Негізгі бет Таңдаулыға үстеу
Бөлімдер
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Барометр
  • Сайыпқыран
  • Әлеумет
  • Иман
  • Жиһанкез
  • Айбын
  • Аймақ
  • Инновация
  • Мәссаған
  • МҰРАҒАТ 2008-09
  • Қолтаңба
  • "Шпаргалка"
  • Ғибрат
  • Стиль
  • Күйтабақ
  • Армандастар
  • Аудитория
  • Темірқазық
  • Электронка
  • Зерде
  • Бизнес
  • NON-STOP!
  • Акция
  • Ракурс
  • Күлтөбе
  • Жиын
  • НОУ-ХАУ
  • Тағзым
  • Патриотизм
  • Жаңғырық
  • Премьера
  • Карьера
  • Мінбер
  • Ән-ғұмыр
  • Баспасөз
  • Елорда
  • Драйв
  • Шаңырақ
  • Кеңес
  • Эксклюзив
  • Кейіпкер
  • Параллель
  • Атажұрт
  • Ғылымхал
  • Қоңырау
  • Тұсаукесер
  • Ғаламшар
  • Ашық әңгіме
  • Ынтымақ
  • Тікелей тілдесу
  • Жаһан жастары
  • Алдыңғы толқын
  • Хобби
  • Замандас
  • Үндеу
  • Түнгі қала
  • Сұрақ-жауап
  • Сырласу
  • Шабыт
  • Ойсара
  • Ізбасар
  • Басты бет
  • Сөзіңіз аузыңызда…
  • Отаншылдық
  • Тағдыр
  • Атамұра
  • Ата Заң

  • Қыркүйек 2010
    Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    «    
     12345
    6789101112
    13141516171819
    20212223242526
    27282930  

    Газет меншік иесі:
    "Рауан баспа үйі" ЖШС
    Мекен-жайымыз:
    Астана қаласы,Сол жағалау
    Тәуелсіздік көшесі, 12/1,
    5-қабат, 515-бөлме
    Байланыс телефондары:
    49-69-17 (Бас директор)
    49-69-27 (Бас редактор)
    49-69-19 (Бас редактордың орынбасары)
    50-07-27 (тілшілер)
    факс: 50-07-28
    50-07-29 (бухгалтерия)
    E-mail: nur_astana-rauan@mail.ru

    Қарақат ӘБІЛДИНА: Бесік тербетіп отыру – мен үшін ұлы бақыт


    Бөлімi: Күйтабақ | Пікір жазылмаған » | Автор: Редакция
    03.09.2010

    Газетіміздің өткен санында «Күйтабақтың» келесі кейіпкері Жастар сыйлығының лауреаты, «Алтын самұрық» ұлттық музыкалық байқауының «Гран-при» иегері, белгілі әнші Қарақат Әбілдина болатынын оқырманға хабарлаған едік. Қыдырәлі мен Қарақаттың Астанадағы үйінде өрбіген сұхбатымызды ықшамдап ұсынып отырмыз.

    – Сахнадағы әнші Қарақатты көрермендер жақсы біледі. Ал отбасы-ошақ қасындағы Қарақат қандай?
    – Өзің көріп отырғандай, «мен әншімін, ән шырқауды ғана білемін» деп қол қусырып отырған сыңайым жоқ. Қазақтың әйелдері не істесе, соның бәрі менің де қолымнан келеді. Уақытым табылып жатса, үй шаруасының барлығын өзім атқарамын. Ас әзірлеп, үй жинап, киім-кешектерді үтіктеп дегендей… Куә болғаныңдай, шайды да құйып беріп отырмын (күліп).
    Қазір үйдегі адамдардың бәрі Ораза тұтып, ауыздарын бекітуге ниет етті. Бізден басқалары (көзімен ұлдарын нұсқады – А.Т.) кешке дейін нәр татпайды. Күндегі жұмысымыз сол, ауыз ашарға дәмді етіп кешкі асты дайындаймыз. Таңертең сәресін дұрыстап дайындап беру керек. Қазір үйде менен басқа әйел заты жоқ, кілең ер-жігіттер: Қыдыр, ауылдан қонаққа келіп жатқан аға-інілерім бар, ұлдарым бар. Кенже ұлымызды күніне бір мезгіл далаға шығаруды да ұмытпаймын, сәбидің таза ауамен тыныстағаны дұрыс қой.
    – Бір байқағаным, бала күтушісін ұстайды екенсіз?

