Нұр Астана газеті

«Мыңжылдықтар тоғысындағы Қазақстан»
Елбасы Н.Назарбаев Білім күні қарсаңында «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенінде болып, ондағы ҚР Ата заңының 15 жылдығына арналған жаңа «Мыңжылдықтар тоғысындағы Қазақстан» диорамалық павильонын аралап көрді. Диорамалық павильон – этно-мемориалды кешеннің экспонаттары арасында өзіндік айшықты орынға ие. Грек тілінен аударғанда «диорама» термині – «көрініс», «оқиға» деген мағынаны береді. Диорамаларда Қазақстан территориясында алғашқы адамның пайда болған және қазіргі тәуелсіз Қазақстанның, оның ішінде еліміз жылнамасының жарқын бетіне айналған елордамыз Астананың қалыптасуы мен дамуы сынды ел тарихындағы маңызды кезеңдер көрсетілген. Жарты шеңбер түрінде иілген картина көрерменге оқиғаның тап ортасында жүргендей әсер қалдырады. Павильонға Ә. Қастеев, А. Дүзелханов, К. Әжібек, К. Ахметжанов секілді Қазақстанның жергілікті суретшілері мен Қ. Ақышев, Б. Аяған, А. Төлеубаев секілді еліміздің көрнекті тарихшы, археолог, этнографтарының еңбектері қойылған.

Әр диорамада әр кезеңге сәйкес белгілер, әр кезеңдегі уақыттың рухы сезіледі. Диорама авторларының тек прототип тарихы саласында ғана емес, сонымен қатар мүсін пластикасы, бейнелеу өнері және көркем композиция саласында да жан-жақты еңбек еткендері көрініп тұр.

Қазақстан – мәдени мұрасы мол, тарихы бай мемлекет. Ежелгі әлем өркениетінің қиылысында орналасқандықтан Шығыс пен Батысты, Оңтүстік пен Солтүстікті, Еуропа мен Азияны, Еуразия континентіндегі ірі мемлекеттік құрылымдардың арасындағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени-идеологиялық қатынастарын байланыстырушы ретінде танылды. Еліміздің территориясында ертеден өзіндік тарихы бар мемлекеттер құрылып, олардың дамуы нәтижесінде қазіргі заманғы Қазақстан тарихы сахнаға шығып отыр.

Бұл павильон сол тарихты ұрпақ санасына сіңірумен, ұлттық тәрбие беру, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, тарихи-мәдени мұра мен рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында құрылып отыр.

Президент Н.Назарбаевқа арнап жаңа «Мыңжылдықтар тоғысындағы Қазақстан» диорамалық павильонындағы алғашқы экскурсияны «Атамекен» патриоттары» Жастар клубының мүшелері мен мектеп оқушылары жүргізді. Олар еліміздің тарихи дамуы кезеңдерінің әрқайсысына тән оқиғалар, этно-мәдени, архитектуралық ерекшеліктеріне назар аудара отырып экспозицияны таныстырды. Сондай-ақ Елбасы елордалық 11-сынып шәкірттерімен де кездесіп, жаңа оқу жылымен құттықтады.

Олжас СӘНДІБЕК

Қарақат ӘБІЛДИНА: Бесік тербетіп отыру – мен үшін ұлы бақыт
Газетіміздің өткен санында «Күйтабақтың» келесі кейіпкері Жастар сыйлығының лауреаты, «Алтын самұрық» ұлттық музыкалық байқауының «Гран-при» иегері, белгілі әнші Қарақат Әбілдина болатынын оқырманға хабарлаған едік. Қыдырәлі мен Қарақаттың Астанадағы үйінде өрбіген сұхбатымызды ықшамдап ұсынып отырмыз.

– Сахнадағы әнші Қарақатты көрермендер жақсы біледі. Ал отбасы-ошақ қасындағы Қарақат қандай?

– Өзің көріп отырғандай, «мен әншімін, ән шырқауды ғана білемін» деп қол қусырып отырған сыңайым жоқ. Қазақтың әйелдері не істесе, соның бәрі менің де қолымнан келеді. Уақытым табылып жатса, үй шаруасының барлығын өзім атқарамын. Ас әзірлеп, үй жинап, киім-кешектерді үтіктеп дегендей… Куә болғаныңдай, шайды да құйып беріп отырмын (күліп).

Қазір үйдегі адамдардың бәрі Ораза тұтып, ауыздарын бекітуге ниет етті. Бізден басқалары (көзімен ұлдарын нұсқады – А.Т.) кешке дейін нәр татпайды. Күндегі жұмысымыз сол, ауыз ашарға дәмді етіп кешкі асты дайындаймыз. Таңертең сәресін дұрыстап дайындап беру керек. Қазір үйде менен басқа әйел заты жоқ, кілең ер-жігіттер: Қыдыр, ауылдан қонаққа келіп жатқан аға-інілерім бар, ұлдарым бар. Кенже ұлымызды күніне бір мезгіл далаға шығаруды да ұмытпаймын, сәбидің таза ауамен тыныстағаны дұрыс қой.

– Бір байқағаным, бала күтушісін ұстайды екенсіз?

– Иә, онсыз болмайды. Себебі, үйдің тірлігі бар, одан қалды үш балаға бірдей үлгере алмайсың. Балаларды сабаққа апару, алып келу, сабаққа дайындалуын қадағалаудың өзіне біраз уақыт кетеді. Оған келімді-кетімді қонақтарды және қосыңыз. Жалпы, ұлдарымның барлығын да бала күтушінің көмегімен өсіргенімді айта кетсем деймін.

– Күнделікті тірліктің қамымен жүріп, шығармашылығыңызды ұмыт қалдырған жоқсыз ба?

– Жоқ, уақыт тауып шығар-машылығымды да дамытуға тырысып жатқан жайым бар. Құдай қаласа, жуық арада қызылордалық Сәбит Лұқпанұлы есімді жас композитордың «Ханзада» деген әніне бейнеклип түсірмекпіз. Бұл бейнебаянның бұрынғылардан басты ерекшелігі, әннің сазы ойнақы әрі сөзі де жеңіл болғандықтан, бейнебаянды мультипликациялық етіп жасағымыз келеді. Яғни Қыдыр екеуміздің бет-бейнеміз кәдімгі бүлдіршіндер көретін мультфильмнің кейіпкерлері сияқты болады.

Осыдан 2-3 ай бұрын өмірдегі әрі өнердегі дос құрбыларымның бірі Мәдина Сәдуақасовамен бірге «Ау, құрбым» деген әнді жаздырған едік. Соған да клип түсіру ойда бар. Бір айта кетерлігі, осының бәрі үшінші ұлымды дүниеге әкелместен бұрын ойластырылып, жоспарға енгізілген жұмыстар. Әрине, кенжеміз дүниеге келгеннен кейін жоспарымызға аздаған өзгерістер енетіні анық. Бірақ бәріне де үлгереміз деген ойдамын. Бұйырса, алдымен «Ханзадаға» бейнесаз түсіріп, кейін Мәдина құрбыммен орындалатын әнге кіріспек ниеттеміз.

– Қыдырәлі ағамыздың қуыршақтар жасау бизнесін қолға алғаны туралы естідік. Қыдырәлінің қуыршаққа деген «қызығушылығы» қалай пайда болды?

– Негізі, Қазақстанда қуыршақ жасау ісі өте кенже қалған. Қазақстанда шығарылатын қуыршақтар жоққа тән десем, ешкім дау айта қоймас. Кішкентай қаракөздеріміз өзге елдердің жасаған ойыншықтарын қызықтап, бар назарын соларға аударады. Нәтижесінде, сәбилеріміздің санасын шетелдік «Барби» мен «Өрмекші адам» сияқты кейіпкерлер жаулап жатыр. Осының кесірінен болашақ ұрпақ ұлттық болмыс-бітіміміз бен салт-дәстүрімізден, тіпті қарапайым қазақы түсініктен ада болып өседі.

Бұл жағдай біздің отбасымызды да қатты алаңдатады. Өйткені, өзіміз де бала сүйіп, тәрбиелеп жатқан жайымыз бар. Содан бір күні Қыдырға: «Неге өзіміздің отандық ойыншықтарымызды жасап шығармасқа?!» деген ой келіпті. Көп уақыт өтпестен бұл идеямызды аяқсыз қалдырмайық деп, білікті мамандардан кәсіби ақыл-кеңес алып, бүгінде сол істі бастап та кеттік. Алла жазса, қазақ тілінде ән айтып әрі ұлттық нақышта билейтін, оған қоса жүріп-тұратын «Қарақат» қуыршағы мен «Бал бала» ойыншығын көпшілікке ұсынбақпыз. Бұдан бөлек аңыз-әңгіме, ертегі кейіпкерлерін де қамтымақ ойымыз бар.

– Өткен жылы Астанадан «Қарақат» мектеп-студиясын ашып, шәкірт тәрбиелеп жатқаныңыздан хабардар болдық. Кенжеңізге алаңдап жүргеніңізде, мектептің де жұмысы кенжелеп қалмай ма?

– Шыны керек, кенжеміз Нұрәлиіммен бірге біраз уақыт үйде отыруға тура келетіндіктен, мектептегі қызметкерлеріме: «Менің демалысыма байланысты жұмысты 1 жылға тоқтатсақ қайтеді?..» – дегенмін. Себебі, көзбояушылыққа салынғым келмейді. Өмірге бала әкелген соң, кемінде бір жыл соның қасында отыруың шарт. Яғни бұл, мектептегі шәкірттеріме уақыт жоқ дегенді білдіреді. Содан осындай ұсынысты айтуға мәжбүр болдым. Алайда, бұл тілегіме мектеп-студияның ұстаздары да, шәкірттерімнің ата-аналары да бірден қарсылық танытты. Неге десеңіз, биылғы оқу жылына 50-ден астам бала құжаттарын тапсырып үлгеріпті. Ол-ол ма, тіпті менің мектебім үшін Қызылорда мен Семей секілді шалғайдағы аймақтардан ат арытып, отбасымен елордаға қоныс аударғандары да кездесіп жатқан көрінеді. Бұны естігеннен кейін пікірімді өзгертіп, жұртың өтініш-тілегіне қарсылық білдіргенім жоқ. Бірақ отбасылық жағдайыма байланысты белгілі бір уақыт мектептің жұмысына араласа алмайтынымды алдын ала ескертіп қойдым.

– Қарақаттың мектебіндегі мұғалімдердің біліктілігі қай деңгейде?

