Өткенге салауат айтып, келешектің еншісінен тек жақсылық күтетін қазақ елі енді бір аптадан соң 2008 жылды тарих қойнауында қаттайды. Тышқан жылы жаһан жұртшылығы қаржы дағдарысы деп аталатын аждаһаның қаупін айқын сезінді. Бүгінде БАҚ атаулы қаржы дағдарысы хақындағы «қазанамалардан» көз ашпай, жағы талғанша жырлап жатқаны соның нышаны. Өзін әлемдік қауымдастықтың белді мүшесі санайтын Қазақстан да жалпының басына түскен қиындықтан қалтарыста қалған жоқ.
Бәрін айт та, бірін айт, жыл бойы жұмыр жерді жаңғырт-қан жаңалық атаулыға куә болған Қазақстан қазір ескі жылды есіктен шығарып салып, жаңа сиыр жылымен төс қағыстыруға қызу дайындық үстінде. Ал Зеңгі баба төлі қазақ елін қандай «тосын сыймен» таңғалдырмақ? жалғасы »
Есепке келгенде есе жіберіп көрмеген ағылшындар әрі-сәрі күйде. Себебі математика пәнінен қазақтың «вундеркиндтері» ағылшын балаларын басып озды. Бұған қарсы дау айтқан Англия, Австрия, Жаңа Зеландия басылымдары бүгінде «Борат елінің» бізден ілгері болуы мүмкін емес» деп жарыса жазуда. жалғасы »
Бүркітбай АЯҒАН, Тарих ғылымдарының докторы, профессор: Тарихты да математика сияқты өте дәл жазу керек
Бөлімi:
Тұлға&тұжырым |
Пікір жазылмаған » | Автор:
Редакция
25.12.2008
- Бүркіт Ғелманұлы, алдымен жаңадан құрылған «Мемлекет тарихы институты» нені зерттейтіні туралы айта кетсеңіз. Оның тұжырымдамасы қалай болмақ?
- Бұл институтты құру туралы идеяны алғаш Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан болатын және оның үлкен себебі бар. Өткенімізге қарасақ, таптық күрес, жау іздеу, біреуді дұшпан көріп, халықты бөлшектеу - бұл жалпы кеңес тарихнамасына қатысты жағдай. Оған, әрине, қазақ халқы кінәлі емес. Бірақ, осы күнге дейін біздің тарихшылар әлі де болса сол кеңестік идеологияның шеңберінен шыға алмай жүргені белгілі. Екіншіден, біз көне заман, халқымыздың рулық-тайпалық жүйесіне көп көңіл аударып кеткен сияқтымыз. Тіпті, керек болса, қазақ әлі жоңғарлармен соғысып жатқандай… жалғасы »
«Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді қазақ. Рас. Бала - бауыр етің, болашағың. Әйтсе де, осы «болашақтан» бас тартқандар қарасы көбейді. Әсіресе, «бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен» әйел-аналар арасында құрсағындағыдан тезірек құтылуға асыққандар жетерлік.
Қазақстанда жыл сайын 170 мың нәресте (!) жарық дүниеге келмей жатып, жасанды түсік жасату арқылы «қолдан өлтіріледі» екен. Неге? Себеп - жоспарланбаған жүктілік. Егер жағдай дәл осылай жалғаса берсе, бесіктен гөрі табытқа тапсырыс беруі көбейген батыстың кебін киюіміз әбден мүмкін. жалғасы »
Бақыт Сәрсекбаев.
Азия және Азия ойындарының, студенттер арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы Бақыт Сәрсекбаевтың Бейжің Олимпиадасы төрінде атой салған сәттері тарих еншісіне енгенімен, әлі талайлардың тамсана айтарына тамыздық болары хақ.
Қытайлық қандасымыз Қанат Исламның да егер қазақстандық болғанда біз анықтаған үздік ондыққа ілігер ме еді, бәлкім?! жалғасы »