«Мәдениеттілік мәнері» сайысына шақырамыз!
Бөлімi: Акция | Пікір жазылмаған » | Автор: Редакция
Құрметті оқырмандар!
Сымсыз байланыстың сиқырын меңгерген жиырма бірінші ғасырдың адамдары үшін ұялы телефонның маңызы ерекше. Алайда, телефонның қыр-сырын меңгеріп, қызығына кенеліп жүргендердің арасында оны қолдану мәдениетін білмейтіндер де кездеседі. Мәселен, театрда, концерт залдарында, кино залдарында, мұражайларда, маңызды жиналыстарда, басқа да қоғамдық орындарда әр жерден «әндетіп» жатқан ащы дауыстың естілуі – осының белгісі.
«Нұр Астана» республикалық жастар газеті «Beeline» компаниясымен бірлесіп өз оқырмандарын «Мәдениеттілік мәнері» атты ұялы телефонды қолдану мәдениеті тақырыбындағы ең үздік эсселер сайысына атсалысуға шақырады. Эссенің көлемі А-4 форматты бір парақтан аспауы керек.
Сайыстың мақсаты – жұртшылықты ұялы байланыс мәдениетін үйренуге шақыру. Эсселер «Нұр Астана» газетінің редакциясына немесе электронды мекен-жайына жолданады. Автордың толық аты-жөні, мекен-жайы мен байланыс телефондарын көрсетілуге тиіс. «Мәдениеттілік мәнері» сайысында жеңімпаз атанған эссенің авторы анықталып, арнайы жүлдемен марапатталады. Ең үздік эссе «Нұр Астана» газетінде жарияланады.
