Олимпиада чемпионы қарақшыны құрықтады. Суға жүзуден төрт мәрте Олимпиада чемпионы Дон Фрейзер үйіне түскен ұрыға бой бермей, мүлкін аман сақтап қалды.
Австралиялық 72 жастағы қария ұрының шашынан ұстап алып, пах соққы береді. Сол сәтте оған көмекке досы келіп үлгереді. Ол қылмыскерді жерге жығып алып, қашан полиция келгенше тапжылтпай ұстайды. жалғасы »
Денсаулығы ең қымбат футболшы. Мадридтің «Реалы» португалиялық аяқ доп шебері Криштиану Роналдудың денсаулығын 100 миллион еуроға сақтандырды. Бұл – футбол әлеміндегі рекордтық меже. Егерде Роналду жарақат алып, соның кесірінен кәсіби карьерасын жалғастыра алмаған жағдайда, клубқа аталған сома төленеді. жалғасы »
Жанкешті кеншілер аман қалды. Үш қытай кеншісі 25 күн бойы апат болған шахта астында қалған. Цинлун уезінің Гуйчжоу провинциясында орналасқан «Синьцяо» көмір шахтасында 17 маусымда жерасты суларының тасқыны орын алды. Апаттың нәтижесінде 16 адам шахта астында қалып, 25 маусымда құтқарушылар қаза болған бір кеншінің сүйегін аршып алды.
Адамдарды аман құтқару мүмкіндігі аз болғанына қарамастан, іздестіру жұмыстары жалғаса берді. Апаттан 25 күн өткен соң, яғни 12 шілдеде құтқарушылар забойдан үш кеншіні құтқарды. Бүгінде дәрігерлер олардың жағдайын қалыпты деп бағалауда.
жалғасы »