Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде іс жүзінде біз өмір сүріп отырған қоғамның барлық саласында кездеседі, айырмашылық олардың ауқымында ғана. Жемқорлық әлеуметтік-экономикалық процесті тежеп отырғандығы, Қазақстанның саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететіндігі, еліміздің болашақ дамуына үлкен қауіп төндіретіндігі баршаға мәлім. Демек, оған қарсы күрес мемлекет пен қоғамның мүддесін көздейтін әр адам үшін ерекше маңызға ие.
жалғасы »
Жетімдер мәселесі. Жаны да, жағдайы да өзгелерден алабөтен бұл топ қорғауымызды, қорған болуымызды қажет етеді. Алайда, қорған болу былай тұрсын, тастанды балалар трагедиясын еселей түсетін түрлі сорақылар соңғы уақытта көбейіп кетті.
жалғасы »
Соңғы уақытта өз-өзіне қол жұмсаған жастардың қатары «өсіп» барады. Мұның себебін психологтар әрқалай жорамалдайды. Ұзақ жылдар осы дертті зерттеумен айналысып жүрген психиатр Айнагүл Жұбанованың мәлімдеуінше, жарық дүниемен қош айтысатындардың қатары Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарында көп. Керісінше, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында сирек тіркеліпті.
жалғасы »
Жиырмасыншы ғасырдың аждаһасы аталған бұл дауасыз дерттің бүгінде аз айтылуы – оның айылын жиғандығының көрсеткіші емес. Керісінше, пісіп-жетіліп, кемеріне келген орасан әлеуметтік проблемаға ұласып тұр. Осыдан біраз жыл бұрын Қарағанды облысы еліміз бойынша ВИЧ/СПИД індетіне шалдыққандар саны жағынан бірінші орында еді. Онда сол жылдардағы көрсеткіштерді, еш ойланбастан он есеге емін-еркін көбейтуге болатынын мамандар ашық айтқан-ды.
жалғасы »
Күнделікті өмірде жиі еститін сөзіміз. Әсіресе, қазіргі уақытта. Сіз қанша өмір сүруді қалар едіңіз? 70, 80, мүмкін 100 жас. Бәлкім, өмірдің мәні оның ұзақтығында емес, мағыналы өтуінде шығар. Өзгеге көрсеткен қамқорлық пен жақсылықтың өлшемінде жатқан болар. Басқаға бағдар болар үлгі-өсиет пен қадір-қасиетте шығар. Бірақ жас кезде оны ойлап, бас қатырмаймыз. Жұмыс, табыс, қызмет, отбасы… Уақыт өткен сайын көбейе беретін сан мың мақсаттың көлеңкесінен шыға алмай малтығып қаласың. Жүйткіген уақыттың жалына жармасып, бәріне үлгеруге ұмтыласың. Айналып келгенде, мұның бәрі сізді «стреске» ұшыратады. Психологтардың пікірі осындай.
жалғасы »