Болат Палымбетов, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы Басқарма төрағасының орынбасары: Мұнай – халқымыздың ортақ қазынасы
Бөлімi:
Эксклюзив |
Пікір жазылмаған » | Автор:
Редакция
03.09.2010
Бүгінде «ҚазМұнайГаз» әлемнің жетекші 50 мұнай-газ компанияларының қатарына кіреді. Petroleum Intelligence Weekly атты беделді халықаралық басылым осылай бағалап отыр. Рейтингке 130-дан астам компания қатысқанын ескерсек, бұл – жақсы көрсеткіш.
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы Басқарма төрағасының орынбасары Болат Әбілқасымұлы Палымбетов мұнай-газ саласындағы атқарылып жатқан істерге орай «Нұр Астана» тілшісі тарапынан қойылған сауалдарға жауап береді.
– Болат Әбілқасымұлы, «ҚазМұнайГаз» компаниясының жыл басынан бергі жұмысын қалай бағалар едіңіз?
– Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық дамуы еліміздің мұнай-газ әлеуетімен айқындалады. Елбасы мәлімдегендей, мұнай саласына әуел бастан ел экономикасының локомотиві міндеті жүктелді. Сондықтан өзімізге жүктелген жауапты міндетті абыроймен атқаруға бар күшімізді салудамыз.
жалғасы »
Уильям Фиерман, Индиана университетінің профессоры: Қазақ тілі қазақтардың емес, Қазақстанның тілі болуы керек
Бөлімi:
Эксклюзив |
Пікір жазылмаған » | Автор:
Редакция
05.08.2010
Америкалық ғалым, Индиана университетінің саясаттану факультеті Орталық Еуразияны зерттеу кафедрасының профессоры Уильям Фиерман мырза таяуда жұртшылыққа ұсынылған Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылайтын кеңейтілген отырысқа арнайы ат терлетіп келген еді. Ол Орталық Азиядағы саяси жағдай, әсіресе, тіл, ислам діні және ұлттық ерекшеліктер туралы тақырыптарды зерттеумен айналысады. Басты еңбектері: «Тілді жоспарлау және ұлттық даму: өзбек тәжірибесі», «Кеңестік Орталық Азия: «Жолы болмаған» қайта құру» кітабының құрастырушы авторы. «Тіл туралы заңдарды жүзеге асыру: бес республикадағы қайта құру және заң мәселелері», «Бөтен діндердің қаупін сезіну». Қазақтілді ақпарат құралдарының реакциясын талдау», «Қала демографиясының өзгеруі және Қазақстандағы ұлтшылдық болашағы», «Қазақстандағы тіл және даралану мәселелері: негізгі құжаттардағы көрініс», «Өзбекстандағы саяси даму: демократиялану деп айтуға келе ме?», «Орталық Азия мен Кавказдағы бөліну және өзгеріс мәселелері» атты ғылыми мақалалары Батыстың беделді басылымдарында жарық көріп, кітаптар тарауына енген. Мақала тақырыптарынан көрініп тұрғандай, ол Қазақстандағы жағдаймен бес саусағындай таныс.
Таяуда америкалық профессормен сұхбаттасудың сәті түскен еді.
жалғасы »
Азат Кәрімұлы, «ОРТ Құрылыс-сервис» ЖШС-ның директоры: Қазақ атажұртында ғана өркен жаяды
Бөлімi:
Эксклюзив |
Пікір жазылмаған » | Автор:
Редакция
22.07.2010
– Қытайдан атажұртқа оралып, жастарға үлгі болып, бір компанияның тізгінін ұстап отырсыз. Сауданың мұқтаждығына байланысты екі араға көп қатынайтын боларсыз? Осы орайда қос мемлекет жастарына жеке-жеке қандай пікір білдіресіз?
– Екі елдің жастарында үлкен айырмашылық бар. Қытайдағы жастармен салыстырғанда Қазақстандағы жастардың, көпке топырақ шашуға болмайды, десе де, ұлтшылдығы кемшіндеу. Қытайдың қай сайтына кірсеңіз де, газет-журналын оқысаңыз да олардың отаншылдық, асқақ рухтарын бірден аңғаруға болады. Бұл мына екі түрлі себепке байланысты шығар: бірі, олар өздерін үлкен ұлт ретінде сезінеді. Екіншіден, олардың арасында «Сендер мықтысыңдар!» деген үгіт қашанда басым. Ал, тәрбие мәселесіне келгенде бізде ақсап жатқан жақтарымыз мол. Оны педагогтар, психологтар зерттей жатар.
– Ендеше, әңгімемізді Қытайдағы қазақ жастарына бұрсақ.
жалғасы »
Биыл Қазақстанның халық ақыны, айтыскер әрі жыршы Нұрпейіс Байғаниннің туғанына 150 жыл толды. Халық арасында жұртшылықты шырқау шығармашылығымен һәм шырайлы шабытымен әрдайым таңғалдырып отырған өнер иесі кейінгіге мол мұра қалдырған. Бүгінгі таңда оның 15-тен астам поэмасы, бірнеше айтысы мен көптеген өлеңдері, сондай-ақ толғаулары да бізге жетіп отыр.
Ұлы шайырдың 150 жылдық мерейтойы – исі қазақ жұртының торқалы тойы қарсаңында ақпа ақынның өмірі мен өнеріне, жалпы шығармашылығына қысқаша тоқталуды жөн көріп, ұлы Момын мен оның есімімен етене таныс бірнеше адамдармен кездес-кен едік. «Сегіз қырлы, бір сырлы» Нұрпейіс Байғанинге байланысты өрбіген әңгімеміз – мерейтойдың қандай деңгейде өткізілетініне, оның шығармашылығының зерттелуі мен әлі күнге дейін шешімін таппаған өзекті мәселелерге арналды.
жалғасы »
Дүйім әлемді аузына қаратқан қазақ текті киногер Тимур Бекмамбетов елорданың туған күніне толымды тарту жасады. Тартуы сол, «Астана» экшн-фильмдер кинофестивалін өткізіп, бас қаланың төрінде әрісі Америкадан екі дүркін Оскар сыйлығының иегері Хилори Суонк, Дольф Лундгрен, Майк Тайсон, Шарлто Копли, Харви Вайнштейн, ресейлік Владимир Машков, Андрей Панин сынды жұлдыздарды қонақ етті. Біз Астанаға анда-санда ат басын тіреген сайын жан-жадырататын жаңалық ала келетін маңдайы кере қарыс қандасымызды аз-кем әңгімеге тартқан едік.
жалғасы »