Кеше елордада журналистер қауымының кәсіби мерекесіне орай шағын футболдан республикалық жарыс өтті. Белгілі публицист, журналист Рамазан Ахметовтің жүлдесін сарапқа салған теңбіл доп додасында республикалық және қалалық газеттердің, телеарналар мен радиоарналардың ұжымдары шеберлік байқасты. Аталмыш спорт бәсекесін ұйымдастыруға Қазақстан Журналистер одағы Астана қалалық филиалы мұрындық болғанын айта кету керек.
жалғасы »
ҚР Білім және ғылым министрлігінің назарына!
Неге? Тәуелсіз еліміздің азаматтық авиациясында кадр даярлау ісі, стратегиялық маңызы бар мәселе қалайша қолдан сусып кеткен? Жоқ, әлде істің күрмеуін әдейілеп осылай шиеленістіру біреулердің мүддесіне сай келе ме? Жұртшылықтың есінде болар, «Нұр Астана» апталығының биылғы жылғы 27 мамырдағы №20 санында ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Рәділбек Әдимолда мырза елімізде білікті ұшқыштар жетіспейтіні жөнінде сұхбат берген. Сонда елімізде ұшқыштар даярлау жағы мүлде сын көтермейтін жағдайда екеніне көзіміз жеткен.
жалғасы »
Мәриям ӘБСАТТАР, «Алаш айнасы» газетінің тілшісі:
– Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан: «Заман бұзылды деген адамның өзі бұзылған». Мұндағы айтпағым, жастардың бәрі бірдей кітап оқымайды деуден аулақпын, егер олай десем, демек өзім де оқымайтын болып шығар едім. Әрине, жастар кітап оқиды, бірақ нақты есептік көрсеткішке келгенде, олардың қатары өте аз. Мәселен, менің араласатын достарымның ішінде М.Мағауинді, Т.Ахметжанды, Т.Жұртбайды іздеп, бірінен-бірі сұрап оқитындар бар. Және де бір қызығы, көбі жігіттер. Өзім де сол достарым оқитын кітаптарды іздеп, сұрап оқимын. Себебі, біз оқыған кітаптарымыз жайлы кездескенде пікір алмасып, сол арқылы бір-біріміздің өремізді байқаймыз. Рухани өсеміз, сырымызды ақтарамыз… Келесі бір жастар бар, олар тек қана діни-танымдық кітаптар оқиды. Олардың талғамындағы кітаптар - әуелі қасиетті Құран, Пайғамбарымыздың хадистері, сондай-ақ Фетхуллаһ Гүленнің, Харун Яхияның еңбектері. Ал кейбір жастар осы заманның сұранысындағы Харуки Муракамидың, Пауло Коэльоның кітаптарын оқиды. Әлбетте, мүлдем оқымайтындар да кездеседі. Бірақ мен ондай жандарды өмірді түсінетіндердің қатарынан деп есептемеймін. Өйткені, кітап жай нәрсе емес, ол – өмір сүрудің құралы, сондай-ақ адамдардың нәзік сыры мен терең толғанысын түсіндіретін киелі дүние.
жалғасы »
Этникалық стиль. Қазақы қолтаңба. Сонау көне дәуір тасасында қалған тастағы таңбалар мен ұлттық ою-өрнектер бүгінгі заманның қолөнер туындыларынан көрініс тапқан. Құдды, Сарыарқаның байтақ даласына көшпенділер өркениеті қайта ауысып келгендей…
жалғасы »
– Артур, әрбір боксшының кумирі болады, сенің кумирің?
– Мен белгілі боксшы әрі жаттықтырушым Галиб Жафаровты үлгі тұтамын. Сол ағамның бағындырған асуларына жетіп, Олимпиадада қазақтың туын көкке көтерсем деймін.
– Қарсыластарыңды нокаутпен жеңген сәттерің болды ма?
жалғасы »