– Қазір Алматыдағы Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияны қызыл дипломға бітірген, бірнеше аспаптарды меңгерген жас мамандарды оқытушылық жұмысқа қабылдап жатырмыз. Алдағы аптада солардың ішінен ең жақсы дегендерін іріктеп, білікті де білімді ұстаздарға барынша жағдай жасамақпын. Кадрларды қадірлей білсек, олар да өздерінің істерін жан-тәнімен атқарады деген сенімдемін.

Осыдан бірнеше ай бұрын ғана Астанада мектеп-студияның барлық шәкірттерінің басын қосып, «Біз 1 жасқа толдық» атты есеп беру кешімізді өткіздік. Шүкір, басты көрерменіміз – ата-аналардың көңілінен шықтық деп айта аламын. Қазір бізде оқитын өрендер домбыра, жетіген, сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз және қылқобыз секілді аспаптарда ойнауға машықтанып жүр.

– Айтпай кетуге болмас, халық арасында «Қарақат өз шәкіртіне байқаулардан бас бәйге алып беріпті» деген алып-қашпа әңгіме гулеп жүр. Осыған қатысты нендей уәжіңіз бар?

– Өзім де осы әңгімеге тоқталайын деп отыр едім. Көрермендер жақсы білуге тиіс, бірнеше ай бойы «Қазақстан» телеарнасындағы «Айгөлек» бағдарламасын жүргізгенім бар. Сондағы продюсерлер өзара бір шешімге келіп, «Айгөлек» жобасының жанынан республикалық балалар байқауын өткізетін болды. Аталмыш сазды сайысқа менің мектеп-студиямның Меруерт Серікова есімді оқушысы да қатысты. Алайда, Меруерттің өнер көрсетуіне мүлдем араласқаным жоқ, жай ғана байқаудың жүргізушісі едім. Әкімшілік жұмыстарға, оның ішінде әділқазылық жұмысқа мүлдем араласпайтынымды алдын ала бәріне ескертіп те қойдым.

«Бұйырған қусаң кетпес» деген, әлгі қызым бас жүлдені иемденді. Өзінің талабы мен таланты бар бала, ешкімнен кем өнер көрсетпегені де анық. Кейін кейбір қазекемдер «Әбілдина шәкіртіне бас жүлдені алып берді» деген қисынға келмейтін әңгіме шығарыпты… Турасын айтқанда, оған түк те қатысым жоқ. Ұйымдастырушы – «Қазақстан» ұлттық арнасы. Көрермендер тарапынан SMS хабарлама арқылы дауыс беріліп, барлығын әділқазы мүшелері қадағалап отырды. Түсінбеймін!.. Өзіме қатысты осындай орынсыз өсек-аяң естігенде, аздап өкпелейтінім де бар.

Қазірде «Айгөлектің» маусымдық түсіру жұмыстары аяқталды. Бәлкім, жаңа маусымнан бастап қайтадан эфирге жол тартар. Алайда, бағдарлама Алматыда түсіріледі. Ал мен балаларыммен елордадамын дегендей…

– Яғни тележүргізушіліктен біржола қол үзгеніңіз бе?

– Түсіру жұмыстары басқа қалада ұйымдастырылғанына байланысты «Айгөлекке» қатыспайтыным анық. Әйтсе де, тележүргізушілікті біржола қойдым деуден аулақпын. Өзімді басқа бағдарламаларда сынап көрмек жоспарым бар. Дегенмен, әзір емес, кішкентайым сәл есейген соң ғана.

Реті келгенде айта кеткенім жөн, жақында «Хабар» агенттігінде жұмыс істейтін Серік Аббас-Шах хабарласып, «Астанадан түсірілетін бағдарламаларға атсалысып, өзіңді байқап көрсейші. Бірнеше тың ұсыныстар бар» деп телефон арқылы қолқа салды. Несі бар, бәрі де мүмкін…

– Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

– Қолым қалт еткенде құрбы-құрдастарыммен бас қосып, әңгіме-дүкен құрғанды тәуір көремін. Бұдан бөлек барлық әйел заты секілді дүкен аралағанды жаным сүйеді. Мектебіме барып, шәкірттеріме сабақ беру де – сүйікті ісім. Алайда, бүгінде сол бос уақыт жоқтың қасы ғой. Дәл қазір басты жұмысым да, міндетім де, әнім де – кенжеміз Нұрәли (күліп).

– Үлкен сахнаға қашан оралмақсыз?

– Шынымды айтсам, бүгінгі өміріме ризамын. Осылай бала бағып, соның бесігін тербетіп отыру – мен үшін ұлы бақыт. Ең негізгі өмірім де, өнерім де – осы. Ал сахнаға оралуға келсек, айтарлықтай ұмтылысым жоқ, әзір емес. Сәбиімнің тілі шығып, әбден жүгіріп кеткенше қасында болғым келеді. Алла нәсіп еткен күні шығармын.

– Қарақат, бізді қонақ етіп, емен-жарқын сыр шерткеніңіз үшін рахмет! Шығармашылық табыстар тілеймін!

– «Нұр Астана» газетінің атынан келіп, біздің азды-көпті қуанышымызбен бөліскеніңіз үшін сіздерге де рахмет! Тілшілерге табыс, басылымға мол таралым тілеймін!

Әңгімелескен Айбек ТАСҚАЛИ

Арарат сапары
Жазғы демалысымды аяқтап, Семейден Астанаға келген бетім сол еді, қалта телефоным безілдеп қоя берді. Көтерсем, факультеттің деканы Шолпан Құзарқызы екен. Сөзді көп созбай, менің  18 тамыз күні ректормен бірге Ереванға іссапарға баратынымды жеткізді. Содан кейін проректор Лаура Алтайқызы, халықаралық бөлімнің қызметкерлері бірінен соң бірі телефон шалып, тез ректоратқа жетуімді өтінді. Барсам, іссапар құжатым да, ұшаққа билетім де дайын екен. Таңғы сағат 05.00-де Мәскеу арқылы Арменияға ұшатын болыппыз. Содан не керек, тез жолға жиналып, түнгі сағат 03.00-де сапарласым, Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Зиябек Қабылдиновпен бірге алып-ұшып әуежайға жеттік. Сол жерде ректорымыз Бақытжан Әбдірайым мырзамен кездесіп, ұшаққа міндік. Бара жатқан сапарымыздың мақсаты – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстанның Армениядағы елшілігімен бірлесіп, Ереван Мемлекеттік университетінде «Қазақ тілі мен тарихы және мәдениеті орталығын» ашпақ. Орталықты кітаптармен және қазіргі заманға сай техникалық құралдармен біздің университет жабдықтапты. Сол салтанатты шарада мен қазақтың дәстүрін көрсетіп, домбырамен арнау айтуға тиіспін.

Біз отырған алып лайнер қанатымен бұлттарды ысырып, Мәскеу бағытында көкке көтерілді. Ұшақтың ішінде белгілі түрколог-ғалым, Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Шәкір Ыбыраевты жолықтырдық. Ол кісі де министрліктің тапсырмасымен бізбен бірге сапарлас болды. Сонымен, төртеуміз Астана-Мәскеу-Ереван бағытындағы ұшақпен он сағаттан кейін Қарт Кавказдың төбесінен топ ете түстік. Бізді Ереван әуежайында Қазақстанның Армениядағы Төтенше және өкілетті елшісінің кеңесшісі Қартай ағамызбен бірге консул Талғат деген жігіт қарсы алды.

Ұшақтан түскенде байқағаным – Ереван өте ескі қала екен. Жарқыраған Астанадан барған адамға алғашында сұрқай түсті қала көрінісіне көз үйрете қою қиындау. Үйлердің сырты қала маңынан қазылып алынатын қызғылт-cұрлау тастармен қапталыпты. Армения таулы жер болғандықтан қала қырға қарай қиялап салынған. Тау жақтан «Армения анасы» деп аталатын алып ескерткіш ерекше көзге түседі. Консул Талғат мырза әуежайдан қонақүйге жеткенше бізге әлі бейтаныс елдің жағдайын таныстырып отырды. Жалпы аумағы Қазақстанның бір үлкен ауданының көлеміндей ғана болатын Арменияда халықтың саны 3 миллоннан сәл ғана асады. Оның 1 миллион 200 мыңы ел астанасы Ереванда тұрады. Ел шекарасын Ресей әскері күзетеді. Арменияның аумағы төрт мемлекетпен шектеседі. Оның екеуі Түркия және Әзербайжанмен саяси ахуалы өте қиын. Тек Грузия және Иранмен ғана достық қарым-қатынас орнатқан. Ұзын саны 8 миллион болатын армяндардың үштен екісі шетелдерде өмір сүреді. Бірақ ешқайсысы тарихи Отанын ұмытпай, жылына бір рет келіп, қолынан келген көмегін жасап кетеді. Бұл дәстүрлері, әрине, бізге ұнады.

