Негізгі бет Таңдаулыға үстеу
Бөлімдер
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Барометр
  • Сайыпқыран
  • Әлеумет
  • Иман
  • Жиһанкез
  • Айбын
  • Аймақ
  • Инновация
  • Мәссаған
  • МҰРАҒАТ 2008-09
  • Қолтаңба
  • "Шпаргалка"
  • Ғибрат
  • Стиль
  • Күйтабақ
  • Армандастар
  • Аудитория
  • Темірқазық
  • Электронка
  • Зерде
  • Бизнес
  • NON-STOP!
  • Акция
  • Ракурс
  • Күлтөбе
  • Жиын
  • НОУ-ХАУ
  • Тағзым
  • Патриотизм
  • Жаңғырық
  • Премьера
  • Карьера
  • Мінбер
  • Ән-ғұмыр
  • Баспасөз
  • Елорда
  • Драйв
  • Шаңырақ
  • Кеңес
  • Эксклюзив
  • Кейіпкер
  • Параллель
  • Атажұрт
  • Ғылымхал
  • Қоңырау
  • Тұсаукесер
  • Ғаламшар
  • Ашық әңгіме
  • Ынтымақ
  • Тікелей тілдесу
  • Жаһан жастары
  • Алдыңғы толқын
  • Хобби
  • Замандас
  • Үндеу
  • Түнгі қала
  • Сұрақ-жауап
  • Сырласу
  • Шабыт
  • Ойсара
  • Ізбасар
  • Басты бет
  • Сөзіңіз аузыңызда…
  • Отаншылдық
  • Тағдыр
  • Атамұра
  • Ата Заң

  • Наурыз 2009
    Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    «   »
     1
    2345678
    9101112131415
    16171819202122
    23242526272829
    3031  

    Газет меншік иесі:
    "Рауан баспа үйі" ЖШС
    Мекен-жайымыз:
    Астана қаласы,Сол жағалау
    Тәуелсіздік көшесі, 12/1,
    5-қабат, 515-бөлме
    Байланыс телефондары:
    49-69-17 (Бас директор)
    49-69-27 (Бас редактор)
    49-69-19 (Бас редактордың орынбасары)
    50-07-27 (тілшілер)
    факс: 50-07-28
    50-07-29 (бухгалтерия)
    E-mail: nur_astana-rauan@mail.ru

    Алдын ала ауыздықтауға болмай ма?


    Бөлімi: Жаңалықтар | Пікір жазылмаған » | Автор: Редакция
    26.03.2009

    jemkorlikХалықтың несібесін аузынан жырып әкететін ұры-қарылар мен жемқорлар қай елде де экономиканың жегі құрты. Бүйірден тесіп сорады, іштен ірітіп тынады. «Майлы жіліктің басын» ұстаған үлкенді-кішілі шенеуніктердің көпшілігі қоғам мен мемлекеттен гөрі жеке басының пайдасына көбірек «жаны ауырады». Сан түрлі амал-айламен, жасырын жолдармен ортақ қазынаға құлаштап қол салады.
    Қаржыгер Ә.Еркеновтің деректері бойынша, елімізде 2009 жылға дейін бөлінген несиелердің небәрі 4-5 пайызы ғана өндірісті дамытуға жұмсалған. Қалған 96 пайызы әртүрлі алып-сату сияқты күмәнді операцияларға бағытталған. Осының өзінен-ақ Қазақстан экономикалық даму жолында қаншама көлеңкелі кедергілердің бары аңғарылады.
    жалғасы »


    Алтын адам араққа тұншығып тұр


    Бөлімi: Жаңалықтар | Пікір жазылмаған » | Автор: Редакция
    26.03.2009

    altyn-adamЕлордадағы «Еуразия» сауда үйінің сөресінде «Алтын адам» атты арақ сатылып жатқанын көрдік. Әсем құтының ішіне қондырылған Алтын адамның мүсіні шайтан суға мелдектеп тұр. Исі түркі халықтарына ортақ баһадүр бабамызбен «бөтелкелес» болудың құны - 2800 теңге. Көбірек алсаңыз, көтерме бағамен 2500 теңгеге арзанға береді. Қайсар оғыландарының есімін хараммен былғап, бейнесін араққа тұншықтыру қазаққа ғана тән күпірлік шығар. Байқасақ, Алтын адамды араққа тұншықтырған Алматы қаласындағы «Шалқар» ЖШС-ы екен. Саудасын жүргізіп, пайдаға белшесінен бату үшін өз халқының жауһар қазынасын жарнамаға пайдаланудан да тартынбапты. Шөлмектің жапсырма қағазына «Наша водка «Алтын адам», как и в древности, основана на качестве и традициях» деп жазылған. жалғасы »


