Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы жұртшылық талқысына ұсынылды
Үкімет басшысының сөзімен ашылған жиында ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед баяндама жасады. Өз баяндамасында министр алдағы 2011-2020 жылдардағы онжылдық кезеңге тіл саясатын жүргізудің логикасы еліміздің қоғамдық-саяси тұрақтылығына елеулі қауіп-қатер әкелуі мүмкіндігін, бірқатар проблемалық мәселелердің әлі де болса сақталып отырғандығын тілге тиек етті. – Ең алдымен, бұл – қоғамдағы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейінің әркезділігі, екіншіден – елде қоғамдық-саяси өмірге мемлекеттік тілдің әлі де болса баяулау енгізілуі. Үшіншіден – тіл мәдениетінің төмендеп бара жатқандығы, төртіншіден – шетел тілдерін меңгерудің баяулығы, – деді М.Құл-Мұхаммед.
жалғасы »
Жуырда елордада Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің мұрындық болуымен Ата заңымыздың он бес жылдығына арналған «Тіл. Ұлт және Тәуелсіздік» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Аталған ауқымды шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр кеңсесінің жауапты қызметкерлері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, есімдері елге мәлім ғалымдар мен қайраткерлер қатысты. Біз алқалы жиында айтылған оқшау ой-пікірлерді оқырман талқысына ұсынғанды жөн көрдік.
жалғасы »
Дінмұхаммед Қонаев ақсақал айтпақшы, «Қазақта ең кенже қалған екі өнер түрі бар, бірі – футбол, екіншісі – кино». Қазақ киносының бүгіні қандай, болашағы нешік? «Кенже қалған» өнердің көсегесі қайткенде көгермек? Жуырда «Темірқазық» пікірсайыс клубының кезекті басқосуында осы мәселелер талқыға түскен еді.
жалғасы »
Соңғы жылдары қазақ қоғамын алаңдатып отырған мәселелердің Қытайдың Қазақстанға қатысты саясаты десек қателеспейміз. Белгілі шығыстанушы ғалым Мұрат Әуезов айтпақшы, «Қытайлармен ойнауға болмайды». Ел экономикасының қара базардан бастап, «қара алтынға» дейінгі барлық секторына шығыстағы көршіміздің дендеп еніп келе жатқаны соқырға таяқ ұстатқандай айқын аңғарылады. Жуырда «Темірқазық» пікірсайыс клубының кезекті басқосуына осы өзекті мәселе арқау болып, қатысушылар «Қытайдың Қазақстанға байланысты саясаты» деген тақырыпты талқыға салған еді.
жалғасы »
Жақында Парламент Мәжілісінің ғимаратында «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепілі» атты ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Қазақ тілінің тағдырын талқыға салған алқалы жиынның ойдағыдай өтуіне Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің өкілдері, Үкімет мүшелері, Қазақстан Халқы ассамблеясының мүшелері, басқа да құзырлы мекемелердің басшылары атсалысты. «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин мен Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов конференцияға қатысушыларға арнайы құттықтауларын жіберді.
Бір өкініштісі, жалпы отырыс залына жиылған өңкей жақсы мен жайсаңның арасынан Парламенттегі орыс ұлтының өкілдерінің бірен-сараны ғана болмаса, көпшілігінің қарасын байқай алмадық. Оны айтасыз, жайшылықта жөңкіліп жүретін отандық орыс тілді БАҚ өкілдерінің басым бөлігі осы басқосуға келуге еріншектік танытыпты. Біз қазақ тілінің қазіргі ахуалын саралауға һәм оны дамытудың бағыт-бағдарын айқындауға арналған алқалы жиында ақтарыла сөйлеген жандардың пікірін көзі қарақты оқырман қауымға жеткізуді жөн деп таптық.
жалғасы »