(Жалғасы. Басы өткен сандарда.)
3. АССИМИЛЯЦИЯ АУАНЫ
Ассимиляциялану, бұл – бір халықтың екінші бір халықпен, әсіресе, көрші халықтармен араласуының нәтижесінде өзінің ұлттық ерекшеліктерінен айырыла отырып, сол халықпен бірегейлену құбылысы. Ол көбінесе жеке адам немесе отбасыларға қатысты басталады да, барынша белең алған кезінде халықтың қалың бөлігін қамти түседі. Сөйтіп, бір ұлт екінші бір ұлттың құрамына сіңісіп кетеді.
жалғасы »
(Жалғасы. Басы өткен сандарда.)
2. ТУҒАН ЖЕРДІҢ ӘР ПҰШПАҒЫ – ЖЕРҰЙЫҚ
Осыдан екі-үш жыл бұрын жылдық еңбек демалысы кезінде еліміздің біраз өңірлерінде болудың сәті түсті. Баянауыл өңірінде болдық. Ежелгі Тараз жерінен Өскеменге дейін жеңіл көлікпен де, пойызбен де жол шеккенде бір байқағанымыз – Жетісу жерінің жайнап, құлпыра түскендігі. Жол сайрап жатыр. Ауылдар да бұрынғыға қарағанда ретке келіп қалған. Бақшалардағы алма, өрік ағаштарының көздің жауын алған жемістері анадайдан назарды өздеріне аударып, берекелі тірліктің бар екендігін көзге ұрып тұр. Жамбыл облысын басқарып, артынан Алматы облысында әкімдік қызметке тағайындалған Серік Үмбетовтің елім дегенде еңіреп туған іскер азамат екендігін білуші едік. Жол бойындағы ауылдардан сол іскерліктің ізін көрдік. Осыдан сандаған ғасырлар бұрын-ақ қазақ даласындағы қала өркениетінің бас-тауы, қайнаған тірлік ортасы болған Жер жаннаты Жетісу өңірінің дәуренді шағы қайта басталып келе жатқан секілді.
жалғасы »
(Жалғасы. Басы өткен санда.)
1. УРБАНИЗАЦИЯ ҚЫРЛАРЫ
Тәуелсіздік тартуы
Кеңес Одағы тұсындағы урбанизациялану үрдістерінде жергілікті ұлт өкілдерінен гөрі келімсек диаспоралар белсенді түрде тартылды. Олар қалаларға келіп орнықты. Көп салалы қала шаруашылықтарында, жаңадан ашылып жатқан өнеркәсіп орындарында жұмыс істеді. Ал қазақ халқының еншісіне негізінен ауылда тұрып, мал шаруашылығымен шұғылдану бұйырды. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басында қазақтар қала халқының 18 пайызын ғана құрады да, қалғандары басқа ұлт өкілдері туған еді. Соның ішінде сол кездегі астанамыз Алматы тұрғындарының 18 пайызы – қазақтар, 64 пайызы орыстар болды. Орыстардың үштен екі бөлігі, кәрістердің 86 пайызы, еврейлердің 95 пайызы қалаларда тұрды. Қалалы жерлерде қазақ мектептері мен балалар бақшалары некен-саяқ еді.
жалғасы »
Биылғы халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің индустриялық-инновациялық дамуымен қатар өңірлік даму мәселесіне ерекше мән берді. Еліміздің 2020 жылға дейінгі даму бағыттарын айқындаған осынау стратегиялық құжатта аталған мәселенің тілге тиек етілуі кездейсоқ емес. Алғашқы қазақ хандығы құрылған ХV ғасырдан бастап ата-баба мұрасы осынау байтақ даланы халыққа құтты қоныс ету, сол хандықтың басты идеологы іспеттес Асанқайғы бабамыздың Жерұйықты іздегеніндей үлкен халықтық мұратқа айналған болатын. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ауыр кезеңді артқа тастап, ел есін жинасымен сол мұрат тағы да бас көтерді. Ол енді жаңа заман бейнесінде жаңа шешімдер арқылы жүзеге аспақ.
Осындай маңызды мәселенің шешімін халқымыздың ендігі дамуына айрықша әсері бар урбанизациялық үрдістер аясында талқылап көргенді жөн санадық.
жалғасы »
Еліміздегі көптеген тасжолдарға қайта жаңарту мен күрделі жөндеу қажет. Мәселен, Ресей арқылы Еуропамен байланысуға оңтайлы бағыт болуы тиіс Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда арқылы Ақтөбеге қарай батыс бағытындағы жолдар мүшкіл жағдайда. Жүкті жылдам, қауіпсіз әрі сапалы жеткізуді талап ететін трансұлттық транзит осындай жолдарда көп кедергіге ұшырайды.
Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында «Батыс Еуропа–Батыс Қытай» дәлізі туралы 2007 жылы әңгіме қозғалған еді. Бұл мәселе осыдан екі жыл бұрынғы Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да кеңінен айтылды. Шығыс пен Батысты жалғастыратын жолдың жалпы ұзындығы 8445 шақырымды құраса, Қазақстанға тиесілі бөлігінің ұзындығы – 2787 шақырым. Соның 2452 шақырымы қайта жөндеуден өткізілмек. Өткен жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысы тарапынан жобаның жұмысын бастауға тапсырма беріліп, транзиттік дәліз бағыты арқылы өтетін әр аймақ қызу еңбекке кірісіп те кетті. Құрылыс жұмыстарына әлемнің беделді деген банктерінен 825 миллиард теңге қаржы тартылды.
Жақында қайта салынып жатқан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің еңбек барысымен халықты етене таныстыру мақсатында маусымның соңғы аптасында Көлік және коммуникациялар министрлігі баспасөз шеруін ұйымдастырған еді. Бес күндік іссапар барысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері төрт облыс аумағын аралап, мега-жобаның жұмысымен танысты.
жалғасы »