Негізгі бет Таңдаулыға үстеу
Бөлімдер
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Барометр
  • Сайыпқыран
  • Әлеумет
  • Иман
  • Жиһанкез
  • Айбын
  • Аймақ
  • Инновация
  • Мәссаған
  • МҰРАҒАТ 2008-09
  • Қолтаңба
  • "Шпаргалка"
  • Ғибрат
  • Стиль
  • Күйтабақ
  • Армандастар
  • Аудитория
  • Темірқазық
  • Электронка
  • Зерде
  • Бизнес
  • NON-STOP!
  • Акция
  • Ракурс
  • Күлтөбе
  • Жиын
  • НОУ-ХАУ
  • Тағзым
  • Патриотизм
  • Жаңғырық
  • Премьера
  • Карьера
  • Мінбер
  • Ән-ғұмыр
  • Баспасөз
  • Елорда
  • Драйв
  • Шаңырақ
  • Кеңес
  • Эксклюзив
  • Кейіпкер
  • Параллель
  • Атажұрт
  • Ғылымхал
  • Қоңырау
  • Тұсаукесер
  • Ғаламшар
  • Ашық әңгіме
  • Ынтымақ
  • Тікелей тілдесу
  • Жаһан жастары
  • Алдыңғы толқын
  • Хобби
  • Замандас
  • Үндеу
  • Түнгі қала
  • Сұрақ-жауап
  • Сырласу
  • Шабыт
  • Ойсара
  • Ізбасар
  • Басты бет
  • Сөзіңіз аузыңызда…
  • Отаншылдық
  • Тағдыр
  • Атамұра
  • Ата Заң

  • Қаңтар 2009
    Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    «   »
     1234
    567891011
    12131415161718
    19202122232425
    262728293031  

    Газет меншік иесі:
    "Рауан баспа үйі" ЖШС
    Мекен-жайымыз:
    Астана қаласы,Сол жағалау
    Тәуелсіздік көшесі, 12/1,
    5-қабат, 515-бөлме
    Байланыс телефондары:
    49-69-17 (Бас директор)
    49-69-27 (Бас редактор)
    49-69-19 (Бас редактордың орынбасары)
    50-07-27 (тілшілер)
    факс: 50-07-28
    50-07-29 (бухгалтерия)
    E-mail: nur_astana-rauan@mail.ru

    Теңге «тайғанақтап» тұрған жоқ па?!


    Бөлімi: Жаңалықтар | Пікір жазылмаған » | Автор: Редакция
    22.01.2009
    Биылғы жылы теңгенің құнсыздану көрсеткіші 10 пайыздан аспайды. Ұлттық валютамыздың девальвацияға ұшырау процесі өте баяу қарқынмен жүретіндіктен, жұртшылыққа оның зардабы сезілмеуі тиіс. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов 2009 жылға осындай сәуегейлік жасап отыр.
    – Бүгінгі таңда мұнай мен өзге де экспортқа шығарылатын тауарлардың бағасы жиі құбылуда. Шикізаттың арзандауы Қазақстанның ғана емес, көршілес елдер валюталарына да кері әсер ететіндігі сөзсіз,– дейді Бақыт Сұлтанов.
    Министрдің мәлімдеуінше, 2009 жылғы республикалық бюджет 1 АҚШ долларына шаққанда 123,5 теңге бағамы бойынша есептелген. Ұлттық валютамыздың тұрақтылығына күмән келтіріп, «1 АҚШ доллары 130 теңгеден асып түседі деп дабыл қағуға әлі ертерек» деп санайды ол.  жалғасы »


    Жерімді тартып алу үшін жасалған жоба ма?


    Бөлімi: Құқық&қоғам | Пікір жазылмаған » | Автор: Редакция
    22.01.2009
    Құрметті редакция!
    Сексенге келіп, селкілдеген шағымда сіздерге шағымдануға тура келіп тұр. «Арқада күн жылы болса, арқар ауып несі бар» дейді ғой. Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданына қарасты Көкдөнен ауылы әкімдігінің істеп отырған заңсыз әрекеті болмаса газетке арыз жазып нем бар. Бірақ құқым мен мүддем аяқ асты етілген соң, еріксіз осылай істеуге тура келіп тұр.
    Мен 1942 жылдан 2003 жылға дейін Отаныма адал қызмет еттім. 11 бала тәрбиелеп, жеткіздім. Бұрын-соңды мұндай дау-дамайға қалмаған едім, сондықтан да бәрін басынан бастайын.
    Қазіргі мекен-жайым – Көкдөнен ауылы Қ.Сүлейменов атындағы көше, №63 үй. Бұл баспананы 1959-1966 жылдар аралығында өз қолыммен салдым. Ол кезде ауылдық кеңестің төрағасы Жармұхамет Әуелбаев деген азамат еді. Сол кісі екі шаруашылықтың арасында бос жатқан жерден колхоз жарғысына сәйкес жер берді. Бірақ екі жақ қатарға орналасқан үйлер қаптатып қаратал егіп тастаған екен, не ексем де көлеңке түсіріп шығармайтын болды. Бұл екі арада ауылдық кеңестің бұрынғы төрағасы зейнеткерлікке шығып, орнына Рапылбек Сұлтанов деген азамат келді. Жағдайымды айтып барып едім ол: «Ешнәрсе шықпаса, оны таста да үйіңнің жанындағы жерді тегістеп ал», деп рұқсат етті. Содан бастап, шұңқыр-шұңқыр, ойдым-ойдым жерді тегістеп, пайдаланып келемін. жалғасы »


    Құбылаңды ұмытпа, қарағым!