Қазақ деген өзен, Қыпшақ деген ауыл бар

Қонақүйге орналасып болған соң, елшіліктегілер қаланың қақ ортасындағы армян мейрамханасына алып келді. Ол жерде бізді ректорларымызбен бірге Қазақстанның Армениядағы Төтенше және өкілетті елшісі Айымдос Бозжігітов мырза күтуде екен. Елшінің бір көргеннен-ақ парасатты, елге жаны ашитын, ұлтжанды азамат екені менмұндалап тұрды. Біздің делегацияның басшысы, ректорымыз Бақытжан Жарылқасымұлы екеуі көп жағдайда ортақ пікірге келіп, Армения жеріндегі тарихи мұраларды зерттеуге ықпал етуге уағдаласып отырды. Елшінің айтуынша, армян халқының тарихында біздің ата-бабаларымыздың да үлесі мол сияқты. ІХ-ХІІІ ғасырларда бұл өлкені баһадүр қыпшақтың ұландары мекен еткен. Олардың 40 мыңға жуық түтіні, жеке әскері болыпты. Талай қанды ұрыстарға қатысқан.  Кейін ізім-қайым жоғалып кеткен. Бірақ армянның орта ғасырдағы көне сөздіктері мен кітаптарының барлығы армян-қыпшақ мәдениетінің жәдігерлеріне жатады. Ол аз десеңіз Ереваннан 110 шақырым жерде Қазақ деген өзен, Қыпшақ деген үлкен ауыл бар. Армян тіліндегі көп сөздер де біздің тілмен ортақ болып шықты. Мысалы, шалбарды - шалбар, ақымақты - ақымақ, бажаны - бажа, тазыны - тазы т.с.с. толып жатқан сөздердің айтылуы бірдей. Кісі аттарының ішінде де Сымбат, Сарыбек, Қарабала, Арман, Азат, Назар сияқты есімдер жүр. Тіпті Қарабала деген шалға қаланың ортасында ескерткіш тұрғызып қойған. Бір қызығы, армяндардың өздері осы аттардың мағынасын білмейтіні бізді таңғалдырды. Біз отырған мейрамхананың қабырғасында өткен ғасырлардағы ескі фотосуреттер ілінген. Сол суреттердің арасынан қазақтың бесігі мен сандығын, қазақтың әжелері киген камзолдарды, қошқармүйіз оюлары бар кілемдер мен алашаларды көптеп  кездестірдік. Бұл көріністің барлығы біздің зерттеушілік қызығушылығымыздың оянуына себепші болды. Елшінің өзі бізді осы жерге елдің мәдениетімен жақынырақ таныссын деп әдейі әкелгенін айтты.Мейрамханадан шыққан соң, елшімен бірге түнгі Ереванды жаяулап араладық. Кеш батысымен қала халқының барлығы көшеге шығып, биік үйлердің барлығының дерлік шамы сөнеді екен. Ереван көшелерінде не көп, ресторан мен кафе көп. Соның бәрі лық толы. Отыратын жер табу оңайға түспейді. Бұл елдің ер азаматтары қоңқақ мұрынды, ал қыздары ұзын кірпікті, тостағандай қарақат көзді, қыр мұрынды хас сұлу болып келеді екен. Халықтың негізгі жиналатын жері қаланың әкімшілік аумағындағы биші субұрқақ. Классикалық музыканың ырғағымен атқақтап билейтін субұрқақты армяндар күніне он рет тамашаласа да қызығына тоймайды. Құдды бір құжынаған құмырсқаның илеуі дерсің. Бірақ тәртіп бұзып жатқан бір адам көрінбейді. Зиябек Ермұханұлы екеуміз «шіркін, біздің Астанадағы – сол жағалаудағы билейтін субұрқаққа да кешке ел осылай жиналса ғой» деп армандап қоямыз. Түн ауа қоштасып, қонақүйлерге тарастық.

Ертеңіне ерте жиналып университет қалашығына бет түзедік. Бұл жерге біздің келгендегі негізгі мақсатымыз – «Қазақ тілі мен тарихы және мәдениеті орталығының» ашылу рәсіміне қатысу. Салтанатты шараға армян журналистері өте көп жиналыпты. Біздің елден «Қазақстан» ұлттық арнасының тілшілері де келген екен. Қабырғасы өткен ғасырдың орта шенінде қаланған Ереван мемлекеттік университетінің ескірген ғимаратына қазақ орталығы ерекше көрік беріп тұр десек, артық айтқандық болмас. Қазіргі заманға сай евроәрленген аудиторияға бес су жаңа компьютер қойылған. Қабырғаның бір жағына әл-Фараби, Ахмет Ясауи, Ш.Уәлиханов сияқты орта ғасырдағы түркі ғұламалары мен қазақтың тұңғыш ғалымының суреті, бір жағына Абай Құнанбайұлы бастаған қазақ әдебиеті мен мәдениеті классиктерінің суреттері ілініпті. Шетелдік қымбат жиһазбен жабдықталған орталыққа қажетті кітаптар мен қазақ тілін үйренуге арналған көрнекілік құралдар ретімен жиналған. Олардың қатарын ректорымыз Бақытжан Жарылқасымұлы орталыққа сыйға тартқан – Күлтегіннің ұстыны бейнеленген Еуразия ұлттық университетінің естелік кілемшесі толықтырды.

Рухани үндестік

Сағат 12.00-де Ереван университетінің ректоры Арам Симонян орталықты ашық деп жариялады. Біздің делегацияның басшысы Б.Әбдірайым, елші А.Бозжігітов, түрколог Ш.Ыбыраевтар кезегімен сөз алып қазақ-армян байланысының одан ары нығая беруіне сәт сапар тіледі. Біз өз кезегімізде домбырамызды күмбірлетіп, дәстүрлі арнауымызбен жалғастырдық. Одан соң, Бақытжан Әбдірайым Ереван университетінің ректорына ЕҰУ-дің  «Күлтегін» естелік медалі мен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өнегелі өмір жолына арналған кітаптарды сыйға тартты.

Сағат 13.00-де Ереван мемлекеттік университетінің кеңейтілген Ғылыми кеңесі өз жұмысын бастады. Ғылыми кеңесте сөз алған делегация басшысы, ректор Б.Әбдірайым мырза қазақ жеріндегі армян диаспорасының тарихына кеңінен тоқталды. Әсіресе, сонау зұлмат жылдарда қазақ елін әділетпен басқарған Левон Мирзоянның өмір жолына баса назар аударды. Ректор Мирзоянды Алаш жұртының жақсы көргендіктен «Мырзажан» деп атап, балаларына сондай ат қойғандығын айтқанда армяндар дуылдата қол соқты. Олардың жүздерінен өздерінен шыққан ұлы тұлғаның ұлағатты ісіне масаттанған мақтаныштың лебін байқадық. Ғылыми кеңестің соңында екі ел бас университеттерінің ректорлары екіжақты ғылыми және мәдени байланысты дамыту туралы меморандумға қол қойды.

Түстен кейін Арменияның ұлттық тарихи және этнографиялық мұражайын араладық. Мұражайда алғашқы қауымдық құрылыс кезінен бастап орта ғасырға дейінгі жәдігерлер өте көп екен. Тіпті алғашқы қауымдық құрылыс кезінде пайдаланылған ағаш арбаларға дейін сақталған. Оны бізге мұражай қызметкерлері жер сілкінісі кезінде ағаш бұзылмай сақталатын топырақтың арасына түсіп кеткен деп түсіндірді. Бұл жерде бір байқағанымыз, көптеген экспонаттардың түсініктемесі тек армян қарпімен, өз тілдерінде ғана жазылған. Түсінсең де сол, түсінбесең де сол. Бұл олардың өз тілдеріне деген ерекше құрметі болуы керек. Арасында кейбір заттар ғана ағылшыншаға аударылған. Ал мұражай қызметкерлерінің дені орысшаға шорқақ. Армяндар «бір халық, бір мәдениет» жүйесіне көшкен. Ішімізден «міне, рухы биік ел осындай болса керек» деп түйдік. Этнография бөліміне өткенде алдымыздан қошқармүйіз ою салынған қазақы кілемдер мен текеметтер шыға бастады. Армяндар оны «бұл — біздің ұлттық ерекшелігіміз, қазақтар мүмкін ерте кездерде бізден үйренген шығар» деді. Біз де өзімізше бұл көне қыпшақ мәдениетінен қалған үлгілер болуы керек деген қорытындыға келдік.

(Жалғасы бар)

Серікзат ДҮЙСЕНҒАЗИН, Астана-Мәскеу-Ереван-Мәскеу-Астана

Наргүл Боранбаева, бокстан Қазақстанның үш дүркін чемпионы: Мен «современный» келін болдым
Бокстан Қазақстанның 3 дүркін чемпионы, Орталық Азия ойындарының және Қазақстан, Қырғызстан Президенттері кубогының иегері, Тайланд королі кубогының жеңімпазы, Азияның (2007 жылы) қола жүлдегері, 2008 жылы Бейжің Олимпиадасы мен Миланда өткен Әлем біріншілігіне қатысушы Қанат Әбутәліповті спортсүйер қауым жақсы біледі. Наргүл Боранбаеваның да спорттағы жетістігі айтарлықтай. Ол кикбокстан Әлем чемпионы (Грекия, 2003 жыл), 6 дүркін Қазақстан чемпионы, Әлем кубогының (Мәскеу, 2004 ж.) күміс жүлдегері және бокстан 3 дүркін Қазақстан чемпионы. Міне, осындай спорттағы атақ-даңқы бір-бірінен асып түсіп жататын қос спортшының шаңырағында жақында үлкен қуанышты оқиға болды. Қанат пен Наргүлдің тұңғыштары – Қайсар есімді ұл дүниеге келді. Қос чемпионның қуанышымен бөлісуге біз де асықтық. Алайда, Қанат Астана құрамасымен шетелге жарысқа кеткен болып шықты. Наргүл «Қанаттың келуін күтейік» деген соң, сұхбатымыз сәл кейінге сырғыды. Қанат елге оралысымен Әбутәліповтер шаңырағына тағы да бас сұқтық, бұл жолы да отағасы үйде болмай шықты. Әңгіме өзегін Наргүлдің тарқатуына тура келді.

– Мен 1985 жылы 27 шілдеде Астана қаласында тудым. Ал Қанат Қарағанды облысының Баршын ауылынан, –  деп бастады Наргүл әңгімесін. – Алғашында әкем Қанатты туысқаным, інім деп сыйлайтын. Өйткені, оның руы да арғын. Ол арғын руының бөрі тайпасынан болса, мен – бөршісімін. Жарысқа барған кезде әкем Назгүл (Наргүлдің сыңары) екеумізге бас-көз бол деп Қанатқа сеніп тапсыратын. Жалпы, Қанат екеуміз бір мектепте оқыдық. 5-сыныпта бапкерімен бірге Астанаға қоныс аударып, біздің мектепке ауысқан кезден-ақ ол маған ыстық көрінді. Елден ерекше болып жүретін. Қылықтары да күлкілі. Алғашында екеуміз бір-бірімізді спортшы ретінде танитынбыз. Кейін мен бокспен шұғылдана бастаған соң, жақынырақ араласатын болдық. Жастайынан спортқа ден қойған Наргүл Астана гуманитарлық колледжін тәмамдап, қазір Туризм және спорт академиясында оқып жүр. Бұл жерде Боранбаевалардың барлығы дерлік спортшы екенін айта кеткен жөн. Бұл жайында Наргүл:

– Отбасымды нағыз спорт мектебі деп есептеймін. Алғашқыда барлығымыз каратэден «ауыздандық». Үлкен әпкем Ардақ осы спорт түрін таңдады да, әкем оның жеке бапкері болып, үйрете бастады. Оның артынан біз де ілестік. 4-5 жылдан соң әпкелерім — Ардақ, Әлия және Назгүл, барлығымыз бірден кикбоксқа ауысып, әжептеуір нәтижелерге қол жеткіздік. Дегенмен, әкем кикбокстан гөрі, бокстың болашағы зор екенін айтып, бізді боксқа баулыды. Алғашқы кезде Қазақстан чемпионатында 46, 48, 50 келі салмақтың жеңімпаздары – кілең Боранбаевалар болатын. Кейін әпкелерім – Ардақ пен Әлия тұрмысқа шығып, рингпен біржола қоштасты.

