Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: «Ұлт боламыз, ел боламыз десек, жастар еңбекқор болуы керек»
Бөлімi:
Жиын |
Пікір жазылмаған » | Автор:
Редакция
21.05.2009
Партияға да, жастарға да жауапкершілік жүктелді
Дағдарыс кезеңінде кезектен тыс өткізілген съезден анау айтқандай келешек елдің экономикалық-саяси өміріне дүмпу боларлық ұранды күту әбестік болар, бәлкім. Алқалы жиынның негізгі мән-мағынасы мынада: халық мінген Қазақстан атты алып кеме тұйыққа тірелген уақытта билік партиясының тоқыраған тілектерге серпін беріп, алдағы кезеңге аршынды қадам басуға үндеуі аудай қажет-тін. Сондықтан көшбасшысы ел Президенті болып табылатын «Нұр Отан» мамыражай кезеңді күтпей, едел-жедел жиын өткізіп, биліктегі әкім-қараның иығына жауапкершіліктің шекпенін кигізіп, аттандырды. Съездің басты ерекшелігі - шенеуніктер мойынындағы жүкті салмақтандыра түсу арқылы, қарапайым жұртпен бірге аштықты да, тоқтықты да бірге көру тиістігін биік мінберден тағы бір мәрте қадап айту. жалғасы »
Еліміздің жоғары білім беру саласын Еуропа мен Американың деңгейіне жеткіземіз деп Болония хаттамасына қол қойып жібергенімізге он жылдан астам уақыт болды. Бұл хаттаманы мақұлдау – былайша айтқанда, білім жүйесін батыстандыру деген сөз. Жаңа білім кеңістігіне енудің алғышарты ретінде 2002 жылдан бастап біз де кредиттік технологияны енгіздік. Осы аралықта жаңа жүйенің игілігін қаншалықты сезіндік? Оның артық тұстарын әлем мойындағаны рас. Бірақ кемшіліктеріне көзжұмбайлық танытып жүрген жоқпыз ба? Қысқасы, білім берудің кредиттік технологиясына көңіл тола ма? Біздікі жаңа жүйені жатырқағандық емес, тек оны қалай қабылдап жүрміз деген мәселе төңірегінде ой бөлісу. жалғасы »
Астана аспанын әсем ән мен сырлы сазға бөлеген «Жас қанат» өз мәресіне жетті. Биыл 18-ші рет шымылдығын ашқан байқауға еліміздің 9 қаласынан 13 үміткер қатысып, Конгресс-холл сахнасында 3 күн бойы өз өнерлерін паш етті. жалғасы »
Статистиканың сүреңсіз көрсеткіштеріне көпшілігі илана бермейді. Әсіресе, әлеуметтік ахуалдың деңгейі нақты көрсетілмейді. Жақсысын асырып, жаманын жасырып көрсетуге бейім санақшылардың биыл бүкіл мемлекетіміздің жауапкершілігін иығына артқаны мәлім. Қазақстандықтарды жіпке тізген санақтың қым-қуыт жұмысы әлі де жалғасуда. Дегенмен, халықтың нақты санын анықтап, басты міндеттің нүктесін қойған статистиканың сан қилы қызметі мен сиясы кеппеген санақ жұмысы «Темірқазық» пікірсайыс клубының отырысында талқыға түсті.
Алқалы жиынға арнайы шақырылған Статистика агенттігі әлеуметтік-демографиялық статистика департаментінің директоры Әсия Қасенова ханым қазақстандықтардың бүгінгі статистикалық келбетін көрсетуге тырысты. жалғасы »
Өткен аптада Талдықорғанда ауыр атлетикадан Азия біріншілігі болып өтті. 20-дан астам елдің ұл-қыздары қатысқан айтулы жарыста қазақстандық спортшылар 4 алтын, 3 қола медальға қол жеткізді. жалғасы »