    жалғасы »


    «ӘЛ-ОУ, ӘНШІЛЕР!» (№34)


    Бөлімi: Күйтабақ | Пікір жазылмаған » | Автор: Редакция
    03.09.2010

    Мәдина СӘДУАҚАСОВА: Тыңдармандарыма дөрекі жауап берген емеспін

    – Өзім әнші әрі психолог болғандықтан қоңырау шалған бейтаныс адамдардың әрекетіне түсіністікпен қарауға тырысамын. Мәселен, тыңдармандарымның арасында беймезгіл уақытта мазалап, бей-берекет әңгімелерімен адамды жалықтырып жіберетіндері бар. Сонда да көңілін қалдырғым келмей, әңгімесін соңына дейін тыңдаймын.
    Телефон арқылы «күйдім, сүйдім» деп ғашықтық сезімдерін білдіретіндер де толып жатыр. Оларға «сіз өнердегі Мәдина Сәдуақасоваға ғашық шығарсыз. Ал өмірде ол мүлдем басқа адам» деп сыпайы жауап беріп құтыламын. Тұтқаны қоя салатын немесе дөрекі сөйлеп бетін қайтарып тастайтын әдетім жоқ. Өйткені, олар – менің тыңдармандарым. Қанша ашуым келсе де, сыйластықтан аттап кеткен дұрыс емес. Тіпті, бәзбіреулер сияқты түнге қарай телефонымды өшіріп тастамаймын. Екі «соткам» да күні-түні қосулы тұрады. Негізі, әншілерге сыртынан ғашық бола бермей, махаббатқа үлкен жауапкершілікпен қараған дұрыс қой.

    жалғасы »


    Бибігүл Төлегенова концерт берді


    Бөлімi: Күйтабақ | Пікір жазылмаған » | Автор: Редакция
    03.09.2010

    Қазақтың бұлбұл үнді әншісі Бибігүл Төлегенова Ата заңның 15 жылдығына орай Ақтөбеде мерекелік концерт берді.Концерт барысында көрермендер алдында Бибігүл Төлегенованың шәкірттері – Толқын Забирова, Ақалтын Бекболатова, Маржан Төреханова, Самал Байсейітовалар да ән шырқады.
    – Халық мені, мен халықты жақсы көремін. Біздің бір-бірімізге деген махаббатымыз сарқылмақ емес. Тірі жүргенімде халықтың көз алдынан кетпей ән шырқай бергім келеді, – дейді күміс көмей әнші.


    «Қайрат – чемпион» «Киношокқа» кетті


    Бөлімi: Күйтабақ | Пікір жазылмаған » | Автор: Редакция
    03.09.2010

    Үстіміздегі айдың орта шенінде Анапа қаласында өтетін «Киношок» халықаралық фестиваліне Қазақстан тарапынан үш бірдей фильм қатысатын болды. Олар – Жанна Исабаеваның «Ойпырм-ай немесе менің қымбатты балаларым» атты фильмі, Талғат Бектұровтың «Жиһангері» және Денис Куклиннің талай дауға тамызық болған «Қайрат – чемпионы».
    – «Қайрат – чемпион» «ТВ Шок» аталымында бақ сынайды. Бұл аталымның жеңімпазы көрермендердің дауыс беруі нәтижесінде анықталады, – дейді режиссер Денис Куклин.


    Нұрлан әнжинағын шығарады


    Бөлімi: Күйтабақ | Пікір жазылмаған » | Автор: Редакция
    03.09.2010

    «Үркер» тобынан бөлініп шыққан Нұрлан Албанның жеке тұлға ретінде танылуды мақсат тұтып жүргені белгілі. Таяу күндері Нұрлан екі бірдей әнжинағын жарыққа шығаруды жоспарлап отыр. – Күйтабақтарымның қалай аталатыны құпия бола тұрсын, оны тұсаукесер салтанатында бір-ақ жариялаймын. Әнжинақтармен қатар тырнақалды бейнебаянымды да жұртшылық назарына ұсынамын,– дейді ол.
    Нұрлан Албанның қуанышын бөлісуге «Үркер» тобындағы бұрынғы әріптестері келуге тиіс.


    « Алдыңғы пікір

    Билік&қаржы
    «Бұрғылау»-дың қарызы бастан асады

    ҚазТАГ тілшісінің хабарлауынша, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы «Бұрғылау» жекеменшік компаниясының басшылығына наразылық ретінде 20 наурызда аштық жариялаған 16 жұмысшының төртеуі ауруханаға жатқызылған. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігіне акцияға қатысушылардың бірі - Қарлыбай Бұтанбаев телефон арқылы хабарлаған.

    Мәдениет&әдебиет
    Үміт және тәтті мұң

    Анардың туындыларынан тәтті мұңның лебі есіп тұратын тәрізді. Кенеп бетіндегі бояулар бедерінен автордың ойын оқи алмайсыз, сюжеттік желі де таппайсыз. Оның орнын мұң мен үміт ұштасқан нәзік эмоция, көңіл күй толтырып тұр. Біз сурет өнеріндегі сапарын жаңа бастап келе жатқан қылқалам шебері Анар Әбжанованың шығармашылығы туралы әңгімелеп отырмыз.

    КреслоТАҚ
    Кресло - ТАҚ емес, кім келіп, кім кетпейді…

    Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Григорий Васильевич Пинчук облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
    Г.Пинчук «Қайнар» университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. 1992 жыл мен 2000 жылдар аралығында бизнес құрылымдарында жұмыс істеген. 2000-2002 жылдары Семей қаласы әкімінің орынбасары, 2002-2007 жылдары Бородулиха ауданының әкімі қызметін атқарған. 2007 жылдың наурыз айынан - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік [...]