Бірінші орынға – 200 мың, екінші орынға – 150 мың, үшінші орынға – 100 мың. Жемқорлықты айыптайтын ең үздік плакат иесіне бұйырар сыйлық – осы. «Нұр Отан» партиясы жариялаған ашық байқаудың қорытындысы бойынша үздік шыққандарды әділқазылар алқасы марапаттады. Әділқазылар алқасының құрамында БАҚ басшылары, Парламент депутаттары, ҮЕҰ өкілдері бар. Алқаға «Нұр Отан» ХДП жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық күрестің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов төрағалық жасады.
жалғасы »
Уақыт өткен сайын Шәмші әуендері сезімімізді әлдилейтін сиқырлы құбылысқа айналып, сазгер тұлғасы сонысымен биіктей түсуде. Әр қазақтың жүрегіне жол тапқан жылы да әуезді таныс әндердің шығу тарихы әр алуан. Әр әнде Шәмшінің болмысы, толғанысы, жан дүниесінің тебіренісі бар.
жалғасы »
– Ғаділбек, алдымен өзіңді оқырман қауымға толығырақ таныстыра отырсаң?..
– Әр адамның Құдайдың нәсіп еткен өз өнері болады. Өнер деген ұғым тек әншілік, немесе әртістікпен шектелмейтін өте кең ұғым ғой. Мәселен, журналистика да үлкен өнер. Оны кез келген адам игере алмауы да мүмкін. Сол сияқты ән айту да екінің біріне қона бермейтін үлкен бақ деп есептеймін. Мен ес білгенімнен өнерге жақын болдым. Кішкентай кезімде ән тыңдап, домбыра тартуды үйреніп, өнерге барынша ғашық болдым. Балабақшаға барып жүргенімде-ақ ән салғаным есімде. Ең алғаш рет Бәкір Тәжібаевтың «Туған жер» деген әнін домбыраның сүйемелдеуімен кішігірім сахнада орындағанмын. Балалық шақтан бері осы өнерге деген құштарлығым бірде-бір рет кеміген емес. Қайта уақыт өткен сайын осы әнге деген махаббатым артып келеді (күліп). Орайы келгенде айта кетейін, Көмек Ыбыраев есімді өнердегі ұстазымның маған істеген жақсылығын көп көрдім. Ол кісіге деген алғысым шексіз.
жалғасы »
Астана іргесінде жатқан Шортанды ауданында 30 мыңға жуық халық тұрса, соның үштен бірі ғана жергілікті қазақтар. Қара жердің құйқасын қопарған тың игеру науқаны тұсында топырлап келген ұлыстардың ең көп қоныстанған жері де осы аймақ. Абырой болғанда, осы отыз пайыздық үлестің өзін соңғы Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Түркия, Ресей елдерінен атамекеніне оралған қандастар толтырып отыр. Әйтпесе, осыдан он бес жыл бұрын қазақтардың саны 4 пайыздан аспайтын. Қасиетті Құрбан айт мейрамының қарсаңында қазағы көбейіп, Мұхаммед үмбеттерінің үлес салмағы артқан ауданда күмбезі көкке шаншылған көрікті мешіт ашылды. Ұлық мерекеге орайлас ұлан-ғайыр қуанышқа бөленген халық мәз-мейрам.
жалғасы »
Ауыр атлетиканың «төресі» атанған Анатолий Храпатый-дың жеңістері ел есінен шыға қойған жоқ. Бүгінде Анатолийдің ізін басқан Илья Ильин, Владимир Седов, Бақыт Ахметов, Татьяна Хромова, Светлана Подобедова, Алла Важенина, Мария Гробовецкая, Мая Менеза сынды спортшылар халықаралық аренада жалауымызды көкке көтеріп келеді. Енді міне, солардың қатарын тағы бір қаршадай қыз толықтырды. Ол – Зүлфия Чиншанло.
жалғасы »