Күні бүгінге дейін көненің көзіндей өмір сүріп келе жатқан дәстүрлі қолөнердің түрі – киіз басу. Атам қазақ тұратын үйінің сыртынан бастап, оның ішкі жабдықтарына дейін тұтастай киізден дайындаған. Себебі, киіз – таза табиғи өнім. Суықтан қорғайды, ыстықтан сақтайды. Жайлы әрі ыңғайлы. Тарихшылар бұл өнерді есте жоқ ерте замандардың дәуіріне жатқызады. Біздің заманымызға дейінгі V ғасырда Алтайдағы Пазырық қорғанынан табылған киізден жасалған бұйымдар – соның айқын дәлелі. Араға жылдар салып, көшпенді жұртқа тән өнердің бұл түрі қағажу қалды. Ұмыт бола бастады. Есесіне, шетелдік сәнге құмартушылар көбейді. Атағы аспандаған дизайнерлердің киімін кие алмасақ та, дәл солардың көшірмесін қайталауға ұмтылғандар молайды. Дегенмен, киіз басу өнерін насихаттап жүрген отандық қолөнершілер де бар. Солардың бірі – Күлән Жаңғұтты. Бәлкім, есімі көпшілікке бейтаныс болар. Өйткені, ол – ірі мегаполистен іргесін аулақ салған қарапайым ауыл тұрғыны. Этникалық стильдің насихатшысы. Ата-баба дәстүрін жалғастырушы. Киізден жасалатын бұйымдардың нағыз шебері. Оның қолынан шыққан бұйымдар құлпырып сала береді. Құдды дала мәдениеті мен баба дәстүрі ортаға қайта оралғандай әсер аласыз.
жалғасы »
Автокөлік әлемінің алыбы, ағылшындық атақты Range Rover компаниясының шығар-машылық дизайнері ретінде модельер әрі әнші Виктория Бэкхэм қабылданды. Оны Кенсингтон сарайында өткен компанияның қырық жылдық мерейтойында бас дизайнер Джерри МакГоверн жария етті. Бұған дейін сәнді киім үлгілерін ұсынып жүрген Виктория енді автокөлік әлемін әдемілеуге ұмтылатын болады.
жалғасы »
Этникалық стиль. Қазақы қолтаңба. Сонау көне дәуір тасасында қалған тастағы таңбалар мен ұлттық ою-өрнектер бүгінгі заманның қолөнер туындыларынан көрініс тапқан. Құдды, Сарыарқаның байтақ даласына көшпенділер өркениеті қайта ауысып келгендей…
жалғасы »
Алматылық оқушы әлем назарына ілікті. 8 жасар Диана Қаскеева Түркияда өткен халықаралық «Әлемнің кішкентай ханшасы» (Little Miss Universe) атты сұлулық байқауында бас жүлдені жеңіп алды.
жалғасы »
Елнар Базыкен, архитектор-дизайнер: Отандық архитектураға ұлттық бояу жетіспейді
Бөлімi:
Стиль |
Пікір жазылмаған » | Автор:
Редакция
20.05.2010
– Елнар, елордамыздағы ойын-сауық орталықтарына безендіру жасап, есімдерің біраз танымал бола бастапты. Негізгі мамандығың сәулетші ме?
– Иә, өткен жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін архитектор-дизайнер мамандығы бойынша тәмамдаған болатынмын. Сосын достарыммен бірігіп «Гүлден–АС» деген жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құрдық. Серіктестігіміздің бағыты сан қырлы: жиһаз жасаймыз. Интерьерлік қызмет көрсету түрі де бар. Айтулы мерекелерде арнайы ұсыныс-шақыртулармен ғимараттардың іші-сыртын безендіреміз. Елордадағы «Мега», «Хан шатыры», «Керуен» сынды ойын-сауық орталықтарында да біздің қолтаңбамыз бар. Сыртқы жарнамамен де шұғылданамыз. Көптеген пәтерлерді де жөндеуден өткіздік. Астанада ғана емес, Алматы, Павлодар қалаларына да тапсырыс бойынша шақырып тұрады.
жалғасы »