    Бөлімi: Иман | Пікір жазылмаған » | Автор: Редакция
    22.01.2009
    «Қазақ мұсылман дінін Қожа Ахмет Ясауи мен Абайдың миымен қабылдаған. Біз мұсылман дінін қабылдай салып, өзбектер сияқты сәждеге жығылған жоқпыз». Қазақ поэзиясының тегеурінді бір өкілі Серік Ақсұңқарұлының аузынан шыққан осы сөз ақиқатпен шендесетіндей. Алайда, қазіргі қазақ қоғамы үшін құбыласын жаңылмай табудың өзі қиямет-қайымға айналып тұр.
    Әуел бастан бабаларымыз хақ дінді ақ жүрекпен, соқыр фанатизмнен ада салқын санамен құп алған. Кеудесіне құран ұрмаса да, исламның бес парызын түгел өтемесе де, кәлимаға тілі келетін қазақ өзін Алланың құлы, Мұхаммедтің үмбеті санайды. Өкініштісі, «Бұлт болған айды ашқан, мұнар болған күнді ашқан, мұсылман мен кәпірдің арасын бұзып дінді ашқан» алаштың бүгінгі ұрпағы сан қилы секталардың жетегіне еруде. жалғасы »


    Қалғып кеткен қоғамды қор оятар…


    Бөлімi: Жаңалықтар | Пікір жазылмаған » | Автор: Редакция
    22.01.2009
    Кеше мемлекеттік тілдің мәртебесін үстем етуге құлшыныс танытқан сенатор Қуаныш Сұлтанов, қоғам қайраткері Амангелді Айталы және Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қорының директоры Берік Әбдіғалиев бұқаралық ақпарат құралдарына арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Жаңадан құрылған қор қазақ ұлтының және тілінің мерейін көтеру мақсатында бірнеше байқау жарияланғанын мәлім етті.
    Шыны керек, жыл сайын мемлекеттік тілді дамытуға Үкімет қоржынынан қыруар қаржы бөлінеді. Былтырғы жылдың өзінде 5 миллиард теңге жұмсалыпты. Әйтсе де, діттеген межеге әлі жете алмай келеміз. Тіл майданындағы түйткілдерді шешудің жолдары айтылғанмен, орыстілді аудиторияның саны азайған жоқ. Қазақ тілі әлі күнге қажеттілікке айнала алмай келеді. Бүгінгі техниканың тілі де, теледидардың үні де таза орыс тілінде. Осыдан кейін қазақ тіліне деген мұқтаждық қайдан болсын? Ал Елбасының бастамасымен өткен жылдың қыркүйек айында өмірге келген Мемлекеттік тілді дамыту қоры осы олқылықтың орнын толтырмақ. Яғни, қоғаммен жұмыс жасамақшы. жалғасы »


    «Қайрат» қазақтың байрағы емес пе еді?


    Бөлімi: Сайыпқыран | Пікір жазылмаған » | Автор: Редакция
    22.01.2009
    «Қайрат» үшін жүрегім ауырады. Команданы қалайша осынша бейшара күйге түсірдік?! Біз тарихымыз бен дәстүрімізге қалай болса, солай қараймыз. Бірнеше ондаған жыл бойы еліміздің брендіне айналған «Қайрат» бүгін ешкімге керексіз сияқты. Мұндай команданы жоғалтуға болмайды. Өзбекстан, мәселен, «Пахтакордың» құруына ешқашан жол бермейді. Бірдеңе істеу керек. Әйтпесе, масқара боламыз!»
    Қазақ футболының аты аңызға айналған марқасқасы, кезінде доп қуған қарадомалақтардың кумиріне айналған Тимур Сегізбаев осылай депті. жалғасы »


    « Алдыңғы пікір

    Билік&қаржы
    «Бұрғылау»-дың қарызы бастан асады

    ҚазТАГ тілшісінің хабарлауынша, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы «Бұрғылау» жекеменшік компаниясының басшылығына наразылық ретінде 20 наурызда аштық жариялаған 16 жұмысшының төртеуі ауруханаға жатқызылған. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігіне акцияға қатысушылардың бірі - Қарлыбай Бұтанбаев телефон арқылы хабарлаған.

    Мәдениет&әдебиет
    Үміт және тәтті мұң

    Анардың туындыларынан тәтті мұңның лебі есіп тұратын тәрізді. Кенеп бетіндегі бояулар бедерінен автордың ойын оқи алмайсыз, сюжеттік желі де таппайсыз. Оның орнын мұң мен үміт ұштасқан нәзік эмоция, көңіл күй толтырып тұр. Біз сурет өнеріндегі сапарын жаңа бастап келе жатқан қылқалам шебері Анар Әбжанованың шығармашылығы туралы әңгімелеп отырмыз.

    КреслоТАҚ
    Кресло - ТАҚ емес, кім келіп, кім кетпейді…

    Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Григорий Васильевич Пинчук облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
    Г.Пинчук «Қайнар» университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. 1992 жыл мен 2000 жылдар аралығында бизнес құрылымдарында жұмыс істеген. 2000-2002 жылдары Семей қаласы әкімінің орынбасары, 2002-2007 жылдары Бородулиха ауданының әкімі қызметін атқарған. 2007 жылдың наурыз айынан - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік [...]