Тимур БЕКМАМБЕТОВ, режиссер: Қазақ киносына қарапайымдылық жетіспейді
Бөлімi:
Қолтаңба |
Пікір жазылмаған » | Автор:
Редакция
31.12.2009
– Жақында ұлты қазақ ресейлік режиссердің жаңа фильм түсіруді аяқтағанынан көпшілік қауым хабардар. Жаңа туындыңыз не туралы?
– Ол «Черная молния» деп аталады. Қазақстандықтар фильмді басқалардан бұрын қызықтай алады. Мен қазақстандық көрерменнің маған деген ықыласына орай, маған артқан сенімін ақтап, жаңажылдық сыйлық жасадым деп ойлаймын.
– Фильм не туралы?
– Оны жаңажылдық ертегі деу орынды болар. Жаңа жылда жұрт естігісі келетін ертегі. Өйткені адамдар Жаңа жылмен бірге келетін кереметті асыға күтеді.
– Фильмде Сіз айтқыңыз келетін басты идея қандай?
– Қарап отырсаңыз, соңғы уақытта біз ұқсағымыз келетін жағымды кино қаһарманын емге таппайтын болдық. «Черная молнияда» «Дневной дозор», «Ночной дозор» фильміндегі қызықты, сиқырлы кеңістіктің жалғасы бар. Мәскеуде, дәл жанымызда кереметтер жүзеге асады. Жақсылық пен зұлымдық екі әлемге бөлініп, белдеседі. Және ол әлем ашық, айқын, жарқыраған түрде берілген. Басты қаһармандар тылсым құдіретке ие бола отырып, өз таңдауын жасауы тиіс: жақсылықтың, не зұлымдықтың жағында қалуы керек. Біз үшін, біздің буынымыз үшін, біз өскен, біз жақсы көрген, біз жан-тәнімізбен сүйген елде сондай бір аяулы ұстанымдар болатын-ды. Біз соны басшылыққа алдық. Ол қарапайым ғана – өзің үшін емес, басқалар үшін өмір сүру. Сен сонымен қуаттысың, ол саған бақыт әкеледі деген ойды айту және осы ой бәрінен де дұрыс.
жалғасы »
Альсидес Сагарра: Үш дүркін Олимпиада чемпионы жиырма жылда бір-ақ рет туады
Бөлімi:
Сайыпқыран |
Пікір жазылмаған » | Автор:
Редакция
31.12.2009
Аты аңызға айналған бапкер Альсидес Сагарра бізді Астанадағы Гавана боксшылары түскен қонақүйдің кіреберіс дәлізінде қарсы алды. «Куба боксының атасы» атанған адамның журналистерді күттіріп қоймай, алдымыздан өзі шыққанын кішіпейілдікке баладық. Жалпы, сеньор Сагарраның кескін-келбеті мен киім-киісінен, жүріс-тұрысынан, әлемдік әуесқой бокстағы ең абыройлы адамдардың бірі деп ойлау қиын. Үстінде көнетоздау көрінетін сұрғылт жейде, мойнында алқам-салқам байлай салған шымқай қара галстук, қыры кете бастаған қарапайым шалбар, тіпті иығына пиджагын да ілмеген қалпы. Сөйте тұра, бұл кісіні Дүниежүзілік әуесқой бокс федерациясындағы кез келген мықтыңыз құрақ ұшып қарсы алады. Бокс өнерінің тарихындағы ең беделді, ең табысты жаттықтырушы, Теофило Стивенсон, Феликс Савон сынды саңлақтардың ұстазы испан тілін айтпағанда, ағылшынша мүдірмей сөйлейтіні, тіпті орысша жақсы түсініп, жауап бере алатыны туралы хабардар едік. Алайда, ол өзінің қалыптасқан қағидасы бойынша, журналистермен тек ана тілінде сөйлесетіндіктен, сұхбат барысында тәржімашы қыздың көмегіне жүгінуімізге тура келді.
жалғасы »
Жыл басы ретінде Наурыз мейрамын әспеттеуге әлектенсек те, Еуразияның кіндігіне жайғасқан еліміз Жаңа жылды тойлауын тоқтата алар емес. Күнтізбедегі сандар өзгеріп жатқан соң кеңес өкіметі кезінен «жұқтырып» алған әдетімізге басып, оны тойламай тағы тұра алмаймыз. Әсіресе, алып-ұшып тұрған жастар жағы бұл мейрамды айрықша атап өтуге тырысады. Ал Жаңа жылды қарсы алу жастардың, оның ішінде студенттер қауымының қалтасына қаншалықты ауырлық түсіреді?
жалғасы »
Маңғыстау облысындағы Шевченко фортының Әскери теңіз күштерінде қазіргі таңда төрт кіші кеме қызмет етіп келеді. Солардың арасындағы ең үздігі – «Шапшаң» кемесі. Оның бортында 5 адамнан құралған жедел құтқару тобы мен «Орлигон» мен «Боффорс» артиллериялық ату қондырғылары орнатылған. Кемеде 4 адамнан құралған атқыштар дивизиясы да бар. Ыңғайы келгенде сол ұжымды басқарып отырған кеме командирі Артур Тудаковты әңгімеге тартқан едік.
жалғасы »
Бүгінде «Әншілер кітап, газет-журнал оқымайды» деген пікір бар. Алайда, әншілер қауымы өздерін «сауатсыздардың» санатына қосқандармен келіспейді. Жыл бойы жылт еткен жаңалықтарын «Нұр Астана» арқылы оқырманға жеткізіп келген «Күйтабақтың» кейіпкерлері де сондай ойда.
жалғасы »