Александр ВЫСОЦКИЙ,
«Барыс» хоккей клубының бас бапкері:
Тәуелсіздік алғалы қазақ спорты халықаралық ареналарда өз қарқынын көрсетіп жүр. Елордалық «Астана» велоклубы мемлекеттік туымызды Испания, Италия, Франция елдерінде желбіретіп жүрсе, енді міне астаналық «Барыс» хоккей клубы Ресей Федерациясының бастамасымен жалауын көтерген Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынауда.
жалғасы »
Мемлекет атом өнеркәсібінің маңызына терең мән беруде. Атомдағы әлеуетімізді бағалауға себеп жеткілікті. Негіз де бар. Экономикалық прогресс әсерінен 2030 жылдарға қарай энергия көзіне деген мұқтаждық 2005 жылмен салыстырғанда 40 пайызға өседі. Қазақстанның бұл саладағы әлеуеті жоғары. Уран өндіруден еліміз 1997-2007 жылдар аралығында 13-орыннан 3-орынға көтерілді. 2010 жылға қарай Қазақстан 15000 тонна өнім өндіріп, әлемде уран өндірісі жөнінен бірінші орынға шықпақ. Әлемде жаңғыртылмалы қуат ресурстарына деген сұраныс өсуіне орай атом энергетикасын өркендетуге оң әсер ететін бай факторлар қатары Қазақстанда да бұл саланы дамытуға деген көзқарастардың берік қалыптасуын құптайды. Үкіметтің сейсенбідегі отырысында еліміздегі атом энергетикасы саласын дамытуға қатысты Премьер-Министр бірқатар тапсырма берді.
жалғасы »
«1959 жылы мен ел басқаруға кіріскен кезде Сингапурдың жалпы ұлттық өнімі жан басына шаққанда 400 доллар ғана еді, 1990 жылы мен биліктен кеткен кезде ол 12 200 долларға, ал 1999 жылы 22 000 долларға жетті. Табыс елдегі үлкен саяси және экономикалық өзгерістермен қатар жүргізілді».
жалғасы »
Ардагерлердің қатары сиреп барады. Жыл өткен сайын. Әсіресе ерліктің айбарын, елдіктің айғағын танытқан кешегі сұрапыл соғыста қарсы келген жауға қайыспай қарсы тұрған батырлар толқыны. Жауынгер ағалар қатары.
жалғасы »
«…Әскерге де әлділер керек». Әлімсақтан келе жатқан әуей әңгіменің тоқетер тұсы да тап осы ойды төңіректегіш. Өйткені, тәуелсіздігіне ие болған ел түгілі, маңайына менменси қараған мықты мемлекеттердің де мық шегедей тірегі, құрыш қамал қорғаны - оның айбынды әскері. Расында, елдігіңнің еңселі, тәуелсіздігіңнің тұғырлы болмағы тікелей сол жандардың қолдарына сеніп тапсырылған. Бейбіт күннің баянды болуы да соларға байланысты. Қысқасы, алаңсыз өмірді армиясына аманаттаған елдердің алды-арты біз емеспіз…
жалғасы »