Он үш деген санға сенбесе де, ырым үшін кейбіреулер одан өзінше сақтанып жатады. Ал көпшілікке бұл қарапайым сан ғана. Десе де шілде айының 13-і болатын. Өскемен қаласындағы Мызы көшесі бойындағы бес қабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтердің терезесінен қою қара түтін шығып жатты. Дәл осы сәтте үйдің жанынан ішкі әскердің 3477 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызмет ететін старшина Дидар Базарбаев пен «Отау Капитал» күзет фирмасының күзетшісі Манат Дауытбеков өтіп бара жатқан болатын. жалғасы »
– Си, өзің қайда оқисың?
– Кореядағы Ханкук Орталық Азия ғылыми зерттеу институтының магистратурасында оқимын.
– Қазақ тілін қайдан үйреніп жүрсің?
– 2006 жылы Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дайындық курсында бір жыл дәріс алдым. Қазақ тілін сол кезде үйрендім. ҚазҰУ-дың дайындық курсында оқып жүргенімде маған қазақ достарым Жұлдыз деп ат қойды. Сол достарымның арқасында қазақ тілін тез үйреніп кеттім.
жалғасы »
Біздің бүгінгі айтпағымыз «айта-айта Жамал апайдың да жағы талған» ән сапасы турасында. Бірақ «заманауи» әннің сапасына соқтығу ойымызда жоқ. Тек… Әрі қарай тыңдай беріңіз. Қазақта «Әп-әдемі ән еді, пұшық шіркін қор қылды» дейтін сөз бар. Дәл осы мәтел әні де, сөзі де келісті ретро әндердің бүгінгі орындаушыларына қатысты айтылғандай. Барлығына емес, әрине. Мәтінін, әуенін бұзып орындаушыларға ғана. жалғасы »
Ислам Жеменей, шығыстанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті: Ұлттық мүдде жоғалған жерде тонау оңай болады
Бөлімi:
Ғылымхал |
Пікір жазылмаған » | Автор:
Редакция
30.07.2009
– Төл тарихымызға қатысты тың дерек-мағлұматтың ізін Шын-Машын мен Қытай, Үндістаннан табамыз деп жүрсіз…
–Қазақтың түркілік дәуірінен сыр шертетін қолжазбаны түпнұсқадан оқу арқылы тарихты зерттеуде кенже қалып отырмыз. Ресейдің шығыстанушы ғалымдары бізге қарағанда көш ілгері. Олардың дерек жинаудағы ұқыптылығы таңғалдырады. Ертеде саудагеріне дейін әрбір кітаптың құнын білген ғой. Саудалап, бұлдап, қадір-қасиетін біліп, ұстап жүрген. Кітаптың қадір-қасиетіне жету – отырықшылық мәдениетке ерте бейімделудің арқасы. Көшпенді өмірдің де жақсы жағы бар. ХVII-XVIII ғасырларда әбден орнығып, қалалық мәдениетті бойымызға сіңіруіміз қажет еді, сол кезде көптеген деректер қолымызда болды. Соларды ұстап қалар едік. жалғасы »
Жас суретші Мақсат Сәрсенбаевтың көрмесі осылай аталады. Ұзын саны отызға тарта туындысын көпшілік назарына ұсынған қылқалам шеберінің бұл тырнақалды туындылары. жалғасы »