– Сонымен, Қанатпен жақын араласа бастаған тұсқа қайта оралсақ…

– Атырау қаласында өткен Қазақстан чемпионаты барысында Қанат «сендердің қайсысыңа (Назгүл екеумізді айтып тұр ғой. - Наргүл) үйленсем, бақытты етер едім. Оның үстіне, боксшы мен боксшы, арғын мен арғын қосылса, қызық болар еді» деп әзілдеген еді. Осылай, жиі-жиі қалжыңдап жүргенімен, шын мәнісінде оның нақты қайсымызға көңілі ауғанын білмедік.

– Екеуің де үнемі жарыстарда жүресіңдер. Хабарласып, кездесіп тұру қиын болған жоқ па?

– Иә, алғашқы кезде кездесіп тұру қиындау болды. Мен жарыста болсам, ол Астанада, мен үйде болғанда, ол жарыста жүрді. Екеуміз бір-бірімізді екі жылдай дұрыстап көрмеген уақыт та болды. Кейін 2007 жылдың жазында Қанат маған көңілін білдірді, – деген Наргүл аздап қысылғанын жасырғысы келгендей, әдемілеп бір күліп алды. Осындай нәп-нәзік қызды шаршы алаңда талайларды соққыға алды деп айтпас едіңіз.

– Қанатқа күйеуге шыққаныңда қаншама жігіт бармақтарын тістеп қалған болар?..

– Болса, болған шығар… Бірақ мен Қанаттан өзге жігітке қарайлаған да емеспін. Жігіттерге көңіл аударуға уақытым да болмайтын. Құдай бізді бір-бірімізбен дер уақытында жолықтырды деп ойлаймын. Үйде болсын, түзде болсын, жарыста да біргеміз. Күйеуімнің де боксшы болғаны қандай тамаша. Бір-бірімізді тез түсінеміз.

– Олай болса, әпкелерің сияқты боксты тастамайтын шығарсың?

– (Ойланып қалды. – Автор) Енді боксқа қайта оралуым екіталай. Өйткені, қазір үйде баламен отырмын. Оның үстіне, Лондон Олимпиадасында менің салмағым (48 келі) жоқ. Сондықтан болашақта басқа іспен айналысатын шығармын.

– Мәселен?

– Болашақта шәкірт тәрбиелеп, Олимпиада чемпионын шығарсам деймін. Ал Қанат жаттықтырушы болғысы келмейді. Оның өз көздеген мақсаты бар. Оны айтпай-ақ қояйын…

– Қазақтың келіндері секілді ата-ененің көңілінен шықтым деп ойлайсың ба?

– Енді бұл сұраққа мен емес, енем жауап беруі керек шығар. Қанат әкесінен бала кезінде айырылған. Ал енем (Тілеулес) мені туған қызындай жылы қабылдады. Гүлназ, Гүлзира есімді қайынсіңлілерім, Қуат есімді қайным бар. Олар Астанадан 30 шақырым жерде тұрады. Өте қарапайым кісілер. Енем екі жұмада бір рет келіп, хал-жағдайымызды біліп тұрады.

– Қаланың қызына ауылға келін болып түсу қиын болған жоқ па?

– Үйлену тойымыз 2009 жылдың 27 наурызында Астанадағы «Меруерт» мейрамханасында өтті. Қанатқа Елбасының өзі кілтін табыстаған пәтердің босағасынан келін болып аттадым. Яғни менің келін болып түсуім «современный» өтті десем болады. Ауылдың келіндері секілді ошақ жағып, қазан асып, аула сыпырғаным жоқ. Алайда, ауылға жиі барып тұрамыз.

– Ұлдарыңның атын Қайсар деп кім қойды?

– Екеуміз ақылдасып қойдық. Бастапқы кезде Жанғазы деп қоямыз деп шешкенбіз. Бірақ ойланып қарасақ, Жанғазы Қанатұлы деген онша үйлесіңкіремейді екен. «Астана ақшамының» журналисі Ғалым Қожабеков өзінің кітабын берген еді. Ғалым аға кітапқа енген Қанат туралы жазған мақаласын «Қайсар мінезді Қанат» деп атапты. Міне, осы кітапты оқығаннан кейін Қанатқа ұлымыздың есімін Қайсар қояйық деп ұсыныс жасадым. Әрі Қанат ескек есуден Олимпиадада үш мәрте өнер көрсеткен Қайсар Нұрмағамбетовты жақсы таниды, араласып тұрады. Сондықтан да болар, Қанатқа да бұл есім ұнап, келісімін берді.

– Бос уақыттарыңды қайда өткізесіңдер?

– Қанат қолы қалт еткенде мені киноға, саябаққа серуендеуге алып барады. Ал өзім суда жүзуді ұнатамын.

– Қанаттың бос уақыты бола бермейтін шығар?

– Бұрын құрама сапында жүргенінде оны апталап, тіпті, айлап көрмейтінмін. Үйге келсе де 2-3 күн ғана болып, қайтадан сөмкесін арқалап, жолға шығатын. Биыл құрама сапына іліне алмады. Сол себепті қазір көбіне үйде. Біраз үзілістен соң жақында Астана құрамасымен Испания мен Англияға барып қайтты.

– Сондай кезде оған боксты тастап, басқа жұмысқа кіріс  деп айтқан кезің болды ма?

– Жо-оқ! Керісінше, мен оған қазіргідей күш-қуатың бар кезде мүмкіндігіңді дұрыс пайдаланып, жоғары жетістіктерге, жақсы нәтижелерге жетіп ал деймін. Оның үстіне, бірқалыпты жұмыс жоқ қой, сондықтан әзірге бокспен шұғылдана берсін.

Көп жағдайда спортшыларды үй шаруасына қырсыз келеді дегенді естіп жатамыз. Алайда, Наргүл Қанаттың ол қатарға кірмейтінін айтады.

– Менің Қанатым іске өте епті. Үйдегі ер адамның қолына мұқтаж болып тұрған жұмыстың барлығын жасайды. Әсіресе, ауылға барғанда бауырларымен бірге көп шаруа тындырады.

– Қанаттың жекпе-жектерін тамашалайсың ба?

– Елордада болатын кездесулеріне баруға тырысамын. Ал басқа қалаға барып, жанкүйер болған емеспін.

– Спорт болғаннан кейін жеңіс пен жеңіліс қатар жүретіні белгілі. Осы жылдың басында Астанада өткен Қазақстан чемпионатында Қанатты биік тұғырдан көре алмауымызға не себеп деп ойлайсың?

–  Қазақстан чемпионатында Қанат 57 келі-тұғын. Әйтсе де, бапкерлері оған бұл салмақта өнер көрсетуіне рұқсат бермей, 54 келіде жұдырықтасуды тапсырды. Сондықтан Қанат аталған жарыста салмақ тастап, өнер көрсетті. Өзіңіз айтпақшы, спорт болған соң, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді ғой. Мен Қанаттың бағындырар шыңы әлі алда деп ойлаймын, – дегенді өте сенімді жеткізген Наргүл күйеуі шаршы алаңда жеңіліс тапқан кезінде, оны қайта жігерлендіруге барын салатынын да айтып қалды.

– Жалпы, жеңілгенде кез келген спортшының қуанбайтыны түсінікті. Мен ондай кезде күйеуімнің көңілін аулауға тырысамын, – дейді ол.

– «Үй болған соң, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды» деп жатады. Келіспей қалғанда қос боксшының «жекпе-жегі» қалай бітеді?

– Ыдыс-аяқтың сылдырынан да, сынғанынан да сақтасын! Бізде ондай болған жоқ. Ұсақ-түйек келіспеушіліктер орын алған кезде мен «жеңіле» саламын (күліп).

– Әңгімеңе рахмет!

Алмас Манап

Владимир Мұқанов: «Алтын тәж» үшін күрес аяқталған жоқ
Өткен аптада «Ақтөбе» командасы биылғы еуролига маусымының ең соңғы ойынын өткізді. «Еуропа Лигасының» 4-ші іріктеу сынында азулы Голландия чемпионы «АЗ» командасына тап болған ақтөбеліктер түзде 0:2 есебімен жеңіліп, өз алаңында Мұрат Тілешов соққан екі доптың арқасында 2:1 есебімен жеңіске жетті. Алайда, бұл жеңіс Владимир Мұқанов шәкірттеріне еуро турнирдің топтық кезеңіне шығуына жеткіліксіз болды. Осылайша, «Ақтөбе» биыл еуро турнирді әдеттегідей ерте аяқтады. Ойын соңынан кейін бас бапкер Владимир Мұқановты және команданың бірнеше ойыншысын сөзге тартудың сәті түскен еді. Сол сұхбатты оқырман назарына ұсынып отырмыз.

– Бүгін біз жақсы ойын өрнегін көрсеткенімізбен, қақпамызға болмашы допты жіберіп алдық. Осы доптың кесірінен биыл тағы да «Еуропа лигасының» топтық кезеңіне шыға алмадық. Футболшылар шешуші сәтте дұрыс шешім қабылдай алмай, қаншама мүмкіндікті дұрыс пайдалана алмадық. Алайда, жігіттерге алғыс айтқым келеді. Жарайды, бұл жолы шыға алмадық, бірақ біз Еуропаның азулы командасын өз алаңымызда жеңдік қой. Бұл, деңгейіміздің сәл болса да жоғарылағанын көрсетеді. Және 90 минут бойы қосымша күш-қуат берген жанкүйерлерге де алғысымыз шексіз.

– Владимир Васильевич, екінші таймда шәкірттеріңіз шабуыл үстіне шабуылды одан әрмен үдете түсті. Үзіліс кезінде жігіттерге қандай нұсқау берген едіңіз?

– Қарсыластарымызды жеңуіміз керек екенін және біз үшін тек ақтөбеліктер емес, бүкіл Қазақ елі жанын шүберекке түйіп отырғандығын саналарына құюға тырыстым. Сол тапсырмамды бұлжытпай орындағандарына қуаныштымын. Қайталап айтамын, бұл жерде бізден сәттілік кері айналды. Әйтпегенде, жеңіс уысымызда тұрған еді.

– Ойыннан кейінгі футболшыларыңыздың көңіл күйін айтып берсеңіз?

