ғылым докторы атанып, Ұлттық ғылым академиясында қызмет еткеніңізден хабардармыз. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне қалай келдіңіз?
– Жоғары оқу орнын бітіріп, ғылыми атағымды сәтті қорғағаннан кейін Қазақстанға келіп, Ұлттық ғылым академиясына орналастым. Одан кейін Жамбылдағы пединститутта екі жылға жуық ректор болдым. ҚазҰУ-да, Аэроғарыштық агенттікте еңбек еттім. Астанаға 2000 жылы сол кездегі университет ректоры Мырзатай Жолдасбековтің арнайы шақыруымен келдім. Содан бері осы қара шаңырақта қызмет етіп, шәкірт тәрбиелеп келемін.
– Ұлттық университет математика саласы бойынша қандай ілкімді ізденістерге қадам жасап жатыр?
жалғасы »