Ләззат Алшынова, «Демеу» отбасылық медицинасы оқу-тәжірибелік орталығы жанындағы Жастардың денсаулық орталығының директоры: Жастар махаббатқа шөліркеп жүр
Бөлімi:
Кеңес |
Пікір жазылмаған » | Автор:
Редакция
24.12.2009
– Жастардың денсаулық орталығы қандай мақсатта құрылған?
– Орталыққа медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмекке зәру 10 мен 29 аралығындағы жастар келе алады. Психолог, психотерапевт, гинеколог, дерматовенеролог, арт-терапевт, заңгер, волонтерлер клубы, бір сөзбен айтқанда, мамандар жастарға көмек көрсетуге әзір!
– Денсаулық орталығының негізгі миссиясы қандай?
– Орталықтың негізгі миссиясы – үлкен өмір есігін енді ашқалы отырған өскелең жасқа әлі толық танылмаған дүние сырларын ұғынуға көмектесу. Ресейде 70-тен аса осындай орталық бар екен. Ал бізде мұндай орталықтар жеткіліксіз. Мәселен, еліміздің бас қаласында өз алдына жеке, жастарға арналған бір үлкен орталықтың болуы қажет.
жалғасы »
Бақыт Құсайынқызы: Адамдарға «алтын инемен» қуаныш сыйлаймын
Бөлімi:
Кеңес |
1 пікір жазылған » | Автор:
Редакция
08.10.2009
– Шығыс медицинасын қолданып, науқастарды емдейді екенсіз. Өз мамандығыңыз қандай?
– Тері дәрігерімін. Шыңжаң медицина университетін бітірдім. Содан кейін Шанхай университетінде білімімді көтердім.
– Дерматологсыз ба сонда?
– Орысша қалай атайтынын білмеймін. Біз тері дәрігері дейміз. Кейіннен қосымша «алтын ине» салуды, шөппен емдеуді үйрендім. Қытайдың Үрімші қаласындағы №2 ауруханада 9 жыл жұмыс істедім. Кейін алты қыз бірігіп, жеке емхана аштық. 4 жылдан соң қасымдағы қыздар тұрмыс құрып, отбасылық жағдайына байланысты әрқайсысы өзді-өзімен болып кетті де, емхананың жұмысы тоқтады. Сосын, қайтадан №2 ауруханаға жұмысқа орналасып, бұл жолы онда 3 жыл істедім.
жалғасы »
Сәуле Нұркішева, Астана қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы: Дипломды жұмыссызға мүмкіндік бар
Бөлімi:
Кеңес |
Пікір жазылмаған » | Автор:
Редакция
01.10.2009
Бүгінде дипломы бар жас та, дипломсызы да «екі қолға – бір күрек» дейтін заманға тап келді. Оқу бітірген түлекті жұмыспен міндетті түрде қамтамасыз ететін бұрынғы жүйе жоқ. Әркім өзінше қармануда. Табақтай дипломын сандықта «сүрлеп», басқа мамандықтан нәпақа табу үрдісі көбейді. Таппағаны құжатын құшақтап, көшеде қаңғырып қалды десе болғандай. Дегенмен, «үмітсіз шайтан» демекші, дипломды жас іздене білсе, далада қалмайтын сыңайлы. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының көздеген мақсаты осы. Жұмыс таппай, тауы шағылғандар мен жұмыс беруші арасындағы дәнекер рөлін атқаратын жұмыспен қамту орталықтары оқу бітіргенмен, несібесін оңайлықпен таба алмай жүрген жастарға көмек қолын созады.
жалғасы »
Forbes журналы қыз-келіншектерге офис киімін талғап киюді ескертеді. Себебі, көзге шыққан сүйелдей рабайсыз кейпіңіз өз имиджіңіз бен карьераңызға зардабын тигізуі бек мүмкін.
жалғасы »
Малайзияда 15 мың долларға үй алуға болады деген сөз бар. Қамшының сабындай ғұмырда шама келсе, дөңгеленген дүниені армансыз аралағанға не жетеді?! Ал шетелде терезесі теңізге қараған өз үйіңіз, кең сарайдай боз үйіңіз болса, тіпті тамаша!
жалғасы »