– «Еуропа Лигасының» топтық кезеңіне шыға алмадық деп барлығының ұнжырғасы түсіп отыр екен. Алайда, ойыншыларға басу айтып, келесі жылы бұдан да биік шыңдарға талпынатынымызды жеткіздім.

– Дәл солай болатынына сенімдісіз бе?

– Неге сенімді болмасқа? Алдыңа үлкен мақсат қоймасаң, онда не үшін спортпен шұғылданасың? Команда басшылары барлық жағдайымызды жасап отыр. Сондықтан алдымызға үнемі биік мақсаттар қоямыз. Оның үстіне биыл ұжым арасында топтық кезеңге шығамыз деп өзара мақсат қойған болатынбыз. Бұл жағдайды басшылар да қолдады. Әттең…

– Осы маусымда еуро турнирге Қазақстан атынан түскен 4 команданың ішінде тек «Ақтөбе» ғана елімізге ұпай алып берді. Осындай жетістіктерге қол жеткізіп отырған команда жігіттеріне «құда түсушілер» болған жоқ па?

– Әзірге жоқ. Бірақ «АЗ» командасының бас бапкері Гертьян Вербеек біздің бірнеше ойыншының Еуропа командаларында  негізгі құрамнан орын алуларына қауқары жетеді деді. Кім біледі, алдағы уақытта ұсыныс түсіп қалар.

– Ал сіздер тарапынан Израиль мен Голландия командаларынан шақыруға тұрарлық ойыншыларыңыз бар ма екен?

– Бары бар ғой, алайда, мықты ойыншылар аз ақша тұрмайтыны белгілі. Сол себепті аталмыш ойыншыларды  қалтамыз көтермейді.

– Биыл «Ақтөбе» ойыншылары 40 пайызға жаңартылды. Команданы бір деңгейге түсіру кезінде ішкі чемпионатта «алтын ұпайды» жоғалтып, көшбасшыдан 10 ұпай қалып келесіздер. Чемпиондық тәжден әлі де үміттеріңіз бар ма?

– Білесіз бе, мықты команданы жасақтауға бірнеше жыл уақыт керек. Бізде қазір ойыншыларды қадағалап отыратын адам жоқ. Көктемде жасаған 2-3 оқу-жаттығудан кейін, жаңа ойыншылар сатып аламыз. Соның салдарынан көп жағдайда бапкер қателіктерге бой алдырады. Мұндай бағыт бапкерге кері әсерін тигізеді… Иә, биыл командамызда біраз ауыс-түйістер болды. Алайда, қазір барлығы өз орнында. Ал чемпионатқа келетін болсақ, мен сіздің «алтын ұпай» деген сөзіңізге келіспеймін. Әрине, көшбасшы командамен арақашықтық айтарлықтай, әйтсе де, алдымызда әлі бірнеше тур бар екенін ұмытпайық. Сондықтан «спектакльдің» көкесі алда.

– Бүгінгі ойында легионерлерге көңіліңіз толды ма?

– Кәсіпқой футболшы кез келген қапталда ойнай білуі керек. Менің ойыншыларым да сондай нұсқауды орындай алады. Сондықтан Эссомба болсын, Перич болсын,  барлығына көңілім толды.

– Осы ойыннан кейін командалар 10 күнге үзіліске шығады. Сол аралықта қандай жоспарларыңыз бар?

– Біз бір айдың көлемінде ең маңызды деген 8 ойын өткіздік. Жігіттер қатты шаршамаса да, әжептеуір әлсіреп қалды. Сондықтан ұжым 1 қыркүйекке дейін демалыс алады. Сосын Мәскеуде бір апталық жаттығу өткізіп, ол жақта жергілікті бір командамен жолдастық кездесу өткізсек деген жоспарымыз бар.

– Неге Мәскеуді таңдадыңыздар?

– Мәскеудің ауа райы футбол ойнауға сәл ыңғайлы. Оның үстіне ол жақта жолдастық кездесу өткізу үшін команда жетерлік.

– Жаңа сіз команда бір айда 8 ойын өткізді дедіңіз. Ал Англия немесе Испанияда айына 8-9 ойын өткізеді емес пе?

– Біздің деңгейді аталмыш футбол державаларымен салыстырудың өзі күлкілі. Ол жақта футболға деген көзқарас басқаша және футболшылардың деңгейі өте жоғары. Сосын қосалқы құрамдағы аяқдоп шеберлерінің өзі негізгі құрамдағы кез келген футболшыны алмастыра алады. Сол себепті оларда аса бір қиыншылық бола бермейді.

– Енді әңгімемізді құрамадағы ойын-шыларға қарай бұрсақ. Қазақстанның құрамындағы ойыншыларға көңіліңіз тола ма?

– Әр бапкердің көздеген мақсаты бар. Сол себепті бұл сұрағыңызға жауап бермей-ақ қояйын. Алайда, мен құрама бапкері болсам, Мұрат Тілешовті қарамағыма алар едім. Оның өзіндік ойын тактикасы, стилі бар. Әрі ол соңғы кезде көптеген маңызды допты соғып жүр.

– Ал Футбол федерациясы бапкер болыңыз деп ұсыныс жасаса, келісер ме едіңіз?

– Алдымен ұсыныс білдірсін, сосын ары қарай көрерміз…

Самат Сымақов:

–	 Бүгінгі ойында жігіттер барын салып өнер көрсетті. Қарсыласымыздың азулы болғанына қарамастан, жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Әрине, топтық кезеңге жолдама алғанымызда, басшылар алдымызға қойған талапты орындаған болар едік. Алайда, осы жеткен жетістігімізге де шүкіршілік етейік. Оның үстіне басшылардың да, жанкүйерлердің де көңіл үдесінен шықтық деп ойлаймын.

Андрей Карпович:

–	 Қазақстандық коман-далардың бірде-біреуі әлі күнге дейін Еуропа турнирінің негізгі топтық кезеңінде доп тепкен жоқ. Сондықтан да болар, командалас әріптестерімнің көздерінде жеңіске деген құштарлық анағұрлым жоғары болды. Ойын барысында бірнеше мүмкіндікті мүлт жіберіп алдық. Алайда, төреші жағынан кішкене түсініспеушілік болды. Көп жағдайда бізге қарсы ысқырығы естіліп жатты. Бұл – менің жеке пікірім.

Гүлайым ӘБДІРОВА, Ақтөбе қаласы

Махаббат НҰРЫМБЕТҚЫЗЫ, «СТВ» телеарнасының редактор-жүргізушісі: Тікелей эфир жасандылықты жақтырмайды
– Әңгімемізді журналистикаға қалай келгеніңізден бастасақ…

– Бұл салаға кездейсоқ келдім деп айта алмаймын. Журналист болу – бала күнгі асқақ арманым еді. Мектепте оқып жүргенде-ақ телевизияға құмартып, өзімнің туған жерім – Оңтүстік Қазақстан облысындағы қазіргі Мақтаарал ауданына қарасты Асықата елді мекеніндегі «Ғарыш» атты телеарнада балаларға арналған бағдарламаларды жүргізгенмін. Шамамен 5-сыныпқа аяқ басқан кезім болуы керек, жоғарыда аталған телеарнада тілшілік қызметім басталды. Есіңізде болса, сол уақытта тележүргізуші боламын деген қыздардың көпшілігі «Әнші балапанның» әпкесі» атанған Рабиға Аманжоловаға еліктейтін. Солардың арасында мен де бар едім. Мектеп бітіргеннен кейін Алматыға келіп, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түстім. Оқу ордасын ойдағыдай тәмамдағаннан кейін түрлі басылымдарда тәжірибеден өтіп, жұмысқа тұрудың жолын іздедік. Шыны керек, телевизия саласында қызмет етуді армандап, газет пен радиоға көп мән бермейтінмін. Алайда, қанша тырыссам да, мені дәл сол кезде тележурналистикаға алмай қойды…

– Неліктен?!

– Өйткені, сол жақ бетімде азын-аулақ тыртығым мен меңім бар болатын. Бұны көрген режиссерлер: «Дауысыңыз құлаққа жағымды болғанымен, кескін-келбетіңіз аздап келіңкіремейді. Экранда ол нашар көрінеді, ренжімеңіз…» – деп шығарып салатын. Содан не керек, телевидениеде істемесем де, ақпарат саласында еңбек етемін деп шештім. Көп ұзамай республикалық «Жас қазақ үні» басылымына жұмысқа орналасып, өзімді баспасөзде сынап көрдім. Газеттегі екі жылдан соң, «Қазақ радиосына» ауысып, сонда біршама хабар жүргіздім.

Радиодағы күнделікті жұмысымның бірінде Халық әртісі, белгілі актриса Торғын Тасыбековамен әңгімелесудің сәті түсті. Ол маған: «Айналайын, тележүргізуші болу үшін – алдымен журналист жақсы жаза білуі керек, сосын дикцияң да ерекше маңызды. Ал қалғанын реттеуге болады. Бәрі де өзіңнің қолында», – деп маған дем берді. «Шешінген судан тайынбас» демекші, 2006 жылы бұрынғы «Рахат», қазіргі «СТВ» телеарнасына барып, бағымды сынап көрім едім, жұмысқа бірден қабылдандым. Содан бері осы арнада қызмет етіп келе жатқан жайым бар. Бір білгенім, адам бір нәрсені қалап, соған жетуге шынымен талпынса, мақсаты орындалады екен.

– Бүгінге дейін қандай бағдарламаларды жүргіздіңіз?

– Көзіқарақты көрермен хабардар болуы керек, осы арнаға келгелі барлық бағдарламаларды жүргіздім десем, мақтанғаным болмас. Оның ішінде музыкалық бағдарламаларды ерекше атай аламын. Көпшілікке мені танытқан – «Ғибрат» пен «Інжу-маржан» хабарлары деп айтар едім. Аталған телевизиялық жобаларда студияға өнер адамдарын шақырып, солармен тікелей эфирде сыр-сұхбат құрамыз.

–  Сіз – тақырыптық бағдарламалар бөлімінің тележүргізушісісіз. Басқа бөлімде, оның ішінде тілшілік қызметте бағыңызды сынап көргіңіз келмей ме?

– Жеке басым «мен тақырыптық бөлімде ғана істеймін» деп ешқашан ойлаған емеспін. Басшылық қандай бағыт-бағдар берсе, сол салада білім мен білігіме қарай қызмет етуге дайынмын. Себебі, журналистер  сан қырлы болуы тиіс. Меніңше, бұл заманда әмбебап маман иесі ғана әрдайым сұранысқа ие болады. Сондықтан, қай бөлімде болсын, мүмкіндігімше жұмыс жасауға әзірмін.

