Наргүл Боранбаева, бокстан Қазақстанның үш дүркін чемпионы: Мен «современный» келін болдым
Бөлімi:
Шаңырақ |
1 пікір жазылған » | Автор:
Редакция
03.09.2010
Бокстан Қазақстанның 3 дүркін чемпионы, Орталық Азия ойындарының және Қазақстан, Қырғызстан Президенттері кубогының иегері, Тайланд королі кубогының жеңімпазы, Азияның (2007 жылы) қола жүлдегері, 2008 жылы Бейжің Олимпиадасы мен Миланда өткен Әлем біріншілігіне қатысушы Қанат Әбутәліповті спортсүйер қауым жақсы біледі. Наргүл Боранбаеваның да спорттағы жетістігі айтарлықтай. Ол кикбокстан Әлем чемпионы (Грекия, 2003 жыл), 6 дүркін Қазақстан чемпионы, Әлем кубогының (Мәскеу, 2004 ж.) күміс жүлдегері және бокстан 3 дүркін Қазақстан чемпионы. Міне, осындай спорттағы атақ-даңқы бір-бірінен асып түсіп жататын қос спортшының шаңырағында жақында үлкен қуанышты оқиға болды. Қанат пен Наргүлдің тұңғыштары – Қайсар есімді ұл дүниеге келді. Қос чемпионның қуанышымен бөлісуге біз де асықтық. Алайда, Қанат Астана құрамасымен шетелге жарысқа кеткен болып шықты. Наргүл «Қанаттың келуін күтейік» деген соң, сұхбатымыз сәл кейінге сырғыды. Қанат елге оралысымен Әбутәліповтер шаңырағына тағы да бас сұқтық, бұл жолы да отағасы үйде болмай шықты. Әңгіме өзегін Наргүлдің тарқатуына тура келді.
жалғасы »
Ел көлемінде жүріп жатқан «Бірлігіміз жарасқан» акциясы аясы әлі болса да жалғасын табуда. Сондай игі шараның бірі жуырда Кентау қаласындағы «Қамқор» балабақшасында жалғасын тапты. Жетім балалар мен жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға арналған мейірімділік акциясына өндіріс орындары, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қызметкерлері және жеке кәсіпкерлер қатысты.
жалғасы »
Студенттік өмір. Тек бір емтиханнан келесі емтиханға дейін өлместің күнін көру ғана емес, сөзсіз махаббаттың да шағы. Бес жыл бойы аштықтық пен тоқтықты бастан кешірген жатақхана тұрғындарының арасында бір-біріне шынайы достық сезімі оянады. Тіпті ол сезім махаббатқа ұштасып, заңды некеге тұруға ұласады. Дегенмен, кез келген бойжеткеннің студент жігітке тұрмысқа шығуға келісе бермесі анық. Студент отбасын құру жайлы әңгіме болғанда, міндетті түрде «Қайда тұрамыз? Қалай күн көреміз? Дүниеге келген перзентке кім қарайды? Сабақ не болады?» деген бірқатар сұрақтардың тууы қалыпты жағдай. Әрине, ата-анасы демеулік ететін болса, әңгіме бөлек. Мен қарапайым студенттерше, яғни жатақханада тұратын (егер жатақханадан бөлме ала алса), шәкіртақыға күн көретін студент одағы туралы айтып отырмын. Мұндай отбасылар бар, сіз сенсеңіз де, сенбесеңіз де. Мысалы, «Астана» медицина университетінің 9 қабатты жатақханасының тұрғындары – Жандос Мейірманов пен Малика Утаеваны алсақ. Отбасын өткен жылы құрған жұптың қазір Жандияр деген ұлы бар. Екеуінің бас қосуына осы жатақхана себепкер, осында тұрғанда танысыпты. «Мен ұлдармен, Малика қыздармен тұратын әрі екеуміз де «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім аламыз. Осылайша бір-бірімізге көңіліміз түсіп, тұрмыс құрдық. Қиындықтың күтіп тұрғанын екеуміз де сезетінбіз, дегенмен ортақтасуға бел будық, – дейді Жандос.
жалғасы »
Мұндай сұрақтың тууының өзі пікірдің жан-жақтылығын көрсетеді. Жалпы қоғам студент отбасын қалай қабылдайды? Жоғары оқу орнында білім алатын саналы жастардың шаңырақ көтеруі дұрыс па, әлде ойланбай басылған қадамның бірі ме?
жалғасы »
Қазақ қоғамында қыздардың тұрмысқа шықпай бала көтеруі, оны құрсағында тұншықтырып, жасанды түсік жасатуы секілді келеңсіздіктер күн санап көбейіп барады. Баршаны алаңдататын жағдай бұл. Соңғы онжылдық көлемінде елімізде кәмелеттік жасқа толмаған қыздар арасында жасанды түсік жасатушылар қатары көбейіп кеткені белгілі болып отыр. Бұрын гинеколог-дәрігерлер жоғары оқу орындарындағы қыздарға дәріс оқыса, ал қазір олар мектептерге де баруға мәжбүр. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, әлем бойынша жасанды түсік жасату жасөспірімдер арасында жиі кездеседі. Соның ішінде Қазақстан алғашқы орындардың бірінде көрінеді. Мысалы, 2009 жылы әлемде 30 миллион жасанды түсік жасалыпты. Соның 300 мыңы Қазақстанға тиесілі болса, Оңтүстік Қазақстан облысында 17 000 қыз бала жасанды түсік жасатқан. Бұл – тіркелгендері, тіркелмегендері қаншама. Ал 2008 жылы 1 940 947 бала туылса, 1 230 000 жасанды түсік жасалған көрінеді. Өкінішке қарай, жасанды түсіктің бәрі сәтті бола бермейді. «Аборттан» кейін қайтыс болып кететіндер де бар. Мысалы, жасанды түсік жасатқан әрбір әйелдің тоғызыншысы қайтыс болса, соның көбісі 15-19 жас аралығындағы қыздар екен. Солардың 80 пайызы — медициналық мекемелерден тыс жерлерде жасағандар. Ал оның соңы көбіне қайғылы жағдаймен аяқталады. Жасанды түсік еш уақытта ізсіз кетпейді. Әсіресе ол тұңғышын алдыратындар үшін өте қауіпті дейді мамандар. Жасанды түсік жасатудың соңы бедеулікке соқтыруы мүмкін.
жалғасы »