1986-ның қысында алаңға азаттық аңсап шыққандардың дені жастар болатын. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің қызметкері Ақгүл Үсенова да ол кезде 18 жаста еді. Иә, сол жылы желтоқсан ызғарлы еді. Сол аязды күні алқызыл гүлдерді үсік шалды. 18 жаста армандарын желтоқсанның ызғырығында алау ғып жаққан жалынды қыз-жігіттер ел жадында әлсін-әлсін жаңғырып тұра берері хақ.
жалғасы »
Дала дауылпазы Сәкен Сейфуллин жөнінде ғұмырнамалық еңбек жазған ғалым Тұрсынбек Кәкішұлы өз еңбегінде Омбыдағы оқып жүрген қазақ жастарының «Бірлік» ұйымына топтаса бастағандығы, ұйымның мақсат-міндеттері, атқарған қызметтері туралы мәліметтер келтірген. Оның жазуы бойынша 1914 жылдың көктемінде құрбан айт болып, семинарияның мұсылман шәкірттеріне мейрамға баруға рұқсат беріледі. Нығмет Нұрмақов, Ахмет Баржақсин, Мағжан Жұмабаев, Тұрғанбек Байлин, Сәкен Сейфуллин және басқа да семинарияның шәкірттері мешітке қарай бағыт алады.
жалғасы »
Өткен ғасырдың басында қазақ жастарының белгілі бір бөлігінің ірі саяси орталықтарда оқуы, сол тарихи кезеңдегі саяси оқиғаларды тікелей көзімен көріп куә болуы, қоғамдық жаңғыру жолына қадам басқан орыс қоғамындағы демократиялық күштер мен ағымдардың ықпалын басынан кешіруі – олардың қоғамдық көзқарастарының кемелденуіне, саяси белсенділігінің артуына әсер етпей қоймады. Олар осы тарихи кезеңдегі әртүрлі саяси оқиғаларға қатынасып, қазақ халқының арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді және алғаш рет қоғамдық ұйымдарға топтаса бастады. жалғасы »
Қарт тарихтың көне қатпарындағы деректер қазақтың мүддесіне орай үн қатуда. Ежелгі жұрт, өркениеттің тұғыры, ұлы даланың бел баласы болғанымыз анық. Қазақ өзін танып, біліп, зерттеуде. Ноғай – түбі бір, төркіні ортақ туысымыз. Қазір күшті мен әлсіз белдескен заман. Бұрын да солай болған. Тарих сахнасында екі мықты белдесе кеткенде бөрідей шайнасып, түркінің ұрпағы дұшпанына дес бермеген. Түркінің рухы өлмеуі, алдағы ұлы көштен лайықты орнымызды іздеуіміз мақсат болып отыр. Ол үшін бүкіл түбі бір түркі жұрты бір-біріне демеу болуы керек. Тарихи бірлікті ноғай мен қазақтың арақатынасынан іздеудің қисыны көбірек келіңкірейді. Екі халықтың өзге жұртпен салыстырғанда бір-біріне алабөтен жақындығын айғақтайтын дерек көп. жалғасы »
Біз білмейтін, осы күнге дейін мұрағаттарда көмулі жатқан құжаттар әлі жеткілікті. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «шаң басқан архивтерінде» ұлттық мәселеге қатысты том-том істер құлыптаулы жатқаны тағы белгілі. Біз сөз еткелі отырған оқиға соның бір парасын ғана қамтыса керек-ті. 1965 жылдың қазан айында Алматы медицина институтында ұлты қазақ 230 студенттен 16 топ ұйымдастырылған. Бұл топтарда тарих, химия, физика пәндері ана тілінде оқытылатын. Алайда, екінші семестрден бастап бұл тәртіптің институт ректораты күшін жойған да, барлық пәндер орыс тілінде жүргізілетін болған. Ректорат аталған шешімді біржақты қабылдаған. Студенттермен ешқандай түсіндіру жұмыстары жүргізілмеген. Қысқасы, қазақ тілінде білім алатын студенттердің құқы аяқ асты етілген. жалғасы »