– Дегенмен, сіз көпшілікке көгілдір экран арқылы өнер адамдарымен жүргізетін сұхбаттарыңыз арқылы белгілісіз. Бұның да өзіндік қызығы мен шыжығы бар шығар…

– Әрине, әр саланың өзіне тән қызығы мен қиындығы бар. Біздің бөлімнің бағдарламалары арқылы көрермен бір сәт те болса демалып, рухани ләззат алады деп ойлаймын. Өйткені, қай арнаны қосып қалсаңыз да, табиғат апаты, адам өлімі, қаржылық дағдарыс дегендей… Адам баласы бұдан да шаршайды ғой. Ал біздер – музыкалық бағдарламалар бөлімі көрерменнің көңілін сергітер сұхбаттар ұсынып, әдемі әнімізді де қосып тұрамыз. Осы арқылы көрермен бар шаршап-шалдыққанын уақытша болса да ұмытып, әсерлі әлемге – музыка ырғағына елтиді. Қиын тұстары да кездеседі. Мәселен, кейбір өнер иелері әңгімеге шорқақтау, студияда ашылып сөйлегісі келмейді. Ал сен бір сағат көлемінде, оның үстіне тікелей эфирде бағдарламаны алып шығуың қажет. Амал жоқ, сұхбаттасушыңа өзің қолдау көрсетіп, аузына сөзді салып бересің…

– Сіздің ойыңызша, тікелей эфир тележүргізушіге не береді?

– Өзім көбіне-көп тікелей эфирде жұмыс істегеннен кейін, расын айтсам, арнайы түсірілімдерде аздап қиналатыным бар. Өйткені, алдын ала түсірілген дүниеде  жасандылық болады. Ал тікелей эфир тілшіге мол жауапкершілік жүктейді. Сол себепті қай хабарды да тікелей эфирде жүргізуге тырысамын. Өзімнің пікірімше, эфир – айна іспетті. Ал экранның ар жағында отырған көрермен қауым тек шынайылықты ұнатады.

– «Телевидение адамды «жұтып» қояды» деген пікірмен келісесіз бе?

– Рас, осы саладағы адамның жұмысынан кетіп қалуы көп ұшыраспайтын жайт. Себебі, кез келген тележурналист жұмысын шын жүректен жақсы көрсе, онсыз кейін өмір сүре алмауы мүмкін. Осындай жағдай өзімнің басымда да бар (күліп). Мәселен, қазірде кезекті еңбек демалысында жүрмін, бірақ эфирді сағынады екенсің. Шынын айту керек, көрерменмен эфир арқылы қауышқанша асығамын.

– Жалпы, өзіңізді танымалмын деп есептейсіз бе?

– Танымалдылық қызмет ететін телеарнаның таралымына байланысты деген пікірдемін. Осы ретте, біздің «СТВ» телеарнасы республиканың бүкіл ауыл-аймақтарын қамтығаннан кейін, «мынау телеарнадағы Махаббат қой» деп танып жататындар саны жеткілікті.

– Өз қызметіңізді пайдаланып, жеке шаруаңызды бітірген күніңіз болды ма?

– (Күлді). Жасырмаймын, екі аяқты пенде болғаннан кейін кездесетін қиыншылықтар болады. Сондай кездері бет-әлпетімнен танып, өткізіп жіберген сәттер ұшырасты. Мәселен, ондай жайттар ұзын-сонар кезекте, құжат тапсырарда болуы мүмкін.

– Өзіңізбен Астанада ұйымдастырылған «Қаламгер Азамат» республикалық жас тілшілер форумы аясында жүздесудің сәті түсті. Бұдан бөлек қызметтік іссапарларға жиі шығып тұрасыз ба?

– Алматының ішінде өткізілетін қоғамдық іс-шараларға жиі барамын. Сондай-ақ жастар мәселесіне қатысты республиканың түкпір-түкпірінде өтетін осындай форумдарға да қатысуды жөн санаймын. Өткен жылы Түркияға сапар шегіп, сондағы әріптестердің жұмысымен танысқаным бар. Жалпы, мүмкіндік болып жатса, іссапарға шығып тұрғанға не жетсін.

– Алдағы айдан бастап телевизия саласында жаңа маусымның басталатыны белгілі. Осы ретте, сіздің болашаққа қойған жоба-жоспарларыңызды біле кетсек…

– Қыркүйектен бастап бөбектерге арналған бағдарламамды дамытқым келеді. Жаңа айдарлар қосып, хабарға бірнеше жаңалық әкелмек ниеттемін. Одан бөлек өнер адамдарымен жүргізетін бағдарламаларым да бар.

– Соңғы сұрақ, эфирдегі мен өмірдегі Махаббат Әбдіғапбарованың айырмашылығы қандай?

– Өмірде қарапайым адаммын, әрқашан көңілді жүруге тырысамын. Жасыратыны жоқ, мені  үнемі теледидардан тамашалайтын көрермендерім көшеде кездестіргенде: «Мәссаған, сіз өмірде анағұрлым жас әрі талдырмаш екенсіз ғой. Мен сізді тұрмыс құрған келіншек деп жүрсем…» деп таңырқап жататындары бар. Ал негізінен әзір жаспыз ғой, отбасын құрғанымыз жоқ (күлді).

– Ақтарыла сыр бөліскеніңіз үшін рахмет!

Әңгімелескен Айбек ТАСҚАЛИЕВ

Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты: Киноға шақырған қызымның келмегеніне қуандым
– 1985 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетіне оқуға түскеннен кейін танысып,  қоян-қолтық араласып, достасып кеткен талай ақ жүректі жігіттердің ішінен, мен үшін  Мартбек Тоқмырзаның орны  ерекше еді.  Қашан көрсем де жүзі жарқырап, көзі күлімдеп жүретін Мартбектің біреуге қабақ шытып ренжігенін немесе өкпелегенін өмірімде көрмеппін. Аяулы да абзал досымызды қара жердің қойнына тапсырғанымызға да күн артынан күн өтіп барады. Таяуда туған-туыстары мен достары Мартбектің басын көтеріп, күмбез тамын тұрғызып қайтты.

Мартбек, Мақсат және мен үшеуміз, арамыздан қыл өтпейтіндей  дос болдық. Мақсат та – Қарағандыдан. Соқталдай жігіт екенімізді ұмытып кетіп, кейде көшеде келе жатып бір-бірімізбен алысып алатынбыз. Екеуі де қайратты. Күшім жетпейді. Олармен алысқанымда қайта-қайта жеңіліп қаламын. Күш бермесе де, есесіне Құдай маған қыршаңқы тіл берген. Көшеде келе жатып оларға «сендер ауылдан келген мәмбетсіңдер. Бұл ауыл емес, қала. Қалада әдеп сақтап, жан-жағыңа қарап жүру керек» деген сыңайдағы екеуінің намысына тиетін ауыр сөздерді айтып, қыршып аламын.  Олар да қарап қалмайды. Бөлмелеріне барғанымда маған білдірмей, ескі шұлықтарын, жыртық көйлектерін сөмкеме салып жібереді.

Шіркін-ай, несін айтасың. Ол заманның өзі бір дәурен екен-ау! Басымыздан бір ұшқан қарлығаш-дәуреннің бәрін еске ала бермей, енді тілге тиек етпек болған негізгі әңгімеме көшейін.

Оқу жылы аяқталуға жақын қалған ма-мыр айының ортасы еді. Қаланың баласы болған соң, менің қалтамда ылғи да ақша жүреді. Жатақханада тұратын студенттер секілді бүгін стипендияның басына су құйсам, ертең қалай күн көремін деп сары уайымға салынуды білмеймін. Әкем – ақын. Ол уақыттағы ақын-жазушылардың табысы министрдікінен анағұрлым көп. Қалада қыдырғанымызда көбінесе ақшаны мен төлеймін. Мартбек пен Мақсат ондайда менің көңілімді аулауға тырысады.

Бір күні мен университетте оқитын бір сұлу қызбен танысып, кешкі киноға шақырдым. Лекция аяқтала салысымен киноға билет алмақ болып, қалтама бақандай жиырма бес сом салып университетке келдім. Ол кезде студенттердің стипендиясы қырық сом. Жиырма бес сом мол ақша. Бір жырғап қалуға әбден жетеді.

Іш пыстыратын КПСС тарихының лекциясы болған соң, көзіме ұйқы тығылып, қалғып-шұлғып кете беремін. Қасымда отырған Мартбек пен Мақсатқа көз қиығымды салып едім, екеуі жымың-жымың етіп, күліп қояды. Лекция аяқталған соң Мартбек екеуміз далаға шықтық. Мартбек көзі күлімдеп маған бір қарады да, мен күтпеген салмақты әңгімені бастады.

– Әбеке, сен менің ең жақын досымсың. Бірақ көшеде қыдырғанда, тамақ ішкенде ақшасын ылғи да сен төлейсің. Маған  бір жерден мол ақша келіп еді, енді сол жақсылығың үшін сені де сыйлап жібергім келіп отыр. Сабақ біткен соң кафеге барып, Мақсат үшеуміз бір жақсылап көңіл көтерейік.

– Хоп, келістік.

Тимирязев көшесінің бойында бір үлкен мейрамхана болатын. Мартбек пен Мақсат мені сол сыраханаға алып келді. Даяшыны шақырып, тамақтың неше түрін алғызып, мені әбден тойғызды. Шөліміз қанғанша сыра іштік. Уақыт өтіп барады. Мен сағатыма қарап, тықырши бердім. Сол кезде Мартбек менің бір жаққа асығып отырғанымды сезіп, ақшасын өзі төлеп, таксиге отырғызып жіберді.

«Арман» кинотеатрына келіп, билет сататын кассаның алдына барып қалтама қолымды салғанымда жүрегім су ете қалды. Бақандай жиырма бес сом ақшам қалтамда жоқ. Маңдайымнан ащы терім бұрқ ете қалды. Не істерімді білмей әбден састым. Таяу маңда тұратын, жағдайымды түсіндіріп, ақша сұрап алатын туыстарым да жоқ. Абырой болғанда, шақырған қызым аяқ астынан суық тиіп қалып, ауырып, киноға келе алмады. Ертеңіне университетке барсам, Мартбек досым сылқ-сылқ күледі.