    Мұнайсыз да өмір сүруге мүмкіндігіміз бар


    Бөлімi: Экономика&индустрия | Пікір жазылмаған » | Автор: Редакция
    26.03.2009

    mynaiЕліміздегі жалпы экспорттың 70 пайызын шикізат құраса, оның 60 пайыздан астамы мұнайдың еншісінде. Яғни, қоржынымыз «қара алтынды» сыртқа сатудан түскен қаражатпен толтырылып келеді. Бүкіл әлемде шикізат бағасының арзандауы Қазақстанның мұнай саласына да өз әсерін тигізді. Енді оның баррелі 40 доллар шамасынан да төмендесе, осы жылы өндіріледі деп жоспарланған 79 млн. тонна 76 млн. тоннаға қысқаруы мүмкін. Тышқан жылының соңында мұнай бағасының құлдырағанын ескерген шенеуніктер бюджетті қайта қарап, шығындарды қысқартып, етек-жеңдерін жинағандай болды. Экономикамыз мұнай құбырының үстінде «отырғандықтан» да солай жасауға мәжбүрміз.
    Ен байлықтан түскен табыстан халық «үріп ішіп, шайқап төгіп» жатпаса да, оның қазақстандықтардың әл-ауқаты мен тұрмысына әсері бары рас. Ал егер, мұнайымыз мүлдем болмаса қайтпекпіз? Қай саланы дамыту арқылы мұнай экспортына тәуелділіктен құтыла аламыз? Мұнайдың орнын алмастыратын балама энергия көзі бар ма? Бүгін біз бірқатар сарапшылар мен мамандардың пікірлерін ортаға сала отырып, Қазақстанның болашағын мұнайсыз елестетіп көріп едік. Сонымен…
    жалғасы »


    Ажал құштырған бизнес


    Бөлімi: Құқық&қоғам | Пікір жазылмаған » | Автор: Редакция
    26.03.2009

    olimАлдымен саңырауқұлақ тере барған бір кісінің шалғын арасында бет-аузы адам танығысыз күйде мәйітті тапқаны туралы жедел хабар келіп түскен. Оқиға орнына келген Астана қалалық ІІБ жеке тұлғаларға қарсы күрес бөлімінің уәкілдері «мылқау өлімге» кез болғандарын пайымдады. Мәйіттің қалтасынан жеке басын куәландыратын бірде-бір құжат табылмаған. Табылған мәйітке ұқсас адамға іздестіру де жарияланбаған еді.
    Өлім қасақана жасалғаны көрініп тұрды. Кездейсоқ өлім болса, мәйіттің мойнындағы қылдай сызықтың сыры қандай?

    жалғасы »


    Алла ВАЖЕНИНА, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері: Лондонда өнер көрсеткім келеді


    Бөлімi: Сайыпқыран | Пікір жазылмаған » | Автор: Редакция
    26.03.2009

    Бейжің Олимпиадасында Қазақстанның ауыр атлеттері бұрын-соңды болмаған толағай табысқа қол жеткізді. 1 алтын, 2 күміс, 1 қоланы еншілеген қазақ елі айды аспанға бір-ақ шығарған-ды. Солардың бірі - қоржынымызға күміс медаль салып берген экс-ресейлік Алла Важенинаны елорда шаһарында жолықтырып, аз-кем әңгімеге тартқан едік. жалғасы »


    « Алдыңғы пікір

    Билік&қаржы
    «Бұрғылау»-дың қарызы бастан асады

    ҚазТАГ тілшісінің хабарлауынша, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы «Бұрғылау» жекеменшік компаниясының басшылығына наразылық ретінде 20 наурызда аштық жариялаған 16 жұмысшының төртеуі ауруханаға жатқызылған. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігіне акцияға қатысушылардың бірі - Қарлыбай Бұтанбаев телефон арқылы хабарлаған.

    Мәдениет&әдебиет
    Үміт және тәтті мұң

    Анардың туындыларынан тәтті мұңның лебі есіп тұратын тәрізді. Кенеп бетіндегі бояулар бедерінен автордың ойын оқи алмайсыз, сюжеттік желі де таппайсыз. Оның орнын мұң мен үміт ұштасқан нәзік эмоция, көңіл күй толтырып тұр. Біз сурет өнеріндегі сапарын жаңа бастап келе жатқан қылқалам шебері Анар Әбжанованың шығармашылығы туралы әңгімелеп отырмыз.

    КреслоТАҚ
    Кресло - ТАҚ емес, кім келіп, кім кетпейді…

    Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Григорий Васильевич Пинчук облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
    Г.Пинчук «Қайнар» университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. 1992 жыл мен 2000 жылдар аралығында бизнес құрылымдарында жұмыс істеген. 2000-2002 жылдары Семей қаласы әкімінің орынбасары, 2002-2007 жылдары Бородулиха ауданының әкімі қызметін атқарған. 2007 жылдың наурыз айынан - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік [...]