Сөйтсем, жағдай былай болған. Лекцияда қалғып отырғанда қалтамдағы ақшам түсіп қалады. Мұны көрген Мартбек оны қақшып алып, өз ақшама өзімді сыйлап, мені мейрамханаға апарып, «жомарттық» жасайды. Не деген жындылық десеңізші!

Жазып алған Олжас Сәндібек

Айдос ТОҚТАРБАЙ: Бесікте жатып буынсыз болғанға ұқсаймын
– Жұрт сіздің шын атыңызды ұмытып, «буынсыз жігіт» деген  ат қойып үлгерген секілді.

– Буынсыз болсам, сүйектерім  шашылып қалмас па. Бұл жердегі құпия – буындарымның ептілігінде, майысқақтығында.

– Алайда, аяқты айқастыра, кейде қапсыра құшақтап бастан асыра лақтыру, денені 180 градусқа оңай бұру, шынын айту керек, қарапайым пенденің жасар дүниесі емес.

– Мен негізі бесікте жатып-ақ епті болғанға ұқсаймын. Матап байласа да, қыл бұрауға салса да оңай сытылып шыға береді екем. Ол ешнәрсе емес. Аяқтарымды керіп, қолдарымды майыстырып жататыным сонша, анамның өзі мені көтеруге қорқады екен. Оны көрген туған-туыс мені «мүгедек» деп уайымдаса керек. Бірақ Аллаға тәуба, мүгедек емес, аман-есен жетіліп-өстім. Ерекше қабілетімді үш жасымнан байқап, аңғарған өзімнің туған ағам – Ардақ. Ол кез қазір есімде жоқ, әйтеуір, ағам буындарымды жазып, түрлі жаттығулар, «трюктер» жасатып, көрші-қолаңға мақтанып жүріпті.

– Сөйтіп, бар бала сіздің үйді жағалаған екен ғой…

– Иә, өзім туған ауылдың «кішкентай жұлдызы» атандым. Ван Дамм, Джеки Чан болғымыз келіп олай да-бұлай да қарғитынбыз. Кинодан көргенді өмірде жасағым келіп талай рет қора-қопсыдан секіргенім бар. Сөйтіп жүріп, 10-сыныпқа көшкенімде кенеттен ағам қайтыс болды. Жалғыз қолдаушым, жаттықтырушым өмірден озды.  «Бұл өнер қол емес, маған жол емес екен» деп, қолды бір-ақ сілтеп, журналист болуды армандай бастадым.

– Мектепті бітіре сала алып-ұшып журналист болғыңыз келді…

– Айтсам күлерсіз…  Мінезім шатақтау еді. Бір төбелесте ауыр жараланып, ауруханаға түскенім бар. Содан  табандап жарым жыл жаттым. Қатарым бірінші курсты тәмамдап жатқасын намыстандым да, ауылдан бір-ақ шықтым. Содан салақтап Алматыға келіп, кәсіп іздеп, құрылыс жұмыстарында біраз жүріп қалдым. Солай жүре берер ме едім… Бірде үсті-басым шаң-шаң боп, жұмыстан қайтып келе жатсам, көше қиылысында менмұндалап тұрған  «Эстрада-цирк колледжі» деген жарнаманы байқап қалдым. Қай түлен түрткенін қайдам, тыпыршып, ұйықтай алмай шықтым сол түні. Сөйтіп, өтініш толтырып, цирк бөлімінің емтиханына жазылдым. Ертеңіне қызық болды. Тізім бойынша менен бұрын Тұтқабекова деген қыз тіркеліпті. Оның өнерін көргенде, тіпті өтінішімді жыртып, қайтып кеткім келді. Жұтынып-ақ тұр бәйге алар жүйріктей. Бірақ қашып үлгермедім, «қойдың кезегі» маған да жетіп, мұғалімдер алдына барғанда, мені сальто жасатып қинаған жоқ, «қандай өнерің бар?» деп сұрады. Мен тосылып тұрмадым, кезінде ағамның үйретуі бойынша, иіліп, бүгіліп, аяқты арқадан асырып, неше түрлі трюктерді жасап беріп ем, колледж директоры мені емтихансыз-ақ оқуға бірден қабылдады.

– Сөйтіп, ойда жоқта цирк әртісі деген атаққа ие болдыңыз…

– Өкінішке қарай, олай болмады… Менің түрлі оқиғаға ұрынып жүретін әдетім бар. Колледжді тәмамдай алмастан, тағы да оқудан шығарып жіберді.

– Дипломға деген дәмелі үміт үзілсе де, біраз дүниені көріп-біліп үлгерген боларсыз… Сахнамен танысу қай кезде болды дегендей…

– Ауылда мектепте оқып жүргенде-ақ түрлі фестивальдарға, гастрольдерге барып тұратынмын. Алматыда колледжаралық, университетаралық жарыстарға көп қатыстым. Менің өнерім – «Ерекше жанр» деп аталады. Бұл жанр бойынша бас жүлдені ешкімге бермеймін. Ел ішінде, Қырғызстанда өткен ортаазиялық «Көктем фестивалінде» де жеңімпаз атандым. Одан бөлек түрлі телевизиялық жобаларда да бақ сынадым. «Қазақстан» арнасынан берілген «Таңғажайыптар» сайысының алғашқы жеңімпазы да мен болған едім…

– Өзің теңдессіз деп санайтын қандай трюктеріңді айтар едің?

– Шпагаттың «көкесін танытамын» (күліп). Қалаған қалыпқа түсіре алатын икемді денемнің арқасында 48х48  сантиметрлік жәшікке оп-оңай сыйып кетем. Рас, алдағы жоспарымда жәшікті 46-ға дейін кішірейтуді көздеп отырмын. Бірақ дәл қазіргі уақытта жастың ұлғаюына байланыс-ты күн санап салмақ қосып бара жатқандықтан қиындау. Бірақ жазға дейін өз қалыбыма түсіп алсам, осы жаз мен үшін аса «ыстық» болғалы тұр. Сондай-ақ буын билерінің қай-қайсысын да билей беремін. «Ерекше жанрға» көп нәрсе кіреді. Соңғы уақытта кәнігі йогалар құсап, тері мен ет арасынан ілгешек темірлерді қыстырып, 32 келілік екі кіртасты сүйрейтін болдым…

– Йога демекші, ғажайып қимыл жасап жүрген «ғаламат иесін» дұрыс түсінбегендер болды ма?

– Жетіп артылады. Иә, біреулері таза шын көңілмен құлай сенсе, ал енді бірі пасық ой жүгіртеді. Мен оларға қарапайым қазақ баласы екенімді, ешқандай йоганың немесе сиқырдың оқуын оқып жүрмегенімді айтам. Қайсыбірі сенеді, бірі бас шайқайды. Мен оларға ренжімеймін.

– Қанжар жұтатын өнеріңді де көріп жүрміз…

– Ол үшін денең майысқақ болуы шарт. Кеудені тік ұстағанда, омыртқа сүйектер түзуленеді де, өңеш ашылады. Ал басты шалқайта ұстағанда, көмекей де ашылып, қанжар оп-оңай-ақ асқазанға дейін түсе салады. Қазір 45 сантиметрлік қылыштарды жұтып жатырмын сабымен қосқанда, сонда асқазанға дейін шамамен 38 сантиметрі енеді.

– Дегенмен, өткір кездікті жұтудың қаупі күшті ғой.

– Бұл жерде бастысы – ешкімнің кедергі келтірмеуі. Әйтпесе, ішіңде қанжар тұрған кезде, біреу соқтығып не селк еткізетін болса, әлбетте, қылыш ішіңнен кесіп түседі, одан аман қалуың екіталай. Әсіресе, тойларда қиындау. Ойнап жүрген балалар жүгіріп кеп соға қала ма деп қауіптенесің. Бірақ өнерді сүйетін жанды бұл қауіп те тоқтата алмайды. Биылдан бастап бұл трюкті де аздап өзгертпекпін. Бір емес, көрермендер көзінше әбден өткірленген 5 бірдей қанжарды бірге жұтпақпын.

– Қазақстандық КИнЭС рекордтар кітабында екі мәрте атыңыз жазылғанынан хабардармыз. Ал әлемдік Гиннес рекордтар кітабына қазақтың Айдосы қашан ілігеді?

– Осы жазда қазақ цирк өнері жайлы 1-1,5 сағаттық деректі фильм жасамақпын. Әрине, басты кейіпкері – өзім. Дегенмен, бұл фильм-де көптеген мақсаттарды көздеп отырмын. Халықты жинап, олардың алдында өзімнің жаңа трюктерімді көрсетіп, бұрынғы рекордтарымды жаңартпақпын. Жазда жасағалы отырған жаңа трюгім – денемді он екі жерден тесіп, іліп алған тікұшақ мені 20 шақырым қашықтыққа дейін алып ұшады. Бұйыртса, фильмді өзім туып-өскен – Алакөл маңында түсірмекпін. Көл ортасында Аралтөбе аталатын арал бар, көл жағасынан осы аралға дейін шамамен 20 шақырым қашықтық екен, тікұшақ мені осы аралықта көтеріп ұшып өтсе деген жоспарым бар. Бұл жоба жүзеге асса, Алакөл туризмін шетелге танытудың жаңа бір мүмкіндігі ашылмақ. Әрине, бұл шоуға әлемдік Гиннес рекордтарының сарапшыларын да шақыруға болар еді…

– Соңғы сауал. Бүгінгі қазақ циркінің хал-ахуалы қалай?

– Маған қазақ артистері ұнайды, бірақ олардың көбі циркте жүрген жоқ. Олар ауыл-дарда, аудандарда өз нәпақаларын тауып жүр. Бірақ бәрінің де арманы - циркте өнер көрсету. Алайда, ол жақтағы 15-20 мың теңге жалақыға отбасын да асырай алмайтынын біледі. Сондықтан да көбісі өзге салаларға ауысып кетті. Мен де сол, қанша жерден өнерді сүйіп тұрсам да, әлеуметтік жағдай мүмкіндік бермейді. Ал шетелде қалай? Ол жақта өнер де, еңбек те бағаланады. Сенің жасаған трюгіңнің қауіптілігі мен қиындығына қарай, гонорар төленеді. Жақында ғана Испания астанасы Мадрид қаласынан цирк өнерпаздары келіп, әңгімелескенбіз. Олар менің өнерімді тамашалап, жоғары бағалады. Қалайда мені шетелге алып кеткілері бар. Мен келісімімді де беріп қойдым, Қазақстанда лайықты бағаланбаған өнерімді шетелде көрсетпекпін. Әрине, өз еліме өкпем жоқ, халық ерекше құрметіне бөледі.

– Алдағы арманың не?

– Арманым – әлемдік Гиннес рекордын жаңарту!

Әңгімелескен Нұрбек БЕКБАУ

Әскери шеруде арулар сап түзеді
Астананың орталық алаңында – «Қазақ елі» монументінің жанында Елбасының, Қазақстан қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен Ата Заңымыздың 15 жылдығына арналған әскери шеру өтті.  Ел әскерінің айбынын асқақтатқан шараға 2,2 мыңнан астам жауынгер қатысып, 150 әкери және 66 авиациялық техника, сондай-ақ әуе шабуылынан жаңа қорғаныс техникалары – зениттік-зымыран кешендері: С -125, С-200, С-300 көрсетілді. Биылғы парадтың ерекшелігі, мұнда алғаш рет әскери қызметте жүрген әйелдер қатыстырылып, салтанатты шеруде сап түзеді. Олардың арасында мергендер, тәрбие ісі офицерлері, іс қағаздарын жүргізушілер, психологтар, медбикелер мен дәрігерлер бар.

Салтанатты шараға Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Республикалық гвардия атсалысты. Нақты айтқанда, әуе парадында Ми-17, Ми-24, Ми-26 тікұшақтары мен Су-27 жойғыштардың жетегіндегі Ту-154 жолаушылар таситын ұшақ, Ил-76 әскери жүк тасымалдағыш, Л-39 оқу-жаттығу ұшағы, Су-25, Миг-29, Миг-27 ұшақтары, Су-31, Су-27 жойғыш ұшақтар буыны таныстырылды.

Еліміздің қорғаныс қуатын паш еткен әскери шеруді Астана тұрғындары мен қонақтары, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері тамашалады. Өзге өңірдегі жұртшылық үшін «Хабар», «Қазақстан», тағы басқа арналарда тікелей көрсетулер ұйымдастырылды. Ал Алматыдағы «Астана» алаңында арнайы экран орнатылып, онда алматылықтар елордадағы шараны толықтай тамашалай алды.

Жалпы, әскери парад әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттік маңызды мерекелерде өткізіліп жүр. Мәселен, Ресейде – Жеңіс күнінде, Украинада – Тәуелсіздік күнінде. Ал Қазақстанда осыдан 4 жыл бұрын Ұлы жеңістің алпыс жылдығына орай ұйымдастырылған болатын. Бірақ соңғы екі жылдан бері Ата заң қабылданған 30 тамызда өткізіліп келеді. 2009 жылғы шеруде Қазақстанның құрлықтағы әскер өкілдері, әуе шабуылынан қорғаныс пен әскери-теңіз күштері, ІІМ, ҰҚК, ТЖМ бөлімшелері мен республикалық гвардия жасақтары қатыстырылған-ды. Биыл салтанатты шара әлдеқайда кең ауқымды қамтыды.

Конституцияның 15 жылдық мерекесіне орай Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің бұйрығымен 30 тамыз күні Астана мен Алматы қалаларында мерекелік отшашу болды. Сондай-ақ республика бойынша фестивальдар мен концерттер, спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Арай Рахым

Қуаныш Құдабаев, Жамбыл политехникалық колледжінің электромеханикалық пәндер оқытушысы: Кейде шәкірттерден үйренуге де тура келеді
– Қуаныш, жастар карьераны табыс әкелетін салада құруға тырысады. Өзіңнің жауапкершілігі зор оқытушы мамандығын таңдауыңа не себеп?

– Колледж қабырғасына келген уақыт ішінде біраз нәрсе үйрендім. Балалардың шығармашылық шабыты маған дем береді. Жігерлі де жалынды шәкірттерімді көргенде бұл жолды бекерге таңдамағанымды ұғына түсемін. Өндірістік орындарда, энергетикалық сала жүйесінде колледж түлектері жауапты қызметтер атқаруда. Болашақта биікті бағындыруың тек бизнеске байланысты емес. Халыққа пайдаң тиетін қызметтің бәрінде мықты карьера жасауға әбден болады.

– Сенің оқытушы ретіндегі негізгі арқалаған жүгің қандай?

– Шәкіртке сенімді бағыт сілтеу. Колледж түлектері 17 түрлі мамандық алып шығады. Оқу орнында практикаға зор мән беріледі. Колледжіміз өндіріс орындарымен, зауыт-фабрикалармен тығыз байланыста. Шығармашылықты дамытуға күш салынады. Шәкірттер өндіріске қажетті құрал-жабдықтарды өз қолдарымен жасауда. Мәселен, кәдімгі электр есептегіш. Оны пәтерлерге қолдануға болады. Электр қуатының тапшылығы қазіргі кезде әлемді алаңдатып отыр. Мына құрал энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді. Қарапайым газды лампаны қолданудың арқасында 80 ваттық қуатты ғана қажет етеді. Ал қосқанда кәдімгі 500 ваттық жарық береді. Бұрынғы қыздыру шамдары ультракүлгін сәулесін бөлетін. Мынау болса, зиянсыз. Пайдалану мерзімі ұзақ. Қосымша жабдықтың арқасында апатты жағдай туа қалса, өз-өзінен сөніп қалады. Бұл – болашақ электриктердің еңбегі. Ал автомобиль көлігінің оталдыру жүйесін осы салаға маманданатын студенттер жасады.

– Сірә, оқу орнының ерекшелігі шығармашылық ізденістерге кеңінен орын берілгені болуы керек…

– Шығармашылыққа болашақ маманның өз кәсібіне деген сүйіспеншілігі жетелейді. Ал ұстаздың міндеті – оқушының ғылыми ізденісін қолдау. Бастысы, талаптанған жасқа мүмкіндік туғызу. Қанаттандыру. Қалай болғанда да, өзінің қолмен жасаған бұйымы. Осылайша, шәкірттің болашақ мамандығына деген сүйіспеншілігі артпақ.

– Әлгіндей қондырғы алдағы уақытта өндіріске енгізілуі мүмкін бе?

– Мен айтқан лампалар Еуропада қолға алынып жатыр. Қыздыру шамын өндірістен алып тастап, люминесценттік лампаны қолдануда.

– Колледж студенттерінің еңбегін бағалау жағы қалай?

– Қаржылай сыйақылармен марапатталады. Конкурстар, сайыстар ұйымдастырылады. Бастысы – олардың ынтасын арттыру. Оқымай жүрген бір бала екінші балаға қарап қызығады. Өзіне «ол істеген нәрсені мен неге істей алмаймын?» деген сұрақ қояды.

– Маман дайындаудағы басты ұстанымың қандай?

– Бір топта, мәселен, 30 бала болса, соның ішінде 20-25-і өзінің мамандығын жетік біліп шығады. Нарықтың заңы қатал. Ертең жұмысқа барған кезде түлектен қарым-қабілет талап етілетіні сөзсіз. Біз осыны шәкірттерге ұғындыруға тырысамыз.

– Студенттердің әлгінде айтқан жаңашылдық ізденісі жұмыс берушінің ықыласын тудыруы мүмкін бе?

– Әрине. Түрлі ғылыми-техникалық көрмелерге жиі қатысамыз. Онда әрбір оқу орнының қол жеткізген жетістігі сарапқа салынады. Мысалы, мен оқытып жүрген шәкірт бір ғылыми ізденісімен көзге түссе, ол жұмыс берушіге жарнама. Көрмелерге шетелден мамандар көп келеді. Болашақ серіктестіктің іргетасы осындай көрмелерде қаланады.

– Олар өз тәжірибесін де ортаға салады. Оны өзімізге енгізу турасындағы ойың қалай?

– Жаңа қондырғыларды енгізуге болады. Олардағы оқу жүйесін, әдістемені зерттеудің артықтығы болмас. Дегенмен, сөзсіз солай боламыз деудің қисыны жоқ. Ол бізде қалыптасқан дәстүрге сай келуі керек.

– Түлектердің жұмыспен қамтылу деңгейі?

– Бізде барлық жергілікті өндіріс орны, мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік құрылым мекемелерімен арада келісімшарт жасалған. Оқушылар екі ай өндірісте оқытылады. Немістің дуалдық жүйесі бойынша былтырдан бері жартылай теориялық, жартылай практикалық оқу үдерісі енгізілді. Болашақ маманның теориялық білімін нақты іс жүзінде сынауға мүмкіндігі бар.

– Колледждердің ортақ проблемасы қандай?

– Оған көптеген фактор әсер етеді. Меніңше, баланың тағдырын айқындайтын жайт – оның әлеуметтік жағдайы. Ішіп-жейтін тамағы, жылы киімі, басында баспанасы болса, бала неге көшеге кетсін. Неге біреуді тонайды? Өз қатарымен оқып, білім алып, жұмыс істеп, спортпен айналысады ғой. Екінші мәселе – тәрбие. Баланы жасынан ұлттық мүддемізге сай тәрбиелеу керек. «Олай істеме, бұлай істеме» деп қолынан жөнсіз қағудың реті жоқ. Әке-шешенің міндеті – қолдау. Қоршаған орта да маңызды рөл атқармақ. Ол жақсы болса, адам жақсыға қарай ұмтылады.

– Мұның білікті маман дайындауға қандай қатысы бар?

– Білікті маман болу үшін жақсы адам болуы керек. Егер оның жауапкершілік қасиеті, тәрбиелік, адамшылығы жоғары болса, біліміне тәлімі сай болып тұрса, ондай маман өте қажет. Бізде көбіне білімді уақытқа сәйкестендіреді. Менің ойымша, егер түлек заман талабына сай білім алмаса, оны маман ретінде нарыққа ұсынуға міндетті емеспіз. Бұл – жауапкершіліктің жоқтығы. Сапасыз 30 бала бітіргенше, сапалы 5-6 бала бітіргені жақсы.

– Тәрбиелі де білімді маман қалыптастыру үшін не қажет?

– Техникалық мамандықтың бір жақсы жағы бар. Жастарды өршілдікке, патриоттық рухқа тәрбиелейді. Бұл мамандықты иеленген жастың жауапкершілігі зор болуы керек. Мәселен, қауіпті қондырғылармен жоғары кернеулік токта жұмыс істейсің. Оның сыртында тұтынушының қажетін өтеу тағы бар. Ауа райына қарамастан, көңіл күйіңе қарамастан, міндет жоғары біліктілікпен жүзеге асуы тиіс.

Әңгімелескен Гүлшат Әбжәлелқызы